Ферменттер



бет5/6
Дата15.10.2022
өлшемі4,58 Mb.
#43341
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6

Изоферменттер (грек. isos – тең, бірдей және фермент деген сөзден шыққан) – бір ферменттің әр түрі, олардың полипептидтік құрылысында бір-бірінен өзгешелігі болады. Олар бір түрге жататын ағзада немесе жеке жасушада кездеседі, олардың катализдік активтілігі әр түрлі болады.

  • Изоферменттер (грек. isos – тең, бірдей және фермент деген сөзден шыққан) – бір ферменттің әр түрі, олардың полипептидтік құрылысында бір-бірінен өзгешелігі болады. Олар бір түрге жататын ағзада немесе жеке жасушада кездеседі, олардың катализдік активтілігі әр түрлі болады.
  • Адам ағзасының әр түрлі тканьдерінде лактатдегидрогенның 5 изотүрі табылды (ЛДГ1, ЛДГ2, ЛДГ3, ЛДГ4, ЛДГ5)
  • Жануарлар, өсімдіктер және микроағзалардың жеке бастарының шыққан тегін анықтау үшін белгілі бір изоферменттің бар екені немесе жоқ болуы генетикалық белгі болып табылады.

Мультиферменттік жүйе

  • Бұл көптеген әр түрлі ферменттерден құралған комплекс.
  • Әрбір жеке мультиферменттік жүйе 2 ферменттен 20 ферментке дейінгі топтан құралады.
  • Мультиферменттік жүйеде бірінші фермент катализдеген реакция өнімі екінші фермент катализдейтін келесі реакция үшін субстрат болады, т.с.с.

Ферменттердің практикалық маңызы

  • Бактериалдық ашу
  • Физиологиялық реттегіш
  • Катализ
  • Жасушалық метаболизм
  • Макромолекулалар
  • Генетикалық аппарат
  • Тамақтану
  • Мембраналар ультрақұрылысы
  • Коферменттер
  • Фармокология
  • Биосинтез
  • Реакциялар кинетикасы
  • Энергия айналуы
  • Биохимиялық эволюция
  • Тума зат алмасу бұзылуы

Иммобилденген ферменттер

  • Иммобилденген (лат.immobilis - қозғалмайтын)
  • ферменттер – қатты таянышқа (полимерге, целлюлозаға,әйнекке) бекіген ферменттер.
  • Ондай ферменттер ерімейтін материалмен ковалентті байланысады.
  • Иммобилденген ферменттер кең көлемде амин қышқылы, витаминдер, қант, антибиотиктер және дәрі- дәрмектер сияқты аса тапшы азық-түліктің және жемшөптік заттар өндірісінде қолданылады.
  • Тұңғыш рет 1910 жылы А.Гэррод зат алмасу ферменттермен және тұқым қуалайтын аурулардың арасындағы байланысты анықтады.
  • Медицинада ферменттер емдеу мақсатында қолданылады:
  • амилазалар. асқазан, ішек-қарын ауруларын емдеуде;
  • протеазалар- іріңдеген жараны емдеуде;
  • стрептокиназа-тромбоздар емдеуіне қолданылады.
  • химотрипсин (гидролаза) iрiңдi жарақаттар, көздiң қасаң қабығының ойылымдары және қатты күйiктердiң емдеуiнде тиiмдi.
  • iрi қараның асқазан асты бездерінен алатын трипсин ферменті трахеиттер және бронхит сияқты тыныс жолдарының iсiп қызару ауруларында қолданады
  • Лидаза гематомалар және тыртықтардың тарауында маңызды. Оның көмегімен жараланған буындардың қозғалғыштығы жақсарады.
  • пепсин ас қорыту аурулары (гастрит) кезінде қолданылады.
  • Ұйқы безі (панкреатин) ферментi ас қорытудың жақсарту мақсаты-мен бауырдың әр түрлi ауруларында қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет