І. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер. Эритропоэз-кемігінде түзілетін эритроциттердің өнімі. Эритропоэз стимуляторы қан аздықты емдеу үшін қолданылады.
1. Гипохромды \темір тапшылық\ қаназдықта қолданылатын дәрілер (түс корсеткіші 0,9 төмен)
Темірдің негізгі мөлшері оттегінің тасымалдауын қамтамасыз ететін, ағзадағв гемоглобиннің құрамында, ал қалған мөлшері ұлпалы депода \жілік майында, бауырда, көк бауырда\ болады. Темір тапшылығында тек гемоглобиннің мөлшері ғана емес, тыныс алу ферменттерінің белсенділігі де төмендеп, ол оттегі тапшылығына алып келеді. Темірдің сіңірілуі органикалық қышқылдардың \аскорбтн,алма, фумар,лимон қышқ және т.б\ әсерінен аш әшекте өтеді.
Темір препараттарының теміртапшылық гипохромды анемияларда, яғни темір сіңірілуі бұзылуында, созылмалы қан кетуде және жүктілік кезінде кеңінен қолданылады. Жанама әсері жағынан ішке қабылдағанда темір ішекте күкірт сутегімен байланысып іш қатуды, АІЖ-ң шырышына тітіркендіргіш әсерінен құсу және лоқсу байқалуы мүмкін. Темір препараттары (таб., капс., драже түрінде шығарылады) ауыз қуысында құрамындағы сульфат сульфидке айналып тісте қара дақтың пайда болуын тудырады, сондықтан айнамай қабылдаған дұрыс. Ал темір препараттарын парентеральды енгізгенде күре тамыр жолдарында ауырсынулар, флебит, бет және мойын терісінің гиперемиясы, тахикардия, тыныс алудың бұзылуы, ауыз қуысында металл дәмінің келуі, лоқсу, құсу, арқа мен буынның ауырсынуы және аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Гемохроматозда, апластиялық және гемолитикалық анемияда, бауыр және бүйректің созылмалы ауруларында және лейкозда қолдануға болмайды. Ferro-Gradument - ферро-градумент: 0,525 таб. шығарылады, 1 таб. таңғы астан 1 сағ. бұрын белгіленеді
Tardyferon- тардиферон: 0,257 драже, 1дражеден тамақтан 1сағ. бұрын таңертең және кешке қабылдауға белгіленеді.
«Ferroplex»-«Ферроплекс»:1-2 дражеден тәулігіне 3 рет тамақтан кейін белгіленеді.