Фармакология негіздері


Ацидоз- қан құрамында қышқылдардың көбеюі. Алкалоз



бет71/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80
Ацидоз- қан құрамында қышқылдардың көбеюі.
Алкалоз – қан құрамында сілтілердің көбеюі.
Ацидозда қолданылады: Натрий гидрокарбонат ерітіндісі 4%, Ацесоль, Дисоль, Хлосоль,Трисоль, Рингер сұйықтары. Трисамин сілтілі- буферлі ерітінді
Алкалозда қолданылады: Калий хлорид 4% ерітінді, Аскорбин қышқылы 5% ерітінді.

  1. Парентеральды тамақтандыруға қолданылатын сұйықтар:

Инфезол, Аминоплазмаль, Стабизол, Казеин, Рефортан, Липофундин, Желатиноль. Бұл дәрілердің құрамында амин қышқылдары бар.
Қолданылады: асқазанға, ішекке, кеңірдекке операция жасағанда, травмадан кейін, күйгенде, тағы басқа тамақтана алмайтын жағдайларда. Күш-қуат беру үшін Глюкоза инсулинмен көк тамырға тамшылатып қолданылады.
Дәруменді препараттар
Дәрумендер (витаминдер) зат алмасу процесіне қажетті ағзаға тағаммен түсетін заттар. Витаминдер метаболизм реттеуіне қатысу арқылы биохимиялық және физиологиялық процестердің қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Витаминдерді ағзада әр түрлі витамин жетіспеушілігінде биохимиялық процестердің қалыпты жүруін реттеу үшін физикалық және психикалық жұмыс қабілетін жақсарту үшін пайдаланады.
Дәрумендердің топтары: а) суда еритін дәрумендер;
б) майда еритін дәрумендер;
Суда еритін дәрумендер:
1.Тиамин бромиді - Витамин В1. Көмірсу алмасуын қадағалайды. Авитаминозда Бери–бери ауыруына ұшырайды (жүйке бағандарының зақымдануы). Радикулитте, невритте, шеткері тамырлардың тарылуыда, асқазан ойық жарасында қолданады.
2.Рибофлавин – Витамин В2. Көздің жұмысына қажет. Жетіспегенде ерін жарылады.
3.Никотин қышқылы – Витамин В3 – Авитаминозда Пеллаграмен ауырады (асқазан жұмысы бұзылуы, дерматит, ауыз қуысының қабынуы, психикалық ауытқулар байқалады). Асқазан ойық жарасында, шеткері тамырлардың тарылуында, атеросклерозда, тері және сілемей қабаттардың жараларында қолданылады. Спазмолитикалық әсері бар.
4. Пиридоксин гидрохлорид – Витамин В6. Амин қышқылының түзілуіне, май алмасуына қатысатын ферменттердің құрамына кіреді.
Токсикозда, радикулитте, асқазан ойық жарасында, тері ауруларында және құсыққа қарсы тағайындалады.
5.Фолий қышқылы – Витамин Вс – эритроциттердің жетілуіне қатысады. Жетіспегенде макроцитарлы анемия болады.
6.Цианокобаламин – Витамин В12 – эритроциттердің жетілуіне қатысады. Жетіспегенде Перницитозды анемия болады. Орталық жүйке жүйесі және бауыр ауруларында қолданылады.
7.Кальций пангаматы – Витамин В15 – май алмасуын жақсартады. Атеросклерозда, бауыр, тері ауруларында қолданады.
8.Аскорбин қышқылы – Витамин С. Қанның ұюын жақсартады, капилляр өткізгіштігін жақсартады. Ұлпалардың қалпына келуіне, бүйрекүсті безі гормондарының түзілуіне әсер береді. Авитаминозда Цинга (Бүкіршік, құрқұлақ) ауруы болады.
9.Витамин Рпрепараты Рутин. Капиллярлардың өткізгіштігін, зақымдануын төмендетеді. Аллергияда, ревмотизмде, сәуле ауруында, уланғанда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет