Фармакология негіздері


Диареяда қолданылатын өсімдіктер



бет66/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80
Диареяда қолданылатын өсімдіктер: Қаражидек/ Черника- Vaccinium myrtillus, Мойыл/ Черемуха- Padus racemosa, Емен/ Дуб- Qercus pedunculata, Сұр қандыағаш/ Ольха- Alnus incana, Қандыағаш/ Кровохлебка- Sanguisorba officinalis, анар қабығы қайнатпасы, күріш тұнбасы.
Ішек микрофлорасына әсер ететін дәрілер.
Ағзадағы қалыпты микрофлораның 77%-ы асқазан ішек жолдарында, ал қалғаны басқа мүшелерде болады. Қалыпты микрофлора патогенді бактериялардан сақтап, улы заттардың 50%-ын тазалайды. Фермент бөлу қызметіне, ас қорыту, сіңіру қызметіне қатысады. Ащы ішекте сіңбеген ақуыздар мен көмірсулар тоқ ішекте қалыпты микрофлора анаэробтарымен ыдырайды. Қалыпты микрофлора иммунитетті көтереді, мутагенді, канцерогенді заттардың әсерін жояды.
Қалыпты микрофлораның 90%-ы анаэробтар. Олардың 80% бифидобактериялар, қалған 10% лактобактериялар.
Дисбоктериоз дегеніміз жеке ауру емес. Ол әртүрлі жағдайларда, аурудан болатын синдром болып есептеледі.
Пробиотиктер - денсаулыққа пайдасы бар микроорганизмдер. Ішек микрофлорасын қалпына келтіруге бифидо-, энтеро-, лакто-бактериялардан тұратын тірі немесе өлі бактериялар қоспалары қолданылады.
Пробиотик дәрілер: Бифидумбактерин, Лактобактерин, Колибактерин, Энтерол, Линекс, Хилак- форте, Энтерожермина.
Патогенді микрофлораның өсуін тежейтін дәрілер: Бактисубтил, Лактулоза (Дюфалак).


Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер.
Қан бөлігі: сұйық плазма және түрлі элементтер: эритроцит (қызыл), лейкоцит (ақ), тромбоциттерден тұрады.
Қанның негізгі қызметі:

  1. Тасымалдау - тіршілікке қажетті заттарды тіндерге жеткізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады.

  2. Тыныс алу – оттегін өкпеден тіндерге, жасушалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді.

  3. Қоректендіру (трофикалық) - асқазан ішек жолдарынан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен минералдарды тіндерге жеткізеді.

  4. Қорғаныш - тіндерге енген микробтарды, улы заттарды бейтараптайды (нейтрализация).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет