Фармакологияның даму тарихы. Атақты фармакологтар. Фармокология және фармакопея комитеттері, олардың қызметі. Жаңа дәрілер табу жолдарының принциптері


Антибиотиктер. Әсер механизмі бойынша жіктелуі. Тетрациклиндердің педиатрияда қолдану ерекшеліктері



бет23/35
Дата17.06.2023
өлшемі90,57 Kb.
#101939
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
Farm 2 kurs

Антибиотиктер. Әсер механизмі бойынша жіктелуі. Тетрациклиндердің педиатрияда қолдану ерекшеліктері.Антибиотиктер – әртүрлі микроорганизмдердің өмір сүру қабілетін жоюға бағытталған микробтан, өсімдіктен, жануарлардан алынған заттар немесе оның синтетикалық аналогтары.
Антибиотиктер – микроорганизмдерді таңдап азайтатын немесе жоятын әсер етуші биологиялық текті химиялық қосылыстар. Медицина практикасында қолданылатын антибиотиктер актиномицеттерден (сәулесі саңырауқұлақтармен), өнездік саңырауқұлақтардан және кейбір бактериядан өндіріледі. Дәрілердің осы тобына табиғи антибиотиктердің синтетикалық аналогтары мен туындылары да жатады. Әсер ету механизміне қарай жіктелуі:Бактерицидті әсер ететін антибиотиктер:Жасуша қабықшасының синтезін бұзатын: пенициллиндер, цефалоспориндер және басқа да β-лактамдар.Цитоплазматикалық мембрананың өткізгіштігін бұзатын: полимиксиндер, саңырауқұлаққа қарсы антибиотиктер.
Бактериостатикалық әсер ететін антибиотиктер:Ақуыздың жасуша ішілік синтезін бұзатын тетрациклиндер, макролидтер, аминогликолиздер (бактерицидті әсер көрсетеді), левомицетин, линкомицин.Нуклеин қышқылының (РНҚ) синтезін бұзатын: рифампицин, гризеофульвин. Тетрациклиндерде белгілі бір мөлшерде гепатоуытты (окситетрациклин) әсер болады. Жүктіліктің екінші жартысынжа және балаларға тетрациклиндерді абайлап тағайындаған жөн. Бұл тетрациклиндердің сүйектердің ұлпасына, оның ішінде тістердің ұлпасына жинақталып, кальций тұздарымен хелаттық қосылыстар түзуімен байланысты. Осы қосылыстар түзілгенде қаңқаның қалыптасуы бұзылады, тісте зақымданады.


Цитоплазматиккалық мембрананың өткізгіштігін бұзатын антибиотиктер. Қолданылуы.жағымсыз әсерлері. Полимиксиндер химия тобы құрылымы жағынан циклдық полипептидтер болып саналады. Біздің елімізде М-полимиксині (сулфат түріне)пайдаланылады.М-полимиксині антимикробтық әсері механизмі цитоплазма мембранасын зақымдаушы ықпалына байланысты. М-полимиксині сульфатын ішке және жергілікті тағайындайды.Оны парентеральды қоллданбайды, себебі, ол нейро және нефроуттық бұзылыстар туғызады. Көк ірің және ішек таяқшасына шигелламен тудырылатын, энтороклит кезінде сондай-ақ операция алдындағы ішектерді тазалау үшін дәрі энтерльды пайдаланылады. М-полимиксині сульфаты энтаральды және жергілікті қолданылады жанама әсерлері сирек байқалады, ал ішек қолданылғанда дәрілердің кейбір тітіркендіретін әсеріне байланысты диспепсиялық құбылыстар болуы мүмкін, кейде суперинфекция дамиды. Аллергиялық серпілістер іс жүзінде байқалмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет