«фешп» пәнінен емтихан сұрақтары мен есептері



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата25.12.2022
өлшемі413,58 Kb.
#59465
1   2   3   4   5
47. (1154.Р) Импульс режимінде жұмыс істейтін лазер 1кВт қуат тұтынады. Бір 
импульстің ұзақтығы 5 мкс , ал 1с ішіндегі импульстер саны 200-ге тең. Егер сәуле 
шығаруға тұтынылған энергияның 0,1 пайызы кететін болса, жеке бір импульстің 
шығаратын энергиясы және қуаты қандай? 
48. (1200.Р) Нейтрондық сәуле шығаруды ең жақсы бәсеңдететін су (бетоннан 4 есе, 
қорғасынна 3 есе жақсы). Нейтрондық сәуле шығарудың жартылай бәсеңдеу қабатының 
қалыңдығы су үшін 3 см. Қалыңдығы 30 см су қабаты нейтрондық сәуле шығаруды неше 
есе бәсеңдетеді? 
49. (1202ж.Р) Рентген қондырғысында жұмыс істейтін қызметкердің сәуле жұтуының 
орташа мөлшері 1сағатта 7мкГр-ға тең. Егер бір жылға рұқсат етілетін сәулеленудің шекті 
мөлшері 50 мГр-ға тең болса, бір жылда , күніне 6 сағаттан, 200 жұмыс күнінде 
қызметкердің денсаулығына сәулелену қауіп келтіреді ме? 
50. (1209.Р) Фотондық γ – сәулесін (λ= 4,7*10
-15
м ) жұтып, дейтрон протон мен нейтронға 
ыдырайды. Пайда болған бөлшектердің қосынды кинетикалық энергиясын есептеп 
шығарыңдар. 
Емтихан сұрақтарын құрастырған: Садық Б.Х. 
Емтихан жауаптарын бағалау критериі: 
1-сұрақ (теориялық : 1-25) – 30 балл; 
2-сұрақ (есеп: 1-25) - 35 балл; 
3-сұрақ (есеп: 26-50) - 35 балл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет