Ферменттерді және олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады


Ферменттердің химиялық құрамы және құрылымы



бет3/6
Дата07.12.2022
өлшемі30,87 Kb.
#55585
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ôåðìåíòòåðä³ æ?íå îëàð êàòàëèçäåéò³í ðåàêöèÿëàðäû çåðòòåéò³í áèî

Ферменттердің химиялық құрамы және құрылымы
Сонымен, фермент дегеніміз биохимиялық реакциялар кезінде активтілік көрсететін белоктар екені белгілі. Ферменттердің бәрі де үлкен молекулалы қосылыстар, олардың молекулалық қоыслыстар, олардың молекулалық массасы 10 мыңнан 1 миллионға дейін, тіпті одан да көп шамаға жетеді. Мысалы, кейбір ферменттердің молекулалық массасын қарастырып көрейік:

  • Рибонуклеаза, ұйқы безінікі——————————————12640

  • Химотрипсин, ұйқы безінікі——————————————23000

  • Пепсин, шошқа қарыныныкі——————————————34000

  • Гексокиназа, бауырдікі————————————————-100000

  • Фосфорилаза, бауырдікі————————————————185000

  • Каталаза, бауырдікі——————————————————232000

  • Уреаза———————————————————————–480000

  • Глутаматдегидрогеназа, бауырдікі———————————-1000000

  • Синтетаза, қышқылдарынікі——————————————2300000

Барлық басқа белоктар сиқяты, ферменттер де химиялық құрамы бойынша екі топқа бөлінеді. Олар қарапайым ферменттер және күрделі ферменттер.
Қарапайым ферменттер дегеніміз − қарапайым белоктар, олар гидролиз кезінде амин қышқылдарына ғана ажырап бөлінеді. Қарапайым ферменттерге мыналар жатады: рибонуклеаза, пепсин, трипсин, химотрипсин, папаин, аминазалар және гидролаза класына жататын басқа да ферменттер
Күрделі ферменттер дегеніміз − күрделі белоктар. Күрделі ферменттер екі бөліктен: белоктік және белокты емес бөліктен тұрады. Ферменттік белокты бөлігі апофермент деп, ал белокты емес бөлігі простетикалық топ немесе кофермент деп аталады.
Коферменттер − құрамында белок жоқ органикалық қосылыстар, олар апоферментпен тығыз байланысқан. Ферменттің мықты байланысқан кофакторы − простетикалық топ. Коферменттер − төменгі молекулалы заттар, олар жоғары температураға төзімді келеді және ферменттің белоктық бөлігінен оңай ажырайды.
Ферменттердің әсер ету механизмі
Ферменттік реакцияның әр кезеңіне тыңғылықты сипаттама беру арқылы ферменттер әсерінің механизмін білуге болады.
Белок молекуласындағы пептидтік байланыстардың үзілуі мысалы арқылы ферменттердің катализдік әсерін қарастырып көрейік. Химотрипсин ферментінің әсер ету механизмі тыңғылықты зерттелген, мұнда аллостериялық әсер байқалмайды.
Белоктағы пептидтік байланыстарды химотрипсин ферментнің гидролиздеу реакциясын жалпы мынадай түрде көрсетуге .
R1 – C – N – R2 + H2O R1 – COOH + R2 – NH2
O H
белок
Химотрипсин ферментінің әсер ету механизмі мынадай. Ферменттің орталығына серин ә 195 бар, және онда бүйірлік топ − CH2OH. Реакцияның бастапқы кезінде фермент пен субстарт түзілгеннен кейін серин қалдығындағы гидроксил топтың оттегі атомы на шабуыл жасайды. Бұл кезде карбонилдік көміртегі мен амидтік азот екеуінің арасындағы байланыс нашарлайды, фермент − субстарт аралық комплексінде пептидтік байланыс үзіледі де, ацетильденген ферментпен реакция өнімдерінің біреуі пайда болады.
Катализдің екінші кезеңі кезінде су молекуласының қатысуымен фермент тотықсызданады да, реакцияның екінші бөлініп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет