3. Эпилепсияға қарсы дәрілер Этиологиясы әр түрлі тырысуды басу үшін тырысуға қарсы дәрілер қолданады. Оларды көбіне балалар тәжірибесінде гипертермия кезінде тырысуларды басу үшін, сонымен бірге эпилепсияға қарсы дәрі ретінде қолданады. Эпилепсияның негізгі белгілері - естің тануымен жүретін тырысудың ұстамалары. Қалтырауға устамадан басқа науқаста біртіндеп терең психикалық бузылыс пайда болады. Емдеу дәрілерді үздіксіз қолданудан турады, соның салдарынан ұстамалардың жиілігін азайтуға болады.
Эпилепсияның түрлері: - үлкен ұстамаларда - ес түсінен айырылатын, клоникалық және тоникалық тырысуға, бірнеше минуттан соң уйқыға алып келеді;
- кіші устамаларда - беттің бұлшық еттерінің тырысуы байқалып, ұстама бірнеше секундқа созылады;
-психомоторлы автоматизмде- ес-түсін біледі, бірақ қимылын бақылай алмайды (қиратуы мүмкін, бөгде адамдарға шабуыл жасауы мүмкін, ұзақ уақыт қала көшелерін аралауы мүмкін т.б.).
Эпилепсия түрлі ми улпасындағы эпилептогенді аймақтың орналасқан жеріне байланысты. Зерттеулерге қарағанда эпилепсияға қарсы дәрілер эпилептогенді аймақтың қозуын төмендетеді. Бул препараттар бас миындағы ГАМҚ-ң қурамын көбейтеді және мида Na+ иондарының құрамын азайтады. Эпилепсияға қарсы препараттармен емдеу принциптері: тырысу түріне байланысты, үздіксіз емдеу, эпилепсия ұстамалары жойылғанша, емді 3-5 жыл бойы үздіксіз жүргізу, балаларда үйренгіштікті болдырмау үшін препараттарды алмастырып отыру, емдеу амбулаториялық және үй жағдайларында жүргізіледі.
Эпилепсияның түріне қарай дәрілердің жіктелуі: 1.Үлкен және психомоторлы ұстамаларда қолданылатын дәрілер: фенобарбитал, бензонал, гексамидин, дифенин (фенитоин), карбамазепин (финлепсин, тегретол), хлоракон; 2.Кіші үстамаларда қолданылатын дәрілер: этосуксимид (суксилеп), триметин (триметадион); 3.Әр түрлі ұстамаларда қолданылатын дәрілер (көбінесе эпилепсияның аралас түрлерінде): натрий вальпроаты (конвулекс, депакин, ацедипрол), кальций вальпроаты (конвульсофин), клоназепам (антелепсин).