Фармакология


Рһenobarbitalum - фенобарбитал



бет115/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   200
Байланысты:
Фармакология

Рһenobarbitalum - фенобарбитал (Б): 0,05 және 0,1 таб. шығарылып, 1 -2 таб. тағайындалады. Әсері 6-8 сағ. созылады. Фенобарбитап тырысуға қарсы және эпилепсияға қарсы қолданылады.
Этаминал - натрий: ұнтақ; ұйықтардан 0,1-0,2 таб. 30 мин. алдын қабылдау қажет. Әсері 4-6 сағатқа созылады. 5% 5-10 мл еріт. к/т енгізіледі.
Аеsthimalum - эстимал (Б) - 0,1 -0,2 таб. ұйықтардан 15-30 мин. алдын қабылдайды. Әсері 6-8 сағ. созылады.
Циклобарбитал - 0,1-0,2 таб. («Реладорм» таб.) - этаминал-натрийге үқсас.
Nitrazepamum - нитразепам (Б): 0,005 және 0,01 таб. шығарылып, ұйықтардан 30 мин. бұрын қабылдайды. Әсері 6-8 сағатқа созылады.
Флунитразепам (рогипнол) - әсері нитразепамға ұқсас. 0,002 таб; 0,002 құрғақ зат + 1 мл еріткіші бар амп. шығарылады.
Триазолам (0,00025 және 0,0005 таб.) және мидазолам (0,015 таб.; 0,5% 3 мл ерітінді ампулада) - әсері қысқа 10-20 минугтан кейін басталып 2-3 сағатқа созылады.
Zopiklon - зопиклон - 0,0075 таб. шығарылып, ұйықтар апдында 1 таб. ұсынылады. Әсері 20-30 мин. басталып, 6 сағ. созылады.
Золпидем - әсері қысқа (2-3 сағ.).
Метаквалон - әсері 6-8 сағ.
Жанама әсері: күндіз ұйқының келуі, әлсіздік, атаксия, жүру бағдарының бұзылуы, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, материалды кумуляция (барбитураттарға тән қасиет, әсіресе фенобарбиталда) байқапуы мүмкін. Ұйықтататын дәрі-дәрмектерді үйренгіштік және дәріге тәуелділік тудыруы мүмкін. Дәріні доғарғанда абстиненция, ұйқы мен көру қабілетінің бұзылуы, тырысу мен ортостатикалық гипотензия байқапады. Сондықтан үйықтататын дәрілерді 4 аптадан артық қабылдауға болмайды. Препаратты абайлап, мөлшерін азайтып доғару қажет, Басқа да жанама әсерлері: диспепсия (жүрек айну, ауыз қуысына метапл дәмінің келуі) және аллергиялық реакциялар. Бауыр мен бүйрек қызметінің бүзылуында, (әсіресе жүктіліктің апғашқы 3 айында), көлік жүргізушілеріне және жылдам қимыл қажет ететін қызметкерлерге қолдануға болмайды. Ұйықтататын дәрілермен бірге алкогольды сусындар қолдануға болмайды. Ұйықтататын дәрілермен анальгетиктерді, наркотикалық дәрі-дәрмектерді, нейролептиктерді, транквилизаторларды бірге қолданғанда синергизм байқалады. Ұйықтататын дәрілермен жедел улану. Абайсызда, әдейі немесе қате артық мөлшерлеуде улануларға алып келеді. Белгілері: уйқы келуі, апатия, миоз, брадикардия; әрі қарай коматозды жағдай: естүссіздік, рефлекстің және тыныс алудың тежелуі, АҚ-ң төмендеуі, ауырған жерін сезбеу, дене қызуының төмендеуі, қаңқа бұлшық еттерінің босаңсуы, гиперсаливация; көз қарашығының кеңеюі; бүйрек қызметінің бұзылуы, қан айналымының бұзылуы және тыныс алу салдануынан өлімге алып келуі мүмкін. Жәрдем: асқазанды шаю, гемодиализ, гемосорбция және перитонеальды диализ жасау қажет. Барбитураттармен жеңіл уланғанда күре тамырға оның антогонистері бемегрид (0,5% -10 мл ерітінді ампулада), флюманезил, оттегімен емдеу, пневмонияны алдын алу үшін - антибиотиктер; инфузиялық терапия -полиглюкин, витаминдер В1, В6, В12 (бірден енгізуге болмайды), Витамин С, АТФ; АҚ-ы төмен жағдайда - норадреналин енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет