Фазалық диаграммалар



бет2/2
Дата18.11.2023
өлшемі55,78 Kb.
#124416
түріСабақ
1   2
Кризистік нүкте. Буды сүйыққа айналдыру үшін оның температу- расын төмендетіп, қысымын арттыру керек екенін сендер білесіңдер.
1861 жылы Д.И. Менделеев әрбір сұйық үшін сұйық пен оның қанық- қан буының арасындағы айырмашылық жоғалып кететін температура- ның болуы тиіс екенін тағайындады. Будың сұйыққа және керісінше айналуын ағылшын ғалымы Т. Эндрюс (1813—1885) тәжірибелік жол- мен зерттеді. Ол әрбір сұйық үшін осындай температураның болатынын көрсетті және ол үшін кризистік температура деген термин енгізді.
Заттыц кризистік температурасы (tкр ) деп сұйық тыгыздыгы мен оның қаныққан буының тыгыздыгы бірдей болатын кездегі температураны айтады.
Судың және оның қаныққан буы тығыздығының температураға тәуелділігі 44.2, а-суретте көрсетілген. Тек тығыздық қана емес, со- нымен қатар оның қаныққан буының қысымы да температурамен бірмәнді анықталады, олай болса, қаныққан бу үшін оның қысымының температураға тәуелділік графигін салуға болады (44.2, а-сурет).
44.2, а-суреттен температураның жоғарылауымен изотерманың гори- зонталь бөлігі tкр кризистік температурада Кнүктесіне қарай тартыла
а)
отырып қысқаратыны көрінеді.
Соған сәйкес сүйық пен қаныққан будың меншікті көлемдеріндегі айырмашылық та, олай болса, олардың тығыздықтарындағы айырмашылық та азаяды. Кризистік температу- рада бүл айырмашылық толығымен жойылады. Онымен бірге сүйық пен оның буының арасындағы барлық айырмашылықтар жойылады.

44.2-сурет

Температураның кризистік мәнге tкр ұмтылуы кезіндегі изотерма- лардың горизонталь кесінділері жакындайтын және шекті болып табылатын К нүктесі кризистік нцкте деп, заттың К нүктесі арқылы бейнеленетін күйі кризистік кцй деп, ал кризистік күйге сәйкес көлем Vкр, қысым pкр және температура tкр кризистік шамалар деп аталады.
Қаныққан будың қысымы температураға байланысты өсіп, кризистік температура pкр кезінде мәнге жетеді. Кризистік температурадан жоғары температураларда қаныққан бу ұғымы мағынасын жояды. Сондықтан қаныққан бу қысымының температураға тәуелділігінің қисығы кризистік нүктеде К аяқталады.
Кризистік температурадан жоғары температураларда зат кез келген қысымда біртекті болады. Бүндай температураларда затты ешқандай сығу арқылы сүйылту мүмкін емес.
Осы айтылғандардан газ бен бу арасында принциптік айырмашылық жоқ екені шығады. Әдетте, газ деп заттың газ кцйін, ягни темпера- турасы кризистік температурадан жогары кездегі, ал бу деп темпе- ратурасы кризистік температурадан төмен кездегі заттың күйін айтады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Су ыдыстың қақпағы ашық кезде тезірек қайнай ма, әлде жабық кезде ме?

  2. Үштік нүкте деген не?

  3. Кризистік температура деп нені түсінеміз? “Кризистік температура” терминін енгізген кім?

  4. Сублимация деген не? Сублимацияға қандай процесс ілесе жүреді?

  5. Абсолют қайнау температурасын кім тағайындады?

  6. Заттың қандай күйі кризистік күй деп аталады?

  7. Кризистік нүкте деген не? Кризистік шамалар деп нені айтады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет