Фармакология негіздері



бет58/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80
Құстыратын дәрілер
Әсер ету механизміне қарай тікелей және шеткері әсерлі дәрілері бар.
Құстыратын тікелей әсер ететін дәрілер құсу орталығын қоздырады: апоморфин, морфин, оймақгүл препараттары, обырға қарсы дәрілер.
Құстыратын рефлекторлы әсер ететін дәрілер асқазанның кілегей қабығын тітіркендіреді: мырыш сульфаты (ZnSO4), мыс сульфаты (CuSO4), арамтұмсық (термопсис), ипекакуана (рвотный корень) препараттары. Асқазандағы жүйке ұштары қозып, импульстер құсу ортлығына жетіп, құсу рефлексі болады. Құстыратын дәрілер аз мөлшерде қабылдағанда бронх секрециясына әсер етіп, қақырық бөлінуін жеңілдетеді. Құстыратын дәрілер уланғанда қолданылады.
3.Асқазанның секрециясына әсер ететін дәрілер
Ас қорытуда асқазан сөлі мен ұйқы безі сөлінің маңызы зор. Асқазанға түскен ас, асқазан сөліндегі тұз қышқылымен зиянды заттардан тазарып, асқазан бұлшық еттерінің жиырылуымен араласып, әрі қарай ішекке өтеді. Асқазан бездерінің құрамы мен сипаты әртүрлі. Асқазанның негізгі жасушаларынан пепсиноген, париетальды жасушаларынан HCl, қосымша жасушаларынан муцин бөлінеді. Тәулігіне шамамен 2-2,5 л асқазан сөлі бөлінеді.
Аш қарындағы тұз қышқылының қышқылдығы рН≈ 4,0.
Ас қорыту барысында қышқылдық рН≈ 1,5-1,8-ге барады. Асқазан сөлінің негізгі компоненттері: HCl, су, тұздар (-Cl, -SO4, фосфаттар, биокарбонаттар) және ферменттер, пепсиндер (8 түрлі). Пепсиндер тұз қышқылының әсерінен пепсиногеннен пайда болады. Асқазанда тағы ферменттер: липаза, лизоцим, муцин бар. Липаза мен лизоцим микробтарға қарсы әсер етеді. Муцин асқазанның кілегей қабығын зақымданудан қорғап, асқазан сөлімен асқазанның өзін қорытудан сақтайды. Асқазандағы қышқыл заттар 12 елі ішекке түсіп, өт бөлінуіне және ұйқы безі сөлінің бөлінуіне ықпал етеді (қуаттандырады).
Ферменттер: пепсин мен трипсин ақуыздарды қорытып, ыдыратады, амилаза көмірсуларды қорытып, ыдыратады, липаза майларды қорытып, ыдыратады.
Асқазанда секреция төмендегенде қажетті ферменттер ішектен, ұйқы безінен дұрыс бөлінбейді. Сондықтан ас қорыту қызметі бұзылып, асқазан микроорганизмдер мен зиянды заттардан тазармай, олар ішекке, өт қабына, ұйқы безі түтіктеріне енеді. Осыған байланысты өт қабының қабынуы (холецистит), ұйқы безінің қабынуы (панкреатит), асқазан кілегей қабығының қабынуы (гастрит), ащы ішектің қабынуы (энтерит) болады және ішектің жылжыту-жиырылу қызметі бұзылады (іш өту, іш қату).
3.1. Асқазан секрециясын күшейтетін дәрілер
Бұл дәрілер асқазан секрециясы төмендеп, ас қорытылуы бұзылуына байланысты гипоацидті гастрит, гастроэнтерит, энтероколитте тағайындалады. Асқазан секрециясы төмендегенде сілекейдің, асқазан сөлінің бөлінуіне ықпал ететін ащы, жұпар иісті дәмдеуіштер және дәрілер қолданылады.
Қолданылатын дәрілік шөптер мен олардың препараттары: Плантаглюцид, толғақшөп, ащы жусан, қызыл бұрыш тұндырмасы, бақ- бақ, жолжелкен, субеде.
Тілдегі дәм сезу талшықтарын тітіткендіру үшін, ауыз қуысында шамалы уақыт ұстау керек. Қозу гипоталамустағы тамақ қорыту орталығына өтеді. Осы орталықты рефлекторлы қоздыруға суға араластырып сұйылтылған тұз қышқылы (HCl) 20-40 тамшыдан тағайындалады. Табиғи асқазан шырыны 2 ас қасықтан; 0,2г, 0,5г пепсин тұз қышқылымен, ацидин-пепсин 0,5г. таблеткасы 50-100мл суда ерітіліп 3 рет тамақпен бірге немесе тамақтан соң беріледі. Ферментті дәрі Абомин 0,2г. күніне 3 рет 1- 3 таблетка тамақпен бірге 1-2 айға тағайындалады.

3.2. Асқазан секрециясын төмендететін дәрілер. Бұл дәрілер асқазандағы париетальды жасушаларда тұз қышқылының өндірілуіне тежегіш әсер көрсетеді. Париетальды жасушалардың белсенділігін бірнеше биологиялық белсенді заттар бақылайды. Олардың негізгілері М- холинорецепторлардан бөлінетін ацетилхолин, Н2-гистамино-рецепторлардан бөлінетін гистамин және гастринді рецепторлардан бөлінетін гастрин.


Асқазан сөлі көбейгенде асқазан қабаттары зақымданып, гиперацидті гастрит, асқазан ойық жарасы, рефлюкс-эзофагит және т.б. аурулар дамиды.
Осы ауруларды емдеуде антацидті дәрілер, тұз қышқылының өндірілуін тежейтін дәрілер, гастропротекторлар (асқазан ішек зақымдануына қарсы), Helicobacter Pilor-ға қарсы дәрілер қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет