Ғдебиет сабаєындаєы шыєармашылыќ жҢмыстар


ҮІІІ. Әдебиет пәні бойынша тезис, конспект



бет7/17
Дата04.11.2022
өлшемі240 Kb.
#47375
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
ҮІІІ. Әдебиет пәні бойынша тезис, конспект жаздыруды тәжірибеге енгізген жөн.Әр әңгімеден, шығармадан әр адам өз түсінігінше ең керекті дегенін жазып алуына болады. Ондайды конспект дейді. Мысалы “Айтыс” тақырыбын өткенде Р. Бердібаевтың “Айтыс өнері”, Е. Ысмайыловтың “Ақын және оның тұлғасы”, еңбектері бойынша конспект жаздыруға болады. Ал кейде белгілі бір шығарманы оқиғасы, идеясы, суреттелетін өмір шындығы, композициясы, образдардың тұлғалану ерекшеліктері, тілі тәрізді тақырыптарға бөліп, оны бірнеше оқушының бірігіп талдап, өз түсініктерін ортаға салуын ұйымдастырады.Әңгіменің, шығарманың, мақаланың ең түйінді дегендерін аз ғана сөйлеммен жазып оларды ауызша сөйлегенде, кеңейтіп айтуына болады. Оны тезис деп атаймыз.Тезис былай қарағанда, жоспарға ұқсас.
Демек, оқушылардың өзінше ойлау белсенділігін көтеруде шығармашылықтың алатын орны зор.Оқушылардың ойлау жүйесін жүйелі желімен жетілдіруде оларды әрбір тақырыптың тиімді мәселесіне ерекше ынталандыра білудің мәні бөлек.
ІХ. Шығармашылық жұмысты ауызша суреттеу, портреттік сурет, әңгімелесу (инсценировка , әдеби сценарий) арқылы да жүргізуге болады.
Ауызша суреттеу-оқушының кітаптан оқыған көріністерді өз ой-қиялымен әсерлеп, өз тілімен әңгімелеу. Мысалы, оқушылар С.Сейфуллиннің “Көкшетау” поэмасындағы эпитет, метафораларды, жалпы ойын, образды сөздерді, сөз тіркестерді іріктеп алады. Сол арқылы Көкшенің сұлу суретін әңгімелейді. Оқушылардың поэмадан алған ерекше әсері, шабытты әңгімесі арқылы тыңдаушылардың көз алдына саясында алтын кеседей жарқыраған сексен көлі бар сұлу Көкше мұнартады. Асқақ таудың басынан жөңкіген ақ үлпек бұлт, етегін кестелеген ну қарағай, сіркіреген ақ жаңбыры бәрі-бәрі оқушының әңгімесін әрлендіріп, қиялын қиянға жетелейді.Бейнелеу, яғни ауызша суреттеу балалардың ойлау, түйсіну қабілетін ұштайды.
Кейіпкердің іс-әрекетін, жалпы психологиясын өзек етіп, портреттік сурет салу да шығармашылық жұмысқа жатады. Мысалы, Ғ. Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” романы бойынша Қайроштың Шеген мен Борашқа кездескендегі сәтінен кейіпкердің портретін бейнелеу мүмкін емес. Сол үшін мұғалім көркем шығарманы оқушылардың толық оқып шығуын талап етеді.Оқыған кезде кейіпкердің сыртқы кескін- келбетін, жүріс- тұрысын ғана емес, сөйлеу мәнерін, ішкі дүниесінің өрнектерін, мінез-құлқын жетік білуін, өзінше зерттеп тануын қадағалайды.Сонда ғана оқушы кейіпкер бейнесін көз алдына толық елестете алмақ. Осындай ықтияттап оқып, әдеби тұлғаны тану арқылы оқушы көркем туындының рухани нәріне еркін қанығуға мүмкіншілік болмақ.
Тіпті жазушының әдеби портретін оқушыларға өз түсінігі , қиялы арқылы сомдатуда да мұғалім біраз жетістікке жете алады.Мысалы, ХІ сыныпта М.Әуезов шығармашылығын қорытындылау сабағында :
--Балалар, сендер, М.Әуезовті көз алдарыңа қалай елестетер едіңдер?-деген сұраққа бір оқушы былай жауап берген.
“ М.Әуезов –орта бойлы, кең маңдайлы, терең ойлы кісі.Оның әр уақытта бір қалыпты, ойлы, ауыр, тұңғиық көзқарасынан көп нәрсе түсінесің. Жазушы өзіңмен тілдесе қалса, ол сенің ішкі әлеміңнің бар қазынасын сол көзқарас арқылы ұғып, біліп алатын тәрізді, маған Сөйтіп сені ештеңені жасырмай сырыңды да, шыныңды да бүкпесіз айтуға итермелейді.Мұхтар-өмір туралы түсінік –танымы өте кең адам.Ол досына адал, дұшпанына темірдей берік те қатаң болар.Жазушының жақсы қасиеттері оның ұлы ойларынан нәр алған кейіпкерлерінен –ақ көрініп тұр”
Адам бейнесін, кейіпкер бітімін өзінше елестетуге машықтанудың оқушы көңіліне қалдырар ізгі әсері мол. Көркем әдебиет, әдеби тұлға табиғатына қанығу арқылы өзінің де, өзгенің де өмірлік дүние танымын кеңейтеді. Көркем әдебиет- қашанда ауызша әңгімеге жетерлік материалға бай.Кейде әңгімені шығарманың бір кейіпкерінің атынан айтуға да болады.Мысалы, Б.Майлиннің “Мырқымбай” өлеңін өткенде Мырқымбайдың төңкерістен бұрын көк шолағын сипай қамшылап, жер жыртып, кәсіп етіп жүрген момын шаруа екендігін өз сөзімен де әңгімелеп жеткізуге де болады.Шығармашылық әңгімелесудің бірнеше түрі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет