Ферменттер (1-004 группа педиатрия. Сапаралы Айгерім)
Ферменттер деп ағзада жүретін алуан түрлі биохимиялық процестерге катализатор ретінде əсер ететін белоктік табиғаты бар қосылыстарды айтады. Əдетте химиялық реакциялардың жүру жылдамдығын шапшаңдататын заттарды катализатор деп атайды. Ал ферменттер – өсімдіктер мен жануарлар жəне микроағзалар жасушаларынан бөлінетін белок тектес, ағзадағы биохимиялық реакцияларды шапшаңдататын қабілеті бар зат. Оның қатысуынсыз қоректік заттардың ағзаға сіңуі мүмкін емес. Осыған сəйкес ферменттерді биологиялық катализаторлар деп атайды, өйткені, олар тірі ағзада өтетін зат алмасу процесіне тікелей атсалысады. Фермент (латынның тілінде fermentum – ашу деген мағына береді) деген терминмен қатар əдебиетте энзим (грек тілінде –enaym, en –ішкі, zyme ашытқы деген мағына береді) деген сөз де қолданылады. Ферменттерді жəне олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады . Ең алғаш таза ферментті 1926 ж. жас биохимик Дж. Самнер кристалл түрінде алды. Ол канавалия деген өсімдік дəнінен уреаза ферментін бөліп алып, оның кристалдарының белоктан тұратынын анықтайды. Ферменттер жай жəне күрделі белоктарға жатады. Күрделі белоктар түрінде құрылған кейбір ферменттердің простетикалық топтарына витаминдер кіреді. Ферменттердің физикалық жəне химиялық қасиеттері белоктың табиғатымен белгіленген. Ферменттер жартылай өткізгіш мембрана арқылы диализденбейді, тұзбен тұндыруға бейім белок тəрізді түсті жəне тұнба реакцияларын береді. Ферменттердің негізгі қасиеті – олардың активтілігі. Мыса лы, крахмал клейстерінің судағы ерітіндісіне, сутегінің пероксидіне жəне кəдімгі сүтке ферменттерді қоспасақ, біз крахмалдың қантқа айналғанын, сутегі пероксидінің ажырағанын жəне сүттің ұйығанын байқай алмаймыз. Ал крахмал ертіндісіне аз ғана мөлшерде амилаза ферментін қоссақ, оның аз уақыттың ішінде 55 глюкоза қантына айналғанын көреміз. Сол сияқты каталаза фер ментінің əсерінен сутегінің пероксиді ажырайды, ал мəйек ферменті қосылса, сүт тез арада ұйып қалады. Ферменттер құрылыс бойынша: біркомпонентті және екікомпонентті бөліп бөлінеді:Біркомпонентті-фермент пен нәруыздан құралады.Екікомпонентті ферменттерге нәруызды және нәруызды емес бөліктер кіреді.Нәруызды бөлік-Апофермент. Нәруызды емес бөлік-Кофермент .
Ферменттердің классификациясы:
1. Оксиредуктазалар-электрон-дың тасымалын катализдейді.(Тотығу-тотық-ну)
2. Гидролаза-гидролит-лық ыдырау реакция жылд-ғын көбейтеді.
3. Лигазалар-синтез реакцияларын жылд-ды.
4. Изомеразалар-бір субстрат молекуласының құрылымдық немесе кеңістіктік өзгерістерді катализдейді.
5. Трансферазалар- функционалды топтардың және молекулалық қалдықтардың бір қосылыстан екінші қосылысқа тасымалдайды.
6. Лиазалар-молекулалар арасындағы химиялық байланыстарды гидролиз реакциясыз катализдейді,бір өнімнің ішінде қос байланысты түзеді. Субстратты ыдыратады және жаңа өнімді синтездейді.