Ғдебиет сабаєындаєы шыєармашылыќ жҢмыстар



бет6/17
Дата04.11.2022
өлшемі240 Kb.
#47375
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Әдебиет туралы

ҮІ.Очерк жазу. Мектеп бағдарламасында: “Әдебиетке бейімі бар оқушыларға өлең, әңгіме, очерк жаздыру, жұмбақ ойлап тапқызу сияқты шығармашылық жұмыстарға жаттықтырып, әдеби талғам мен қабілетін жетілдіру ісіне ерекше назар аударылуы тиіс”-деп көрсетілген.Бұл оқулық көлемінде шектеліп қалмай, оқушылармен сыныпта ,сыныптан тыс уақытта шығармашылықпен жұмыс жүргізу деген сөз Осы негізге сүйене отырып, жоғары сыныптарда ”жауынгер жанр”-очеркпен үнемі жұмыс жүргізген дұрыс. Оның негізгі мақсаттары:еңбек адамдарының өмірімен таныстыру, еңбек сүйгіштікке баулу, очерк туралы ұғым беру, оны жазуға үйрету.Бұған қоса мына үлгідегі жұмыстарды жүргізуді жөн дер едік.
1.Газет-журналдардан очерктер оқып беру.
2.Жергілікті газеттерде жарияланған, кейіпкері оқушыларға таныс очерк бойынша мазмұндама жаздыру.
3.Оқушының өзінің көріп- байқағандарынан шығарма жаздыру.
4.Жергілікті жерде болған әсерлі оқиғаға байланысты очерк жаздыру.
Очерк- шағын көлемді шығарма. Оның кейіпкері-өзімізге таныс, өмірде бар адам.Очерк сол адамның еңбекке деген қабілетін, адамгершілік қасиетін, қоғамға деген көзқарасын, патриоттығын, ерлігін бейнелейді.Очерктің 2 түрін: жол сапар очеркін, портрет очеркін түсіндіру қажет.
1.Газет журналдардан очерктер оқып беру.
2.Ал оқушының өзінің көріп байқағандарынан очерк жаздыру.Бұл очерк жазуға алғы шарт, әзірлік ретінде жүргізілетін жұмыс.Мұның тақырыбы әр алуан болуы мүмкін. Оқушылар алғашқыда ортақ бір тақырыпқа, кейіннен өздері қалаған тақырыптарына жазады.
ҮІІ.Мақала. Мақала жазу үшін жазатын нәрсені , оқиғаны, істі автор өз көзімен көріп, жете білуі керек. Мақаланы ойдан құрап, әйтеуір “осылай болу керек-ау “ деген шамамен жазуға болмайды. Мақала жазу үшін ,ең алдымен , тақырып және ол тақырыпқа жазылатын мазмұн керек.Мектеп оқушылары өмірінде мақала жазуға тақырып тіпті көп: оқу жайы, оқу озаты, өнерпаз оқушы, саяхатта, еңбек лагерінде т. б.Мұндай тақырыптарға жазылған мақалалар көпшілікті үлгі-өнегеге, жақсы дәстүрге үйретеді, оларды еңбекке баулып, ерлік істер жасауға еліктіреді, жұртшылықты саналылылыққа, ұйымшылдыққа , адамгершілікке, достыққа ,тәрбиелейді. Сондықтан оқушыларымыздың өзі жақсы нәрсеге еліктеп, өз басы одан үлгі ала отырып, сол өнегені қалың көпшілікке мақала арқылы жариялап, тарата білуінің үлкен мәні бар. Мақала жазу тіл байлығының молдығын, сөйлемді жатық , көркем етіп құрай білуді, ойды толық жеткізе білуге , баяндамақшы мазмұнды сатылап, рет- ретімен байланыстыра , көпшілікті қызықтыра құрып жазуға дағдыланып, әбден жаттығып, төселуді керек етеді. Мақала жазу бірте-бірте күрделене береді. Бірте-бірте оқушы мақала жазуға әбден төселіп, әр тақырыпты жазудың әр түрлі қыр-сырын, ерекшелігін түсіне бастайды, мақаланы кімге арнағанда қалай жазу керек екнін аңғарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет