Фармакология негіздері



бет69/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80
Байланысты:
Фармакология негіздері (2)

Гемолиз- эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы.
Гемолиз түрлері:

  1. Физиологиялық гемолиз- 120-130 күннен кейін ескірген эритроциттердің бауырда, көкбауырда гемолиздені.

  2. Осмостық гемолиз. Қанға осмостық қысымы аз ерітінді (0,48-0,36%) құйғанда , сұйықтың көбеюінен пайда болуы мүмкін.

  3. Химиялық гемолиз- химиялық заттардың (сірке қышқылы, эфир, хлороформ, сілті) әсерінен болады.

  4. Биологиялық гкмолиз. Ішек құрттары, жылан, қарақұрт, бактериялар бөліп шығаратын заттар- гемолизиндердің әсерінен болады. Қанның көбі гемолизге ұшыраса, гемолитикалық шок пайда болып, адам өлуі мүмкін.

  5. Термиялық гемолиз. Қанды біресе жылытып, біресе суытудан болады. Дене температурасы 420 С тан асса қан гемолизденеді. Кешке қарай 38-390 С- қа көтеріліп отырса, эритроциттер гемолизденеді.

  6. Механикалық гемолиз. Ыдыстағы қанды тасымалдағанда шайқалса, араластырса, сілкіп қатты қозғаса эритроцит мембранасы зақымданады.

  7. Электрлік гемолиз. Электр тогының әсерінен эритроцит қабығы бұзылады.

Лейкоцит (leuco- ақ, cytos- жасуша) –қанның ақ түйіршіктері. 1литр қанда 4,5-9*109 , шамамен 6-8мың лейкоцит болады.
Лейкоцитоз - лейкоциттердің көбеюі.
Лейкоцитопения - лейкциттердің азаюы
Лейкоз- лейкоциттердің көбеюі- ақ қан ауруы.
Тромбоцит- (тромбос- сгусток) - қан пластинкасы. 8-11 тәулік өмір сүреді.
Гепарин- ағзада бауырда, өкпеде, бұлшық етте, ішектің шырышты қабатында түзілетін эндогенді белсенді зат.
Фибриноген-үлкен молекулалы глобулин. Қан ұйығанда фибриноген зольден гельге айналып, ұйыған қанның негізін құрайды. Қан ұйыған кезде пайда болған фибриннің қатысуымен тромб құрылады да қатайып тығыздалады.Осы процесс аяқталсымен фибринолиз басталады (қан тамырларын қалпына келтіру процесі) Фибринолиз еріткіш ферменттің қатысуымен өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет