Фармакология негіздері


Минералокортикоид (альдостерон



бет74/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80
Минералокортикоид (альдостерон) гормон натрий және калий иондарының алмасуына әсер етеді. Натрий иондарын қайта сіңіріп, калий иондарын шығарады. Минералокортикоид гормондар көп болғанда ағзада Na және су жиналады. Ісік болып, артериялық қан қысымы жоғарылайды, К+ азаяды. К+ азаюынан бұлшық еттің жұмысы әлсіреп, миастения дамиды.
Минералокортикостероидтар жетіспегенде Na+ мен су көп шығып ағза сусыздануынан (обезвоживание) Аддисон ауруы дамиды. Бұл бүйрекүсті бездері зақымданғанда болады.
Адреналин бүйректің милы қабатында түзіледі.


Қабынуда қолданылатын дәрілер
Қабыну эндогенді және экзогенді факторлардың әсерінен ағзаның зақымдалуы.
Қабыну реакцияларының кезеңдері: альтерация, экссудация, пролиферация. Бұл кезеңдер биохимиялық реакциялардың өзгеруінен медиаторлардың бөлінуімен (простагландин, брадикинин, серотонин, гистамин және т.б) байланысты.
Қабыну медиаторларының ішінде простогландиндердің күшті зақымдағыш қасиеттері бар. Олардың биосинтезінде фосфолипаза А2 және циклооксигеназа ферменттері қатысады. Қабыну процесінде осы ферменттердің белсенділігі артып ұлпаны зақымдайтын простогландиндердің түзілуі күшейеді, олар альтерация және экссудацияның дамуына алып келеді. Қабыну медиаторларының бірі брадикинин қан тамырларды кеңейтеді. Қан тамырлардың өткізгіштігін жақсартып лейкоциттердің құрамын жоғарылатады және қабыну ошағындағы дене қызуын көтереді. Қабыну ошағындағы ауырсынудың пайда болуы, ұлпаның ісінуі мен жүйке талшықтары ұштарының сығылуына (езілуіне) алып келеді. Осыған байланысты жергілікті қабыну белгілері гипиремия, капилляр өткізгіштігінің жоғарлауы, лейкоциттердің иммиграциясы және ауырсынулар пайда болады.
Қабынуға қарсы дәрілер 2 топқа бөлінеді: стероидты емес ҚҚД және стероидты ҚҚД.
Стероиды емес қабынуға қарсы дәрілер (СЕҚҚД) .
СЕКҚД ыстықты түсіретін ауырсынуды басатын әсері бар анальгетиктер тобына жататын препараттар: ацетилсалицил қышқылы, диклофенак натрий тұзы, анальгин, индометацин, бутадион, ибупрофен, ксефокам.
Әсері: Циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) қалыпты жағдайда өндіріліп, простоноидтардың, простагландиндердің түзілуін реттейді. Қабыну кезінде ЦОГ-2-нің өндірілуі күшеюінен, простагландиндер мен простоноидтар көбейіп қабыну өршиді. ЦОГ-2 тежелуімен простоноидтардың синтезі азайып, қабыну азаяды (қызару, ісіну, ауырсыну, т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет