Ферменттерді және олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады



бет4/6
Дата07.12.2022
өлшемі30,87 Kb.
#55585
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ôåðìåíòòåðä³ æ?íå îëàð êàòàëèçäåéò³í ðåàêöèÿëàðäû çåðòòåéò³í áèî

Ферменттердің жалпы қасиеттері
Ферменттер биологиялық катализатор ретінде әрі гомогендік, әрі гетерогендік катализатордың белгілерімен сипатталады. Ферменттредің аса тұрақсысдығына байланысты әсері де көптеген факторларға тәуелді келеді. Катализдік әсерін су ерітінділеріне көрсетеді. Ферменттердің гомогендік және гетерогендік катализаторларының жалпы белгілерімен қатар, ерекше қасиеттері де болады. ферменттердің негізгі ерекшелігі, жоғары катализдік активтігі мен өте жоғары талғампаздығында. Себебі: ферменттердің құырылыс ерекшелігі мен әсер ету мезханизмінде. Ферменттер катализаторлар сияқты активация энергиясына әсер етіп, оны төмендетеді.
Ферменттік катализдің өзіне тән белгісі, оның мультпеттігі, яғни бір мезгілде бірнеше реакцияға көптеген активті орталық пен сәйкес субстраттарды қатыстыруында.
Ферменттердің «өмір кілті» деп атағанда, олардың әсер ететін ортасының ерекшелігі бірсыпыра жағдайда негізге алынған. әрбір фермент белгілі бір заттарға ғана әсер етеді. Фермент заттың молекуласында кілттің құлыпқа дәл тура келуі керек. Э.Фишердің айтуы бойынша.
Ферменттер − тірі оганизмдерде өте көп тараған. Ферментер клетканың тек белгілі бір аудандарында ғана шоғырланған.
Қорытынды ретінде айтатын болсақ, ферменттер біздің өмірізде, адам организмі үшін ең қажетті зат болып табылады.
Изоферменттер.
Бір организм ішінде құрылым жақтан бір-біріне ұқсамайтын бірнеше ферменттер болып, лгілі бір субстратқа ғана әсер етіп,ұқсас реакция өнімін түзуді катализдесе, онда бұндай ферменттерді изоферменттер деп атайды. Олар бір-бірінен бірінші реттік құрылымы, электрофорез кезіндегі жылжу жылдамдығы, сондай-ақ органотроптық қасиеттерімен ерекшеленеді. Әр түрлі органдардың өзіне тән изоферменттері бар, олар әр түрлі жағдайда әр түрлі органдарда ұқсас бір субстратқа әсер етіп, ұқсас реакция өнімін түзеді, сондықтан да диагностикалық маңызы өте зор.
Қазірге дейін біршама көп зерттелген, клиникада диагностикалық маңызы зор изоферменттерге лактатдегидрогеназа, креатинкиназа және сілтілі фосфатазалар жатады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет