Фармакология


Норадреналин (норэпинефрин)



бет100/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   200
Норадреналин (норэпинефрин) - АҚ жедел төмендегенде к/т тамшылатып, жүрек тоқтағанда сол жақ жүрек қарыншасының қуысына енгізіледі.
Аdrenalini hydrochloridum - адреналин гидрохлориді (Б); 0,1% 1 мл еріт. амп. 0,3-0,75 мл т/а және б/е; 0,1 % 10 мл еріт. флаконда шығарылып, жергілікті (шырышты қабатқа) енгізіледі.
Аdrenalini hydrotartras -адреналин гидротартраты (Б): 0,18% 1 мл еріт. ампулада; 0,18 % 10 мл еріт. флаконын жергілікті енгізіледі,
Noradrenalini hydrotartras -норадреналин гидротартраты (Б): 0,2% 1 мл еріт. амп. шығарылып, 5% глюкоза еріт. бірге к/ттамшылатып енгізеді.
4.Симпатомиметиктер: эфедрин - Ерһеdrа өсімдігінің алкалоиды, а және β-адренорецепторларға тікелей емес (медиатор арқылы) әсер етеді. Варикозды түйіндерге әсер етіп, медиатордың (норадреналиннің) бөлінуін тудырып, медиатордың нейрональды кері ұсталуын төмендетеді. Жүрек жұмысын қуаттандырады, АҚ-ы жоғарылатады, бронхолитикапық әсер көрсетеді, ішектің толқи жиырылуын төмендетіп, көз қарашығын кеңейтеді (аккомодацияға жәнө көз қысымына әсері жоқ), қаңқа бұлшық еттерінің тонусын жоғарылатып, гипергликемия шақырады. Эфедрин ОЖЖ-не психоқуаттандырғыш әсер көрсетеді. Бронх демікпесі үстамасын
алдын алу және басуда, жедел АҚ төмендету үшін және гипотониялық жағдайда, аллергиялық реакцияларда, ОЖЖ-ң тежелуінде, ринитте, көз тәжірибесінде көз қарашығын кеңейту мақсатында және атриовен- трикулярлы бөгетте қолданылады. Гипертониялық ауруларда, атеросклерозда, стенокардияда, гипертиреозда және ұйқысыздықта қолдануға болмайды.
Ерһеdrini hydrochloridum- эфедрин гидрохлориді (Б): 0,025 таблетка, 1-2 таб. тәулігіне 2-3 рет; 5% 1 мл еріт. амп. - 0,5-1 мл т/а және б/е; 100-500 мл глюкозаның немесе NаСІ изотонды еріт. к/т тамшылатып; ринитте 2-3 % еріт. мұрын тамшысы; 1-5 % көз тамшысы түрінде қолданылады.
5. α-адреноблокаторлар
а) Таңдамалы емес а - адреноблокаторлар: фентоламин және тропафен а, және а2 адренорецепторларды тежейді. Шеткерлік қан тамырларды кеңейтіп, шеткерлік ұлпалардың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады АҚ төмендетіп, тахикардия тудырады. Қолданылуы: шеткерлік қан айналымының бұзылуы: эндартериит, Рейе ауруы, аяқтың ойық жаралары, феохромоцитома.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет