Ғдебиет сабаєындаєы шыєармашылыќ жҢмыстар


Оқушыларды әдебиет сабағында шығармашылыққа



бет2/17
Дата04.11.2022
өлшемі240 Kb.
#47375
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Оқушыларды әдебиет сабағында шығармашылыққа
бағыттайтын жұмыстарға төселдірудің әдістері.
Көркем шығарманың тақырыбы мен идеялық мазмұнын, көркем сюжетін, таныстыра отырып, әрмен қарай оқиға желісін, жеке кейіпкерлердің мінездемесін шәкірттеріміздің өзі алып кеткенін қалаймыз, қаһарман туралы өзіндік ой-пікірі болғанын мақұлдаймыз, мүмкіндігімізше белсенді іс-әрекетердің жүруіне бағыт беріп, байқаймыз.Егер біз шартты түрде өзімізді кеме үстіндегі бір команда етіп алсақ, ұстаз- капитан, шәкірттер –оның командасындағы жұмыскерлер.Шын мәнісінде капитанның ұсынған бағдар-бағытын команда мүшелері өз беттерінше мұқият жұмылып орындамаса кеме апатқа ұшырар еді.Кейде әдебиет сабағының өзі де осыған ұқсайды, ұстаз келешекте істер жұмыстың идеясын, бастамасын өзі айтып,бағдар-бағыт сілтейді,ары қарай оқушылар бірдей жұмылып, әдеби талдау , ой қорытындысын өздері жүргізіп кетпесе, сабағыңыз ойдағыдай шықпай, жоспарыңыз бұзылады.
Кейбір сәтте әдеби шығармаға талдау,талқылау өткізіп, пікір таластырып, қорытынды шығартқызып, енді сол мәселені үй жұмысы ретінде шағын шығарма, ой толғау жазуға ұсынсаңыз, көптеген шәкірттер жазба жұмыстарында сүрініп, өз ойын қағазға түсіруге олақ келеді, кешегі ауызша айтқан жеке пікірін пікірін жазба жұмысына айналдыра алмайды.Сондықтан мұндай кемшіліктерді болдырмау жолын қарайсыз да, озат тәжірибелі ұстаздар еңбегіне тағы да бір көз саласыз, ой елегінен өткізесіз, әрине, тұйықтан шығар жолдың болмауы мүмкін емес, ізденесіз, қиналасыз…
Әдебиет сабақтарында шығармашылыққа негізделген жазба жұмыстарын жүргізуде өзіндік тәжірибемді, пікірімді қалай жүзеге асыруға тырыстым, алғашқы нәтижелер қандай болды, осы жөнінде сыр бөлісуді жөн көрдім.


Шығармашылық жұмыстың міндеті мен мақсаты.


Мұғалім өз шәкірттерінің қабілетін, оқуға –білімге құштарлық сезімін ұштайды, оқушылардың күнделікті сабаққа дайындалудағы ой-танымын жетілдірудегі әлі де артық кем жатқан жайтттарды саралап, салмақтап, алдағы іске өріс ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет