Ғдебиет сабаєындаєы шыєармашылыќ жҢмыстар



бет10/17
Дата04.11.2022
өлшемі240 Kb.
#47375
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Әдебиет туралы

ХІҮ. Мазмұндама.


Әдебиет сабағында мазмұндама жазудың үлкен мәні бар. Ол балалардың өзіндік ой-пікірін кең толғайтын шығарма жазуына дайындығы. Мұғалім Ү –ҮІІІ класс аралығында мазмұндама жаздырғанда, мәтінді оқушыларға әуелі оқытып алады, содан кейін оларға жоспар жасатады. Жоспар жасау арқылы оқушының логикалық ойлау қабілетін арттырып, олардың өз пікірін ашық та анық айтуға үйретеді. Бір мәтіндегі бір-бірімен байланысты ойлардың өзара жігін таба білуге дағдыландырады. Мұндай жұмыстар оқушыны жазғалы отырған мәтінді толық әрі жан-жақты түсінуге машықтандырады. Балаларды өз ойын жүйелеп жазуға төселдіреді. Мазмұндама жаздырғанда мынадай жұмыстар қатаң сақталады:

  1. Кіріспе (тақырып бойынша жалпы түсінік, шолу, автор жайлы бірер сөз т.б.)

  2. Мәтінді оқыту, талдау (әуелі мұғалімнің бағыт-бағдар беруі, оқушылардың мазмұндамаға байланысты әңгімесі, мәтіндегі негізгі ойға талдау жасау, мазмұнды ашуға тікелей қатысты тірек сөздерге түсінік беру, мағыналық жағынан талдауды қажет ететін сөздер, сөз тіркестеріне, сөйлемдерге тоқталу т.б.)

  3. Қорыту, жоспар жасау, жеке бөлімдерді жинақтау (бір оқушыға мәтіннің мазмұнын әңгімелету, туындының ой түйіні өрілген тұсын баса көрсетіп, жоспарға енгізу, жеке бөлімдердің мазмұндық ерекшелігін мұғалімнің соңғы рет түсіндіре кетуі).

  4. Қайталау (балалардың түсінбеген тұстарына тоқтау, мұғалімнің не жолдастарының көмегімен жауап беру, мәтінді тұтас не оның қиын бөлімін қайталау).

Мұғалім өз тәжірибесінде мазмұндама жазуды бағдарламалық материалдардың ішіндегі таныс мәтіннен бастап жүр. Мұндай жағдайда шығарманың әрбір бөлігін шәкірт бұрынғыдан да гөрі тереңірек білуге дағдыланады, екіншіден, өздеріне таныс мәтінді сауатты әрі сапалы жазуға төселеді.
Мазмұндама жазар алдында ұстаз балалармен даярлық жұмыстарын жүргізеді. Шығарманың бірнеше тараудан тұратынын ескертеді. Сондықтан әр тарауды жеке-жеке оқып, мазмұнын түсініп, талдап, жоспар жасап, ат қойдырады. Содан соң барлық бөлімді қайтадан оқудан өткізіп, жинақтап, түсініктерін ауызша айтқызады. Осы бөлімдердің бірінен келесі сабақта мазмұндама жазатындарын ескертеді. Балалар үйде өз беттерінше мазмұндама жазу үшін жеке-жеке тақырып іріктейді. Мазмұндаманы сыныпта жазғанда балалардың дайындап келген бірнеше тақырыпша бойынша жазудың үлгісін көрсетеді. Әуелі оқушының жеке ойын тыңдайды, оны мұғалім өз ойымен байытып, содан ортақ пікірге келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет