Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті


Фашистердің Түркістан легионын құру әрекеттері



бет3/4
Дата23.07.2022
өлшемі420,11 Kb.
#37868
түріСабақ
1   2   3   4

Фашистердің Түркістан легионын құру әрекеттері

  • Түркістан легионы – Орталық Азияда туған түркілерден тұратын Вермахттың бөлімі. Кеңес пропогандасы легионның құрылуында Мұстафа Шоқайды айыптаған. Бірақ та кей бір деректерге сүйенсек, мұндай бөлімдерді ашуды немістер 1933 жылдарда-ақ жоспарлап қойған деседі. Негізі, Түркістан Легионы үлкен Шығыс легионының бір бөлігі болатын. Мұны 1941 жылы Мұстафа Шоқайға ұсынады. Бірақ, ол келіспегендіктен Түркістан Легионының басшысы ретінде Уәли Қайюмды сайлайды. Оларды біріктірген негізгі мүдде Түркістанды орыстарды зұлымынан азат ету болды. Бөлім негізінен Қызыл Әскер жағында күресіп жүріп тұтқынға түскен әскерлер мен Еуропа мен Түркияда қоныс аударып кеткен түркі ұлттардан тұрды.
  • Бұл уақыттарда Түркістан өлкесі 23 жылдан бері КСРО құрамында еді. Түркістан Ресей Империясының құрамында 40 жыл ғана болды. Қолына мылтық ұстап келгендерді жергілікті халық жылы қарсы алмағаны сөзсіз. Көпшілігі жаңа үкіметке қарсы бас көтермесе де, оларды саясатын іштей қолдамайтын еді. Бірақ, 1941 жылдардағы Кеңес пропогандасы өте белсенді түрде жайылып жатқандықтан өсіп келе жатқан ұрпақ жаңа, коммунистік рухта өсіп жатқан болатын. Ал, бұл кезекте Кеңес Үкіметіне қарсы бас көтеру мүмкін еместей көрінетін. Бірақ, үкіметтің қысымымен қоныс аударып кеткендер жергілікті халықтың Кеңес шырмауынан азат болғанын шын жүректен қалайтын еді. Осы адамдар арқылы немістер антикеңестік легиондарды құруда шешім қабылдады.Түркістан Легионының Әскерлеріне Ұлы Түркістан Мемлекетінің құрылуы уәде етілген еді. Сонымен қатар, оның құрамына Орта Азия, Башқұртстан, Еділ бойы, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ және Шыңжаң өлкелері қосылады деп жоспарланған болатын Түркістан Легионының туы Түркістан Автономиясының туы негізінде жасалған.

Соғыс жылдарындағы ғылым,мәдениет және xалыққа білім беру қызметтері

Ғылым

  • Ғылым. Соғыс жылдарында Қазақстан ғылымы мен мәдениеті үлкен ауыртпалықты баcтан кешірді. ЖОО-лардың, мектептердің, мәдениет орындарының материалдық базасы нашарлап кетті. Олардың ғимараттарының бір бөлігі госпитальдарға, қорғаныс кәсіпорындарына берілді. Мектептердің саны азайды, оқу орындары, 130 театрлар қосылды. Зиялы қауымның маңызды бөлігі әскерге алынды. Соғыс жылдарында республикада iрi ғылыми күштер шоғырланды. Бурабайда академиктер — В.М.Алексеев, А.Н.Бах, Л.С.Берг, .Н.Бернштейн, В.Н.Вернадский, Н.Ф.Гамалей, Н.Д.Зелинский, Л.И.Мандельштам, А.С.Орлов және басқалар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiздi. КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында астрономиялық обсерватория, тiл, әдебиет және тарих, химия- металлургия, топырақтану бөлiмдерi ұйымдастырылды. Республика ғылымы қарышты дамыды. КСРО ҒА ның Қазақстан филиалындағы ғылыми қызметкерлердің саны 1940 жылы 152 адамнан 1945 жылы 864-ке жетті. Ғылым академиясын құрудың іргетасы қаланды. Қ.И.Сәтбаев бастаған Қазақстан ғалымдары қара, түстi және сирек кездесетiн металдарды, жанатын пайдалы қазбаларды, су және су энергетикалық қорын майдан қажетiне жұмылдыру бағытында жұмыс жүргiздi. Қ.И.Сәтбаевқа Жезқазғанмыс кен орындарына сiңiрген көпжылдық еңбегi үшiн 1942 жылы Мемлекеттiк сыйлық берiлд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет