Фармакология


ІІ.Өт бөлуін жеңілдететін дәрілер өттің ағуын жеңілдетеді



бет170/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   200
Байланысты:
Фармакология

ІІ.Өт бөлуін жеңілдететін дәрілер өттің ағуын жеңілдетеді.
-өт бөліну жолдарының дискинезиясының гипотониялық түрінде өттің ұлтабарға өтуін жақсартатын, өт қабының тонусын жоғарлататын, Одди сфинктерін босаңсытатын препараттар: магний сульфаты, ксилит, сорбит,маннит, зәйтүн немесе күнбағыс майы қолданылады.
Әсер ету механизмдері: Ұлтабардың рецепторларының тітіркенуімен байлансыты. Магний сульфаты өт түтігіне спазмолитикалық әсер көрсетеді. Осы топ препараттары өт қалтасының атониясында , өт түтігінң дискенезияларында, созылмалы холициститте және созылмалы гепатитте қолданылады. Бұларды бауыр мен асқазан жедел қабыну ауруларныда ,өт тас ауруларында қолдануға болмайды.
Холелитоликалық дәрілер өт қалтасындағы тасты ерітеді: хенодезоксихол қышқылы, урсодизоксихол қышқылы 0,2 капс. тек қана түнде қабылдау қажет, , себебі өт холестирин холестиринмен түнде қанығады, ал бұл препараттар бауырт синтезін бұзын, холестеринді тастардың біртіндеп еруіне алып келеді.


Гепатопротекторлар

Бауырдың зақымдаушы факторларға төзімділігін жоғарылатады, қызметінің қалпына келтірілуіне ықпал етеді, детоксикациялық мүмкіндігін күшейтеді. Оларды жедел және созылмалы гепатиттерде, бауырдың дистрофиясында, бауырдың уытты зақымдануында қолданады. Препараттары:


Эссенциале- форте Н
Гепабене
Гепа-Мерц
Эссливер
Гептрал
6.Іш жүргізетін дәрілер
І.Ішектің барлық бөлімдеріне әсер ететін іш жүргізетін дәрілер.
Тұзды іш жүргізетін дәрілер: магний сульфаты, натрий сульфаты,табиғи корлавар тұзы.
Әсер ету механизмі: бұл препарттар асқазан ішек жолдарында нашар сіңіріліп, ішектін осмостық қысымн жоғарлатып, судың сіңірілуін төмендетеді. Ішек құрамының көлемі жоғарлайды , ол рецепторлардың тітіркенуіне және ішектіңн толқи жиырылуының күшеюіне алып келеді. Препаратты 1-2 стакан сумен қабылдаған жөн, әсері 2-4 сағат соң байқалады. Жіті іш қатуда, жедел улануда және кейбір құрттарға қарсы дәрілермен емделуде бірге қолданылады. Жанама әсері: магний иондары резорбтивті әсер көрсетуі мүмкін, әсіресе бауыр жеткіліксіздігінде және ОЖЖ\ң және жүрек жұмысынң тежелуін шақыруы мүмкін, ал балаларда ағзаның сусыздануына алып келеді. Тұзды іш жүргізетін дәрілер әрдацымқолдануға болмайды. Себебі олар құнарлы заттардың сіңірілуін бұзады. Балалардың жүрек және бүйрек жеткіліксіздігінде абайлап қолдану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет