47. (1154.Р) Импульс режимінде жұмыс істейтін лазер 1кВт қуат тұтынады. Бір
импульстің ұзақтығы 5 мкс , ал 1с ішіндегі импульстер саны 200-ге тең.
Егер сәуле
шығаруға тұтынылған энергияның 0,1
пайызы кететін болса,
жеке бір импульстің
шығаратын энергиясы және қуаты қандай?
48. (1200.Р) Нейтрондық сәуле шығаруды ең жақсы бәсеңдететін су (бетоннан 4 есе,
қорғасынна 3 есе жақсы). Нейтрондық сәуле шығарудың
жартылай бәсеңдеу қабатының
қалыңдығы су үшін 3 см. Қалыңдығы 30 см су қабаты нейтрондық сәуле шығаруды неше
есе бәсеңдетеді?
49. (1202ж.Р) Рентген қондырғысында жұмыс істейтін
қызметкердің сәуле жұтуының
орташа мөлшері 1сағатта 7мкГр-ға тең. Егер бір жылға рұқсат етілетін сәулеленудің шекті
мөлшері 50
мГр-ға тең болса,
бір жылда , күніне 6
сағаттан, 200 жұмыс күнінде
қызметкердің денсаулығына сәулелену қауіп келтіреді ме?
50. (1209.Р) Фотондық γ – сәулесін (λ= 4,7*10
-15
м ) жұтып, дейтрон протон мен нейтронға
ыдырайды. Пайда болған бөлшектердің қосынды кинетикалық
энергиясын есептеп
шығарыңдар.
Емтихан сұрақтарын құрастырған: Садық Б.Х.
Емтихан жауаптарын бағалау критериі:
1-сұрақ (теориялық : 1-25) – 30 балл;
2-сұрақ (есеп: 1-25) - 35 балл;
3-сұрақ (есеп: 26-50) - 35 балл.