Ғдебиет сабаєындаєы шыєармашылыќ жҢмыстар



бет8/17
Дата04.11.2022
өлшемі240 Kb.
#47375
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Әдебиет туралы

Х. Шығарма -суреттеме
Басты белгілері. Өнер түрлерінің туындыларына табиғат, қала, ауыл көріністеріне жазылады.
Негізгі талаптар: шағын,тұжырымды,көркем тілмен жазу. Ең басты көріністі бейнелі сөзбен дәл бере білу. Шығарма- суреттемені шығарма сипаттаудан ажырата білген жөн. Суреттеменің басты белгісі-көрініс, суретті бейнелі сөзбен дәл көрсету болып табылады. Шығарма-суреттеме жазғызу бұрынан да бар. Бірақ, қазіргі технология талаптарын басшылыққа алу керек, яғни суреттеме жазғыза отырып, білімнен түсінік, түсініктен қолдану, қолданудан анализ, анализден синтез, синтезден оқушының өзіндік бағалауына дейін білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге дейін сатылай көтеруді мақсат ету. Мысалы: “Тайбурыл шабысын” суреттей отырып, өз қиялдарына ерік берсін. Оның шабысын бала өзінше де суреттеуге болады. Бұл жұмыс синтез бен бағаға қарай жетелеуде өте тиімді болып келеді. Осы соңғы жұмысты әсіресе дарыны, қабілеті жақсы оқушыға ұсынған дұрыс. Әрине, шектеу болмауы керек.
ХІ. Рецензия- латынша бағалау. Шығарма рецензияның бір түрі оқыған көркем шығармаларына талдау жазу. Әрине 6-сынып оқушысының көлемді жұмыс талап ету орынсыз. Дегенмен, рецензия жұмысына баулу оқушының оқыған шығармаларына деген өзіндік пікірін қалыптастыруға түрткі жасау өте дұрыс. Өз көзқарасы бар, тілі дамыған шығармашылық тұлға қалыптастыруда бұл жұмыстың маңызы ерекше.
Екінші түрі- өздері жазған шығармаларын бір-біріне оқытып, тексертіп, сол бойынша рецензия жазғызу.
Мысалы: Абай “Дүние ойдан шығады”- дейді. Шығады деген етістікті ұшады деген етістікпен ауыстыруға болатын сияқты.
Ескерту: Мақсат ұлы ақын тілін меңгертуде талпыныс сынау емес, әрине.
Ұжымдық оқыту технологиясын пайдалана отырып, жұптық, топтық жұмыстар арқылы бір-бірінің жазған шығармасын, тіпті осы рецензиясын талдауларына болады. Бұл жұмыс ауызша да жазбаша да орындалады. Жұмыс соңында рецензия жазылады.
Шығармашылық жұмысқа үйретудің бұл түрі- өзге жұмыстарға немесе өз жұмысына рецензия (пікірнама) жаздырып үйрету арқылы жүзеге асырылады. Оған сыни көзқараспен қарауға, кемшіліктер мен жетістіктерді аңғаруға, кейін жақсы жағын алып, олқылығын болдырмайтын дәрежеге жеткізу үшін жұмысты бағалау шарттарын игеру үшін пайдасы мол
Рецензия жазар алдында оқушыларға көмек ретінде төмендегідей сұрақтар беріліп қояды.Олар өз жұмысында осы сұрақтарға жауап іздей отырып жұмыс жасайды:

  • эпиграф шығарма тақырыбы мен мазмұнын көрсетіп тұр ма?

  • кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдердің мазмұнында сабақтастық байланыс бар ма?

  • іс-әрекет дамуы жүйелі оймен дәлелденген бе?

  • шығармада туынды мәтіні қалай пайдаланылған?

  • шығармада әдеби дәлелдер оқушы толғанысымен суреттелген бе, әлде мазмұндау стилі басым ба?

  • шығармада өзіндік ой, топшылау, пікір байқала ма?Оқулықтың, сыни мақалалардың әсері көп пе?

  • жұмыста оқушы тілі, ойлау мәнері, ойын беру әрекеті қалай көрінеді?

  • шығарманың жазылуы қалай? (Азат жол, эпиграфтың орны, тазалық, жазудың анықтығына назар аудару қажет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет