Бета-лактамды антибиотиктер.Әсерінің механизмі.ҚолданылуыБактерияларға қарсы антибиотиктер келесі топтарға бөлінеді: 1.Құрамында β-лактон сақинасы бар антибиотиктер: пенициллиндер, цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдар.т.бПеницилллиндер. Көптеген пенициллиндік антибиотиктер саңырауқұлақтардан алынады, олар биосинтетикалық пенициллиндер деп аталады. Бұлар оң грам бактерияларға әсер етеді, бірақ пенициллиназаға тұрақсыз. А/ Биосинтетикалық пенициллиндерді әсер ету уақытына байланысты екі топқа бөлуге болады: 1.Әсері қысқа: бензилпенициллиннің натрий тұзы, бензилпенициллиннің калий тұзы. 2.Әсері ұзақ: бензилпенициллин новокаин тұзы, бициллин-1, бициллин-5. Осы көрсетілген дәрілер тек парентеральді жолмен (егу ретінде) беріледі, өйткені олар асқазанның қышқылды ортасында ыдырап кетеді. Асқазанның қышқылына тұрақты тек қана пенициллин антибиотигі – феноксиметилпенициллин. Тек осы антибиотикті энтеральді жолмен (ішек арқылы) жас балаларға түймедақ ретінде тағайындайды. Пенициллиндер бактериоцидтік әсер етеді. Олар тек бөлінетін торшаларға әсер ете алады. Механизмі: торша қабырғасының құрамдас бөліктерінің синтезін бұзады да транспептидаза ферментін тежеп, пептидтік байланыстың пайда болуына кедергі келтіреді.
Макролидтер. Макролидтер туралы түсінік. Әсерінің механизмі.Бұл топтың антибиотиктері өздерінің молекулаларының негізіне әртүрлі қантпен байланысқан макроциклдік лактамдық сақинаны ұстайды. Макролидтердің негізгі өкілдері эритромицинмен олеандомицин болып табылады.Эритромицин (эримицин, эритран, эритроцин, любомицин) streptomyces eruthreycпен өндіріледі. Оған грам оң бактериялар мен патоендік спирохеталар сезімтал келеді. Алайда, оның әсерлерінің спектріне грам оң кокктар да, дифтерия таяқшалары, патогендік анаэробтар, риккетсиялар, пситтакозаның қоздырғыштары, трахомалар, амебалық дизентерия да т.б. кіреді. Осылайша, эритромицин әр түрлімикроорганизмдерге ықпал етуі бойынша бензилпенициллинді еске түсіреді, бірақ эритромицинннің спектрі елеулі түрде кең.Оның әсерлерінің механизмі бактерия рибосомасында ақуыз синтезіне қысым жасау болып табылады. Бұл-пептидтранслоказаның ферментіне қысым жасаумен байланысты болады.
Олеандомициннің өнімі streptamyces antibiotikus болып табылады. Олеандимицин белсенділігі жөнінде эритромициннен кем түседі. Олардың әсерлерінің антимикробтық спектрі мен механизмі ұқсас. Олеандимицин әсерлерінің ұзақтығы шамамен 6 сағат. Уыттылығы төмен. Эритромицинге қарағанда айқын білінетін тітіркендіргіш әсеі болады. Қордағы антибиотиктерге жатады.