30-400С температурады тірі ағзада ферменттер белсенді келеді. Егер бұл температура деңгейі төмен не жоғары болса, онда фермент белсенділігі төмендейді
Ферменттің өзі ақуыз болғандықтан, олар өте жоғары температурада бұзылып, өздерінің катализдік қасиеттерінен айырылып қалуы мүмкін.
Төменгі температурада ферменттік реакциялардың жылдамдығы өте төмен болады. Бұл жағдай практикада азық-түлік өнімдерін сақтау үшін (ет, май, балық, сүт, көкөністер т.б.) пайдаланады.
Фермент әрекетіне орта рН шамасының әсері
Ортаның рН шамасына байланысты ферменттер белсенділігі бірден өзгереді. Әр түрлі ферменттер әрекеті үшін рН көрсеткішінің шамасы әр түрлі болады;
тек өзінің ғана субстратын байланыстырады және сол субстратты катализдейді.
тек өз субстратын танып білуі, байланыстыруы және ары қарай реакция катализін жүргізуі- бұл ферменттің өзіне тән ерекшелігі деп аталады.
Кейде фермент ұқсас құрылымы бар субстраттар тобына да әсер етеді және молекуладағы белгілі бір химиялық байланыстарды ажыратып бөледі.
Ингибиторлар мен активаторлар
- Фермент активтілігі ортада әр түрлі химиялық заттардың болуына байланысты. Кейбір зат фермент активтілігін арттырады, мұндай қосылыстар активаторлар деп аталады.
- екінші бір заттар фермент әрекетін баяулатады, тіпті оны тежейді. Мұндай заттар ингибиторлар (тежегіштер) деп аталады.
- ферменттер әсерінің бәсекелес және бәсекелес емес тежеушісін ажыратып бөледі.
Проферменттер(лат. pro – алдыңғы, бұрынғы және фермент деген сөзден шыққан) – ферменттердің активті емес түрі. Безді эпителийде бірқатар протеолиттік ферменттер белсенді емес күйде - проферменттер (зимогендер) түрінде синтезделеді. Осының арқасында проферменттер түзілген жасушалар мен тканьдер өздерін өздері бүлдіріп бұзбайды.
Проферменттердің белсенді түрге (ферментке) айналуын физиологиялық және биохимиялық жағдайлар реттейді. Проферменттің белсендіру үдерісі жүреді:
пептидтік байланысты үзу арқылы профермент молекуласынан бір немесе бірнеше пептид бөлініп ажырайды, осының нәтижесінде ферменттің сәйкес конформациясы қалыптасады және оның белсенді бөлігі ашылады.