Фармакология


Cyanocobalaminum (Vit. B12) – цианокобаламин (витамин В12)



бет179/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   200
Байланысты:
Фармакология

Cyanocobalaminum (Vit. B12) – цианокобаламин (витамин В12): 0,003%, 0,01%, 0,02%, 0,05% 1 мл ерітінді ампулада шығарылып, күн ара немесе күнде
б/е, т/а, к/т енгізіледі. Мөлшерін науқастың жағдайына қарай белгілейді. Бір инеде В1 және В6 витаминдерін бірге енгізуге болмайды, себебі кобальт иондары оларды бұзып, витамин В12, витамин В1-ң аллергиялық реакцияларын күшейтеді.
Б. Макроцитарлы (фолий тапшылық) анемия ағзада фолий қышқылының көп шығындалуында мыс, жүктілікте байқалады, сонымен қатар кейбір препараттарды қабылдағанда (метотрексат,триметроприм,триамтерен) пайда болуы мүмкін. Вс витамин (фолий қышқылы) көкөніс жапырақтарының, бұршақ тұқымдастарының, түйе бұршақ (фасоль) құрамында кездеседі, ал сүт өнімдерінде, бауыр, бүйрек, жұмыртқада аз кездеседі. Ағзаға тәулігіне 0,2 мг қажет. Фолий қышқылы эритроциттердің түзілуіне өте қажет. Оның жеткіліксіздігінде эритроциттердің ірі түрі түзіліп (макроцит)ү оның жалпы эритроциттердің саны бірден төмендеп кетеді.
Acidum folicum (Bc) –фолий қышқылы (Вс витамин): 001 таб. шығарылып, ½ -1таб. тәулігіне 1-2 рет белгіленеді. Фолий қышқылын цианокобаламинмен бірге белгіленеді.
Эпоэтин-альфа (эпрекс, эпоген) – адамның рекомбинантты эритропоэтині. Эритропоэтин бүйректің гликопептидті гогрмонының препараты. Қызыл қан түйіршіктерінің пролиферациясы (көбеюі) мен жетілуін күшейтеді. Бүйректің созылмалы ауруларымен, ревматоидты артритпен, қатерлі ісіктермен, ЖИТС-мен байланысты анемияларда, шала туған балалардың анемиясында қолданылады.
Эритропоэзды тежейтін дәрілер эритромияда \полицитемия\ қолданылады. Олар жілік майына тежегіш әсер көрсетеді.
Фосфордың радиоактивті препараттары: Р-32 фосформен белгіленген натрий фосфатының ерітіндісі,имифос.


ІІ. Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер
Бұл препараттар нуклеин қышықылдарының синтезін құрылымды және ферментті ақуыз синтезін күшейтеді. Олар лейкопоэз және басқада ұлпалардың регенерациялық процесін күшейтеді. Лейкопения және агранулоцитоз, сондай-ақ нашар жазылатын жарақаттар, ойық жаралар, сынықта, мүшелердің дистрофиялық процесінде ұлпа регенерациясын күшейту үшін қолданылады. әртүрлі ісітерде қолдануға болмайды, жұқпалы ауруларда микробқа қарсы дәрілермен бірге тағайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет