Ферменттің активтілігі мен мөлшерін өлшеу Бөліп алынған таза фермент өзінің ферменттік активтілігімен бағаланады. Ферменттердің активтілігі өте жоғары болады. ферменттік активтілік дегеніміз белгілі фермент бөлшегінің көмегімен нақты уақыт ішінде алынған субстарт шамасы. Мысалы, α − амилазаның осындай қасиетін зерттеп білу үшін 250С жағдайында және 1 минут ішінде 1 мг фермент ыдыратқан крахмал мөлшерін анықтау қажет.
Ферменттерді мөлшерлік анықтау негізінен үш принципке сүйенеді:
Ферменттің аз мөлшері белгілі субстраттың мөлшеріне қалай әсер ететіндігін анықтау.
Берілген субстарт мөлшерінен фермент әсері арқылы осы процесте түзілегн өнімдерді анықтау.
ферменттің активтілігі, оның әсер ету жылдамдығына негізделгін. Ферменттердің активтігі әр түрлі реакция жағдайында температураға, рН ортаға және субстарттың концентрациясына тәуелді болады. ферменттердің шамасы субстраттың шамасына және инкубация уақытына пропорционал болады.
Ферменттер активтілігінің өлшемі жөнінде энзимологияда мынадай ұғымдар қабылданған. Ферменттің халықаралық өлшемі Ө бас әріпімен белгіленеді.
Ферменттің халықаралық өлшемі дегеніміз − фермент әсерінің қолайлы жағдайында 250 С температурада бір минут ішінде субстраттың бір микромолін катализдеп өңдей алатын фермент мөлшері.
Меншікті активтілік дегеніміз − ферменттік препараттағы бір мг белокқа тиісті фермент өлшемінің шамасы, ол мкмоль 1 мин мг белок деп көрсетіледі. Меншіктік активлік ферменттік препараттың тазалық өлшемі: фермент тазартылған сайын, ол арта түседі және фермент таза күйге жеткенде, ол көрсеткіш ең жоғары және тұрақты болады.
Ферментті препаратта белоктың бар екенін Кьельдал әдісімен, немесе Лоуридің колориметриялық әдісімен анықтайды, ал тұнық және боялмаған ерітінділерде 280 нм кезінде Варбург пен Христианның спектрофотометриялық әдісі бойынша анықтайды.
Ферменттерлдің активтігі рН шамасы белгілі 25-400 С температурада болатын буфер ерітіндісінде анықталады. Қазіргі кезде ферменттерді анықтау әдістеріне спектрофотометриялық, полярографиялық,
колориметриялық, монометриялық және т.б. ферменттердің активтігін анықтауды субстраттың азаюымен немесе жңа реакция өнімінің пайада болуына байланысты хроматография және электрофорез әдістерімен жүргізуге болады.