Ғдебиет сабаєындаєы шыєармашылыќ жҢмыстар


Шығармашылық жұмыстың негізгі түрлері



бет4/17
Дата04.11.2022
өлшемі240 Kb.
#47375
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Әдебиет туралы

Шығармашылық жұмыстың негізгі түрлері


ІІІ. 5-6 сыныптарда интервью алу, репортаж жүргізу, жолсапар күнделіктерін жаздыру, кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме жасату тәрізді минишығарма жүргізудің үлкен мәні бар; үнемі осындай шығармашылық жұмыс жүргізілген сынып оқушылары бірте-бірте шығарма жазудың мәніне түсініп, ең соңында “нағыз “ шығарма авторына айналады.М.Горькийдің мынадай бір нақыл сөзі бар:”Жазу алдында өзіме мынадай 3 сауал қоямын: нені жазамын, қалай жазамын,не үшін жазамын?” Осы сөз оқушылардың жазба жұмыс жазар алдында көкірегіндегі сөзі болу керек қой деп ойлаймын.
Ү. Оқушының жекелік қасиетін оятып, интеллектуальдық бейнесін дамытуға көмектесетін шығармашылықтың жұмыстың бірі- эссе.Эссе жазу –оқушының авторлық көзқарасын байқатудың басы, ғылыми жүйеде ойлана бастауының көрінісі, өзіндік ойлануының бастамасы.Эссені өз тәжірибемде ой толғау, сыр толғау түрінде алып та жүрмін.Оқушылар шығармасындағы ой, тұжырымдама, талдау байқалған сөйлем, сөз тіркесін, кейде жалғыз сөздің өзін жазып алып, не белгілеп, кейін өздеріне не өзге оқушыларға көрсету ұстаздық тәжірибеде дағдыға айналған.Эссе жазу тапсырмасы-көрген нәрсе туралы, не әсер жөнінде жазу. Бұл жерде ол нәрсенің түрі, түсі де баяндалуы керек, сенің ол жазу туралы әсерің, қиналуың өзге адамды да толғандыруы керек. Сонда мынадай дүние өмірге келеді:”Кездеспей кеткен бір бейне”
Мысалы,”Өткен күзде автобуста бір оқиға болды.Мен адамдар арасында тұрғанмын.Кенет мөлдіреген қап-қара көздерді көріп қалдым.Бірақ ол адамдар арасында көрінбей кетті.Мен жанталасып көзіммен таңғажайып әдемі жанарларды іздеуге шықтым.Бір кезде тауып алдым.Қандай мөлдір, қандай тұңғиық көздер еді.Мені сыйлашы”- деп тұрғандай, мен ол жанарлардан көзімді ала алмадым.Бірақ көздер жоғалып кетті, мен жанталасып,енді көзіммен емес, бүкіл әрекетіммен оны іздеуге кірістім. Алдындағыларды сырып тастап жақындап келемін.Осы сәтте автобус тоқтады да, қайта жүріп кетті.Мен ышқынып артқы есікке жетіп келдім.Қайран қара көздерді таба алмадым. Иесі түсіп кеткен болар.Әлі көз алдымда, мөп- мөлдір қарашықтар, айналаға таңырқай қараған тұп-тұнық жанарлар, мөлдірлігі сонша, көздің арғы жағындағыны көргендей болдым.Кездеспей кеткен бір бейне, бірақ іздеп келем оны.Елестете отырып оқиғаны жазу оқушыда бейнелі түрде ойлау жүйесін дамытады, қиялын ұштайды, жекелік қасиет-қабілетінің оянуына көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет