Мультиферменттік комплексі.
Организмде кейбір жағдайларда метаболизм процестерінің өнімді жүруін қамтамасыз ету үшін, кейбір жеке ферменттер өзара сәйкесіп немесе бірлесіп белгілі бір мультиферменттік комплекс құрайды. Мультиферменттік жүйеде бір ферменттің реакция өнімі басқа бір ферменттің субстраты бола алады немесе бірнеше ферменттер бір субстратқа белгілі бір ретпен әсер етіп, түрлі реакцияларды жүргізеді. Осы екі ережені негізге ала отырып, мультиферменттік жүйені келесі 3 түрге бөлуге болады:
А)Кейбір мультифермент комплексінде жеке ферменттер белгілі бір ретпен бірігіп комплекс түзеді. Сол себепті комплекс бұзылса, фермент активтілігі де жойылады. Бұл түрдегі мультифермент комплексіне 3 ферменттен тұратын кетоқышқылдарының (питуват, кетоглутарат) декарбоксилазалары және 7 ферменттен тұратын май қышқылының синтетазалары жатады.
Б)Кейбір мультиферменттік комплексте жеке ферменттер клетка немесе органеллалар мембранасымен байланысқан күйде болады. Мысалы, тыныс алу тізбегінің ферменттері белгілі бір ретпен митохондрия мембранасымен байланысып, сутегін субстраттан оттегінетасымалдайды,алальдолаза,триозофосфатизомераза, фосфоглицеринальдегидрогеназа т.б. бұлшық ет тканіндегі актин белогымен белгілі ретпен байланысып, глюкозаның анаэробты гидролизін қамтамасыз етеді.
В)Көптеген жағдайларда жеке ферменттер цитозол немесе митохондрия матриксінде еріген бос күйінде болады, белгілі бір комплекс түзбейді. Алайда олардың барлығы бір субстратқа А,В,С ретімен әсер етеді. Олардың метаболиттік аралық өнімдері еркін диффузиялана алады.
Әсер ету қуатының күштілігі. Фермент бейорганикалық катализаторға қарағанда химиялық реакцияларды бірнеше есе, неше мың есе, тіпті миллион есе жылдамдата алады. Ферменттің бір молекуласы 1 минутта өзгеріске ұшырататын субстрат санын бір “катал” деп белгілесе, көптеген ферменттерде бұл көрсеткіш мыңнан артық болады. Мысалы:амилаза- 240000 ,каталаза-1 000 000,ацетилхолинэстераза -1 миллионнан артық субстратты өзгеріске ұшырата алады.ДНҚ синтезі ферменттердің қатысуымен 30 минутта ғана аяқталар болса, ал ферментсіз болса 5000 жыл уақыт кететінін ескерсек, ферменттердің катализдік қуатының қаншалық жоғары екенін байқау қиын емес.