|
|
бет | 3/6 | Дата | 15.10.2022 | өлшемі | 4,58 Mb. | | #43341 | түрі | Құрамы |
| - Жүйелік атау: әр ферменттің номері (шифры) болады, ол төрт саннан тұрады.
- бірінші сан ферменттің класын білдіреді,
- екінші сан класс тармағын,
- үшінші сан – класс тармағы бөлігін,
- төртінші сан өз тармағындағы номерін көрсетеді. Мысалы, 2.7.1.2.АТФ: глюкоза-6-фосфотрансфераза.
- Тривиалдық атаулар екі жолмен пайда болады:
- 1) Фермент әсер ететін субстрат атауына –аза жұрнағы қосылады. Мысалы, мальтозаны екі молекула глюкозаға гидролиздейтін фермент мальтаза.
- 2) Фермент катализдейтін реакция атауына –аза жұрнағы қосылады (оксидаредуктаза).
- Кейбір ферменттердің тарихи қалыптасқан атаулары бар. Мысалы, пепсин, трипсин, папаин,эластаза,т.б.
-
Ферменттер жіктемесі: Ферменттер әсерінің теориясы - Фермент өзінің субстратын айырып таниды. Э.Фишердің айтуы бойынша “құлыпқа дәл келетін кілт сияқты”, субстрат та активті орталыққа дәл келуі керек
- Қатал іріктеп өзіне ғана тән реакцияны катализдейді.
- Теория бойынша фермент әсері екі сатыдан тұрады:
- 1)фермент пен субстрат арасында комплекс – фермент-субстрат түзіледі
- 2) фермент-субстрат комплексі ыдырайды да, реакцияның соңғы өнімдері түзіледі, ал фермент босап шығады.
- Ферменттік реакциялар кинетикасы деп реакция жүру жылдамдығын айтады.
- Реакция жылдамдығын белгілі бір уақыт өлшемінде фермент әсерімен түзілген өнім бойынша (немесе субстраттың жойылу мөлшері бойынша) есептейді.
- Л.Михаэлис пен М.Ментен бойынша: фермент концентрациясы тұрақты кезде реакция жылдамдығы субстрат концентрациясына байланысты.
- Реакция жылдамдығы субстрат концентрациясына пропорционал болмайды.
- Ферменттік реакциялар жылдамдығына температураның әсері;
- Ортаның рН көрсеткішінің әсері;
- Фермент әсерінің ерекшелігі;
- Фермент активаторлары мен ингибиторлары;
- Проферменттер және оларды активтендіру;
- Изоферменттер;
- Мультиферменттік жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|