«фешп» пәнінен емтихан сұрақтары мен есептері



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата25.12.2022
өлшемі413,58 Kb.
#59465
1   2   3   4   5
Байланысты:
СҰРАҚТАР мен ЕСЕПТЕР Емтиханға 1508-19 тобына

k ece үлкен болатындай қашықтыққа қойылған. 1) k=1, 2) k = 20, және 3) К= 0,2 
деп алып, нәрседен экранға дейінгі қашықтықтың қандай болатындығын анықтау 
керек. Линза материалының сыну көрсеткіші 1,5. 


32. (15.56.) Көктемдегі күн мен түннің теңелетін күні, 21 мартта Жердің 
солтүстігіндегі тұрған Күн тал түсте горизонтпен 10° бұрыш жасайды. Жердің бетінде күн 
сәулесіне вертикаль қойылған ауданның жарықталынуы горизонталь қойылған ауданның 
жарықталынуынан неше есе көп болады? 
33. (15.58.В) Ауданы 25 м
2
квадрат бөлменің центріне лампы ілінген. Лампыны 
нүктелік жарық көзі деп алып, бөлменің бұрыштарында ең үлкен жарықталыну болу үшін 
лампының еденнен қандай биіктікте тұру керектігін табу керек. 
34. (15.59.В) Диаметрі 2 м дөңгелек столдың центрінен жоғары жерге жарық күші 100 
шам лампы ілінген. Лампыны нүктелік жарық көзі деп алып, лампыны әрбір 10 
см-ден кейін 0,5<һ<0,9 м интервалда біртіндеп кө-тергендегі стол шеттерінің
жарықталынуының өзгерісін есептеп шығару керек. Графикті E = f(h) құру керек. 
35. (16.33.В) Дөңгелек тесігі бар диафрагмаға монохромат жарықтың (λ = 
6·10
-7
м) параллель шоғы қалыпты түседі. Экранда диафракциялық картина
байқалады. Диафрагма мен экранның қандай ара қашығында дифракциялық
картинаның центрінде қараңғы жолақ байқалады? Тесіктің диаметрі 1,96 мм-ге тең. 
36. (16.37.В) Егер екінші ретті спектрдегі қызыл сызықты (λ = 7·10
-7
м) байқау 
үшін көру трубасын коллиматордың осіне 30° бұрышпен орналастыратын болсақ, онда 
дифракциялық решетканың тұрақтысы неге тең болады? Осы решетканың 1 см 
ұзындығына штрих санының қаншасы келеді? Решеткаға жарық қалыпты түседі. 
37. (16.39.В) Дифракциялық решеткаға жарық шоғы қалыпты түсіп тұр. Бірінші 
ретті спектрдегі натрий сызығы үшін табылған дифракция бұрышы 17°8'-ке тең
болды. Екінші ретті спектрдегі кейбір сызықтар 24°12'-ке тең болатын дифракция 
бұрышын береді. Осы сызықтың толқын ұзындығы мен решетканың 1 мм-не келетін 
штрихтардың санын табу керек. 
38. (16.62.В) Жарықтың сәулесі шыны (n = 1,5) ыдысқа құйылған сұйықтан
өтеді де оның түбінен шағылады. Шағылған сәуле ыдыстың түбіне 42°37' бұрыш жасай 
түскенде, ол толығымен поляризацияланатын болады. Мыналарды: 1) сұйықтың 
сыну көрсеткішін, 2) толық іштей шағылу болу үшін, сұйықтың ішімен өтетін жарықтың 
сәулесі ыдыстың түбіне қандай бұрышпен түсетіңдігін табу керек. 
39. (16.65.В) Табиғи жарық, олардың бас жазықтықтарының арасындағы бұрыш α-ға 
тең болатындай, поляризатор мен анализатор арқылы өтеді. Анализаторда
поляризатор сияқты түскен жарықтың 8 процентін жұтады және шағылтады. 
Анализатордан шыққан сәуленің интенсивтігі поляризаторға түскен табиғи жарықтың 
интенсивтігінің 9 процентіне тең болады. α — бұрышын табу керек. 
40. (16.6.В) Френель айналарымен жасалған тәжірибеде жарық көзінің жорымал
кескіндерінің аралары 0,5 мм-ге тең болды, ал экранға дейінгі ара қашықтық 5 м-ге тең 
болды. Жасыл жарықтағы пайда болған интерференция-лық жолақтардың бір-бірінен 
қашықтығы 5 мм. Жасыл жарықтың толқын ұзындығын табу керек. 
41. (16.7.В) Юнга тәжірибесінде интерференцияланған сәулелердің біреуінің жолына 
жұқа шыны пластинка қойылған, соның салдарынан орталық жарық жолақ бесінші жарық 
жолақ (центрлік жолақты есептемегендегі) тұрған жерге ығысатын болады. Сәуле 
пластинкаға перпендикуляр бағытпен түседі. Пластинканьщ сыну көрсеткіші 1,5. Толқын 
ұзындығы 6·10
-7
м. Пластинканың қалыңдығы қандай? 
42. (18.5.В) Ауданы 10 см
2
 қыздырылған металдың бетінен бір минут ішінде 4·10
4
дж сәуле шығарылады. Беттің температурасы 2500°К-ге тең. Мыналарды: 1) осы беттің 


абсолют қара болғандағы сәуле шығаруының қандай болатындығын, 2) осы берілген 
температурадағы абсолют қара дене мен осы беттік энергетикалық жарқырауларының 
қатынасы қандай болатындығын табу керек. 
43. (18.9.В) Күннің жіберетін сәулелік энергиясының 10 процентін атмосфера
жұтып алады деп есептеп, ауданы 0,5 га-ға тең Жердің горизонталь учаскесінің 
Күннен алатын қуатын табу керек. Күннің горизонттан биіктігі 30°-қа тең. Күннің 
сәуле шығаруын абсолют қара дененің сәуле шығаруына жақын болады деп аламыз. 
44. (18.18.В) Абсолют қара дене Т
1
= 2900°К температурасында тұр. Осы дененің 
сууы нәтижесінде, оның энергетикалық жарқырауының максимум спектрлік тығыздығы 
сәйкес келетін толқын ұзындығы ∆λ=9 мкм-ға өзгерді. Дене қандай Т
2
температураға 
дейін суыды? 
45. (18.19.В) Дененің беті 1000°К температураға дейін қыздырылды. Содан кейін 
осы беттің бір бөлігі 100°-қа қыздырылады, ал екінші бөлігі 100°-қа суытылады. Осы 
дененің бетінің энергетикалық жарқырауының өзгерісі неше есе болды? 
46. (18.20.В) Радиусы 2 см қарайтылған металл шариктің температурасын
қоршаған ортаның температурасынан 27°-қа жоғары етіп ұстап тұру үшін, оған қандай 
қуат беру керек? Қоршаған ортаның температурасы 20°С-ға тең. Жылудың шығыны тек 
қана сәуле шығарудың салдарынан болады деп есептейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет