28.Бейнаркотикалық анаьгетиктер. Қызуды және ауырсыну сезімін басу әсерінің механизмдері.
Наркотикалық емес анальгетиктер
Наркотикалық емес анальгетиктер ауырып тұрған сезімді басады, көтерілген дене температурасын түсіреді, қабынуға қарсы әсер етеді.
Дененің жоғары температурасын төмендетуі: дене температурасының реттегіш орталығын сезімталдығын
Антимикробты дәрілер. Жіктелуі. Салыстырмалы сипаттамасы.Микробтарға қарсы қасиеттері бар дәрілік заттарды 2 топқа бөледі. 1.антисептиктер және дезинфекциялайтын: детергенттер-церигель,нитрофуран туындылары-фурацилин, фенол топтары-таза фенол, резорцин, қайынның қара майы, бояғыштар-бриллиант жасылы, метилен көгі,хлоргексидин, метал қосылыстары-сынап дихлориді, күміс нитраты, мыс нитраты, мырыш тотығы, мырыш сульфаты,тотықтырғыштар-суттегі асқын тотығының ерітіндісі, калий перманганаты, анальдегидтер-этиль спирті, қышқылдар мен сілтілер-бор қышқылы, аммиак ерітіндісі. 2. Антибактериалды химиотерапевтикалық дәрілер: антибиотиктер-микроорганизмдерді таңдап азайтатын немесе жоятын әсер етуші биологиялық текті химиялық қосылыс, пеницилиндер, цефалосприндер, макролидтер, тетрациклиндер, левомицит, аминогликолиз, полимиксин, линкозамин, фузидин қышқылы.
Химиотерапиялық дәрілер. Химиотерапияның негізгі принциптері. Уросептиктер және антиспирохетозды дәрілер. Әсерінің механизмі. Қолданылуы. Химиотерапиялық дәрілер- белгілі бір жұқпалы және паразитарлық аурулардың қоздырғышына таңдап, улы әсер көрсететін дәрілік заттар. Оларға бактерияларға, вирустарға,саңырауқұлақтарға, құрттарға қарсы препараттар жатады. Химиотерапияның негізгі принциптері; 1.Қоздырғыштың белгілі бір түріне таңдамалы әсер етуі. 2.Адам мен жануарға уыттығы төмен. Химиотерапиялық препараттар топтары; - Антибиотик. – Сульфениламидтік препараттар. -- --Хинолон туындылары. –Синтетикалық заттар. –мерезге қарсы затар. –Туберкулезге қарсы заттар. Уросептикті дәрілер қолданылады; Цистит, уретрит, пиелонефрит.
Белок синтезін бұзатын антибиотиктер.Левомицетин.Сипаттамасы.Ақуыздың жасуша ішілік синтезін бұзатын:тетрациклиндер,макролипидтер,аминогликозидтер(бактерицидті әсер көрсетеді),левомицетин,линкомицин.Левомицетин.Әсер ету механизмі:рибосома деңгейінде ақуыз синтезін бұзып,бактериостатикалық әсер етеді.Әсер ету спектрі кең:грамм(+) және грамм(-)бактериялар,сонымен қатар ішек бактериялары,спирохеталар,риккетсиялар,хламидиялар,микоплазмалар.Қышқылдарға тұрақты микобактерияларға,көкірің таяқшаларына,клостридиялар мен қарапайымдыларға әсер етпейді.Қолдану көрсеткіштері:левомицетин улылығы жоғары антибиотик,АІЖ-да тез сіңеді,ағзаның барлық сұйықтықтары мен ұлпаларына тез таралады.Оларды басқа улылығы төмен антибиотиктердің әсері болмаған жағдайдағы ауыр инфекцияларда немесе басқа препараттарды көтере алмағанда,қоздырғыштың левомицетинге сезімталдығы жоғары болған жағдайда қолданылады.Левомицетин іш сүзегінде,паратифте,сальмоннелезде,бруцеллезде,туляремияда,риккетсиозда,менингитте,көздің жұқпалы ауруларында(0,25% көз тамшылары)қолданылады.Жанама әсері-қан түзілуінің бұзылуы,тері аурулары(экзема,псориаз,саңырауқұлақтармен зақымданулары) және жеке көтере алмаушылық.Жаңа туған балалар мен жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.Laevomycetinum-левомицетин(Амбофен) (Б):0,25 және 0,5 таб.(капс.)шығарылып,тәулігіне3-4 рет тамақтан 20-30 мин.бұрын белгіленеді;әсері ұзартылған 0,65 таб.тәулігіне 2рет тамақтан 20-30 минут алдын белгіленеді.Левомицетиннің антибиотиктік бактериостатикалық әсерлерінің оның рибосомаға жасайтын ықпалымен және ақуыздың синтезіне қысым көрсететінімен байланысқан.Пептидилтрансферазаны да әлсіздендіреді.Микроорганизмдердің левомицетинге үйреншіктігі,төселуі біршама баяу дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |