Фармакология негіздері



бет67/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80
Байланысты:
Фармакология негіздері (2)

Эритроциттер қанға оттегін, қаннан көмірқышқыл газын тасымалдайды.
Лейкоциттер қорғаныш, фагоциттік, иммундық қызмет атқарады.
Тромбоциттер қанның ұюына, тромб түзілуіне қатысады.
Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер 3 топқа бөлінеді.

  1. Эритропоэзға әсер ететін дәрілер

  2. Лейкопоэзға әсер ететін дәрілер

  3. Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер

А) Тромб түзілуіне әсер ететін дәрілер
Б) Фибринолизге әсер ететін дәрілер

  1. Эротропоэзді күшейтетін дәрілер әртүрлі анемияларда қолданылады.

Анемия гипохромды және гиперхромды болады. Гипохромды анемия ағзада гемоглобиннің түзілуіне қажетті темірдің жетіспеушілігінен болады.
А) Гипохромды (теміржетіспеушілік) анемияда құрамында темірі бар дәрілер қолданылады: Сорбифер, ферроплекс, Феркайл, актиферрин, феррум-лек, гемофер, Космофер, тардиферон, Тотема, темір лактаты, гемостимулин.
Б) Гиперхромды анемия екі түрлі болады:
1) пернициозды анемия
2) макроцитарлы анемия.
Пернициозды анемияда эритроциттердің саны азайып, В12 витаминінің жетіспеушілігінен дамитындықтан Цианокобаламин (витамин В12) витамині қолданылады.
Макроцитарлы анемияда эритроциттер азайып, көлемі ұлғайып, фолий қышқылының жетіспеушілігі болатындықтан Фолий қышқылы (Вит Вс) . қолданылады.

  1. Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер: Натрий нуклеинат, Пентоксил, Метилурацил.

Әсері: сүйектің милы қабатынан лейкоцит өндірілуін жылдамдатады. Қолданылады: қабынуға қарсы, регенерацияны күшейтуге.



  1. Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер

1. Тромб агрегациясына әсер ететін дәрілер:
1.Антиагреганттар-тромб агрегациясын (агрегация- тұну) төмендететін дәрілер: Аспирин, Курантил (Дипиридамол), ТромбоАСС, Тромбокард, Кардиомагнил, Плавикс, Пентоксифиллин (Трентал). Бұл дәрілер тромбтың пайда болу қаупінде алдын алу және қанды сұйылту үшін қолданылады.
2. Агреганттар-тромб агрегациясын (тұнуын) жоғарылататын дәрілер: Дицинон (Этамзилат), Адроксон (жергілікті). Бұл дәрілер қан тоқтату үшін қолданылады.
Дицинон – тамыр өткізгіштігін қалпына келтіріп, микроциркуляцияны жақсартады, қанды қоюландырады.
2. Қанның ұюына әсер ететін дәрілер:
1. Антикоагулянттар (коагуляция- жабысу) - қанның ұюын төмендететін дәрілер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет