Фгз оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп


Үш жапырақты сүбеде жапырақтары – листья трилистника водяного



бет21/57
Дата09.05.2022
өлшемі335,17 Kb.
#33654
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Үш жапырақты сүбеде жапырақтары – листья трилистника водяного  

    -  Folia Menyanthis trifoliate

    Үш жапырақты сүбде – Трилистник водяной, или вахта трехлистная -  

    Menyanthes trifoliate L.

     Сүбеделер тұқымдасы – семейство вахтовые - Menyanthaceae

   Сипаттамасы. Өрмелегіш, ұзын, буынды, жуан тамырсабағы бар көпжылдық шөптесін өсемдік. Жапырақтары жәй, үш жапырақ, кезекті, ұзынсағақты, тамырсабағының жоғары көтеріңкі бөлігенен өсіп  дамиды. Гүл шоғырлары ұзындығы 7 см ұзынша шашақты гүл шоғыры. Гүлдері алқызыл немесе ақ түсті, гүл тәжінің ұзындығы 12-14 см, 5- салалы майысқан. Жемісі екі жағынан ашылатын қорапша.

 Таралуы. ТМД-ның Европалық бөліктерінде таралған. Батыс және Шығыс Сіберде, Қиыр Шығыста таралған. Өзен жағалауларында, ағын сулар мен батпақты шалғындарда өседі.

   Дәрілік шикізаты. Толық дамыған жапырақтарын (Folia Menyanthis) гүлдеп болғаннан кейін жинайды. Көлеңкелі жерледе кептіреді. Кептіруді кептіргіштерде аяқтайды.Жапырақтарының түсі жасыл күйінде сақталуы керек.

    Жапырақтары жәй, терең үш салалы, сағақ ұзындығы 3 см. Жапырақ тақтасының бөліктері эллипс немесе кері жұмыртқа тәрізді, ұщы доғал, жалаңаш, шеті тегіс, жапырақ күлтелерінің ұзындығы 5-8 см, ені 3-5 см. Дәмі өте ащы иісі жоқ.Химиялық құрамы. Жапырақтарында иридоидтар (логанин, сверозид, фолиаментин және ментифолин) табылған.Жапырақтарында флавоноидтар, 3%-ға дейін иілік заттар, алкалоидтар іздері, йод табылған.Қолданылуы. Барлық ащы заттар сияқты асқорытуды жақсарту үшін қолданылады. Қою экстрактсын күрделі ащы тұндырма дайындау үшін пайдаланады. Сонымен қатар, бауыр және өт жолдары ауруларында қолдануға ұсынылған. Тәбет ашатын, өт айдайтын және тыныштаныдыратын жинақтар құрамына кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет