Фармакологияның даму тарихы. Атақты фармакологтар. Фармокология және фармакопея комитеттері, олардың қызметі. Жаңа дәрілер табу жолдарының принциптері


Жанама әсерлі М-және Н холиномиметиктер Антихолинэстеразды дәрілер.Фармакодинамикасы.Клиникада қолданылуы.Жағымсыз әсері



бет9/35
Дата17.06.2023
өлшемі90,57 Kb.
#101939
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
6. Жанама әсерлі М-және Н холиномиметиктер Антихолинэстеразды дәрілер.Фармакодинамикасы.Клиникада қолданылуы.Жағымсыз әсері
а/ М- және Н-холиномиметиктер (қуаттаушы) – ацетилхолин.
б/ Орталық М и Н- холиноблокаторлар (тежеуші) – циклодол.
а/ М- жене Н-холиномиметиктер (қуаттайтын) дәрілер.
Ацетилхолин - әсері жылдам, тез жойылып кетеді, тәжірибе орнына қолданылмайды. Жылдам әсер етуші ацетилхолинэстераза ферментімен гидролизге түсіп, тез бұзылады. Күретамыр қысымын төмендетеді, қан тамырларын кеңейтеді, жүректің соғысын баяулатады және кеңірдек, ішек және қуықтың жиырылуын күшейтеді. Физиологиялық зерттеу ретінде ғана пайданылады. б/ Орталық М- және Н-холиноблокаторлар.
Антихолинэстеразды заттар.
а/ қайтымды әсерлі бар: прозерин (Proserinum), галантамин (Galanthaminum), физостигмин салицилаты (Physostigmini salicylas); б/ қайтымсыз әсерлі: армин (Arminum) - фосфорлы органикалық заттар (дихлофос және т.б.). Бұлар холинэстераздың шығуына бөгет жасайды, нәтижесінде ацетилхолин гидролизге түспейді. Сондықтан ацетилхолиннің әсері ұзаққа созылады. а/ қайтымды әсерлі дәрілер:
Физостигмин салицилаты (Эзерин салицилат ы және т.б.) - 0,25%; 0,5% және 1% ерітіндісі 5 мл - көз тамшысы – жедел көмек ретінде глаукома, ішек парезі кезінде (босауы) қолдануға болады. Кейде жанама әсерлері: миоз, ауыздан су ағу, іш өту, дизурия және шаршау пайда болады.
# Галантамин гидробромиді (Нивалин және т.б.) - 0,1%; 0,25%; 0,5% және 1 мл ампуладағы 1% ерітіндісі – күшті ингибитор. Фармакологиялық қасиеттері жағынан физостигминге ұқсас. Миастения, миодистрофия, неврит, радикулит, қан айналу қызметі бұзылуы кезінде, полимиелиттік жағдайларда қолданылады.
Прозерин (Неостигмин және т.б.) - 0,015 - түймедақ; 1 мл ампуладағы 0,05% ерітіндісі –– жасанды ингибитор, ұзақ уақытқа қолдануға болады. Парездер мен салданулар, неврит, глаукома және т.б. ауруларды емдеу үшін қолдануға болады.
Жанама әсерлері –жүректің соғуы және қан қысымының төмендеуі, сілекейдің көп бөлінуі, құсудың пайда болуы мүмкін. Жоғарыдағы көріністер пайда болса, яғни улық әсері байқалғанда М-холиноблокаторлық (атропин сульфат ы және т.б.) дәрілерді қолдану керек. Прозериннің артық мөлшері берілгенде немесе адам жоғары сезімтал болғанда көптеген жанама әсерлері байқалады: лоқсу, құсу, терлеу, ішек қымылының күшеюі, іш өту, сигек болу, көз көруінің бұзылуы (миоз), аритмия, демікпе, біртіндеп күш кетуі байқалады. Мұндай көріністер байқалса прозеринді қолдануды тоқтату керек, содан соң М-холинотежегіштерді (атропин сульфат т.б) енгізген жөн. Бұл дәріні демікпе, жүрек ұстамасы (стенокардия), айқын атеросклероз, эпилепсия (қояншық) кезінде, жүкті және бала емізіп жүрген әйелдерге қолдануға болмайды.
# Ацеклидин (Глаукостат және т.б.) - егуге арналған жасанды 1 және 2 мл ампулалы 0,2% ерітінді, улылығы аз, жергілікті май ретінде (3% - 20,0 жатарда көзге сыртынан дәкемен салуға жасалған) глаукомаға, ішектің, қуық пен жатырдың атониясында (атония-босау) қолданылатын дәрі. Егу арқылы қолданғанда аузынан сілекей ағады, терлейді, іші өтеді және т.б. холиномиметикалық өзгерістер болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет