Фармакология негіздері



бет57/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80
Сибутрамин (Меридиа) тойымдылық сезімін арттырып, ас қабылдауға ниетті азайтады, қанда холестеринді, триглицеридтерді азайтады. Норадреналин көбейіп зат алмасу процесі артады, күш-қуат көбейген сезім береді.
Жанама әсері: терлеу, ісіну, тахикардия, үрей, ұйқы қашу, бас ауру, дәмді сезудің өзгеруі.
Сілекей бездерінің қызметіне әсер ететін дәрілер
Сілекей бездерінің жұмысы холинергиялық жүйкелердің қозуына байланысты. Сілекей бөлінуін күшейтетін дәрілер холиномиметиктер: Пилокарпин, Карбахолин, Прозерин, т.б. Сілекей бөлінуін тежейтін дәрілер холиноблокаторлар: Атропин, т.б. Атропинді операция алдында премедикацияға сілекей безінің белсенділігін төмендетуге қолданады.

2. Құсуға қарсы және құстыратын дәрілер.


Құсу қорғаныш рефлексі. Құсық орталығы сопақша мида орналасқан. Құсу орталық жүйке жүйесі ауруларына байланысты (ми шайқалу, ми ісігі, ми қабынуы) және асқазанға бөгде заттар түскенде және шайқалудан (тербелу) болады.
Құсу орталығында триггер аймағы бар (триггерная зона-trigger zone). Триггер аймағында дофамин рецепторлары және серотонин, гистамин рецепторлары орналасқан. Осы рецепторлар тітіркенгенде құсу орталығы қозады.


Құсуға қарсы әсер ететін дәрілер (антиэметиктер). Құсудың себебіне қарай әртүрлі фармакологиялық топ дәрілері қолданылады. Егер құсу кеңірдек пен асқазанның кілегей қабығының тітіркенуіне байланысты болса жергілікті анестетиктер: новокаин, анестезин қолданылады. Ішкі мүшелердің бұлшық еттерінің жиырылуына байланысты құсуда спазмолитиктер: атропин, папаверин, дротаверин (но-шпа), т.б. қолданылады.
Вестибулярлы аппараттың қозуынан импульстар құсу орталығына өтеді. Бас шайқалуынан құсу орталығы қозып (морская, воздушная болезнь) құсу болса құрамына белсенді тыныштандырғыш әсерлі м-холиноблокатор Скополамин дәрісі бар 6 сағат әсер ететін "Аэрон"таблеткасы қолданылады. Сондай-ақ бас шайқалудан болған құсуда Н1-гистамино-блокаторлар: димедрол, дипразан, драмина дәрілері қолданылады. Жанама әсері: ауыз құрғау, ұйқысы келу, бейімделудің (аккомодация) бұзылуы.
Орталық жүйке жүйесі қызметі бұзылуына байланысты құсуда нейролептиктер: Аминазин, Трифтазин, Галоперидол; М-холиноблокатор: Скополамин және дофаминаблокаторлар: Метоклопрамид, Мотилиум, Торекан қолданылады. Сонымен қатар Метоклопрамид, Мотилиум асқазан мен ішектің жылжыту белсенділігін арттырып, асқазанның босауын жылдамдатады. Ықылық тигенде де тиімді.
Жанама әсері: ұйқысы келу, ауыз құрғау, тахикардия, гипотония, қалыпты қозғалыстың (экстрапирамидальды) бұзылуы.
Нейролептиктерді іштегі шаранаға кері әсер тигізетіндіктен жүктілік кезінде қолданбайды. Жүктілік кезіндегі толассыз құсу мен ықылыққа қарсы нейролептик Перфеназин (Ээтаперазин) және Пиридоксин гидрохлоридін (Вит В6) қолдануға болады.
Ісікке қарсы химиотерапиялық, цитостатикалық дәрілердің, сәулелік терапиядан кейінгі құсудың алдын алуға 5-НТ-серотонин- блокаторлары Навобан (Трописетрон), Ондансетрон (Зофран) қолданылады. Құсу рефлексіне 24 сағат тежегіш әсер етеді. Ұзақ қолданғанда асқазан мен ішектің жылжыту қабілеті нашарлап, іш қату білінеді.
Жанама әсері: бас ауру, бас айналу, талу, аллергия, кардиотоникалық бұзылыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет