Фгз оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп


Толғақшөп шөбі – трава золототысячника – Herba centaurii



бет20/57
Дата09.05.2022
өлшемі335,17 Kb.
#33654
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
Байланысты:
кунделик 2021-2022 фгнозия практика УПП (1) (3)

Толғақшөп шөбі – трава золототысячника – Herba centaurii

    Кәдімгі толғақшөп – Золототысячник обыкновенный -      Centaurium

    Толғақшөптер тұқымдасы – семейство горечавковые - Gentianaceae

    Сипаттамасы. Биіктігі 40 см-ге дейінгі жіңішке шашақ тамырлы біржылдық немесе екі жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары 2-5-тен жәй сабақтар, тамыр жапырақтары жақсы дамыған. Гүл шоғырларын қалқанша тәрізді, гүлдері көп болмайды. Гүлдері шеге тәріздес формалы. Жемісі цилиндр тәріздес қорапша. Шілдеден күзге дейін гүлдейді.

   Таралуы. ТМД-ның Европалық бөліктерінің оңтүстік және орта кеңістіктерінде, Орта Азияда және Алтайда өседі. Әсіресе, өсімдік ылғалды шалғында және орманды жерлерде жақсы өседі.    Кәдімгі толғақшөптен басқа қолдануға рұқсат етілген тағы бір түрі сүйкімді толғақшөп (Centaurium pulchellum Druce).Дәрілік шикізаты. Шөбін (Herba cenntaurii) тамырымен жұлып алады да, содан соң тамырларын кесіп тастайды. Бұдан соң шөбін қылындағы 5-6 см етіп шоқтап баулайды. Сабақтары 4 қырлы, жалаңаш, жоғары жағынан айыр тәрізді қарама-қарсы орналасқан.    Химиялық құрамы. Өсімдік құрамында ащы гликозидтерден генциопикрозид және эритроцентурин кездеседі. Бұдан басқа аскорбин  және олеан қышқылдары, эфир майы, флавоноидты және алкалоидты қосылыстар шырыштар табылған.

    Қоланылуы. Спиртті тұндырмасын дайындайды. Өсімдіктің шөбін тәбет ашатын жинақтар құрамына енген. Ащы зат ретінде тәбет ашатын және асқорытуды жақсартаатын қасиетіне қарай қолданылады.

    Бақ-бақ тамыры – корни одуванчика   - Radices Taraxaci

    Дәрілік бақ – бақ – Одуванчик лекарственный –  Taraxacum officinale

    Астрагүлділер тұқымдасы – семейство астровые -  Asteraceae

    Сипаттамасы. Биіктігі 40 см шашақты тамыры тармақталып келген өсімдіктің барлық бөліктерінде өте ащы сүт шырыны бар шөптесіе өсімдік. Жапырақтары өте көп, кең кері-жұмыртқалы пішінді. Гүл сабақтарының іші қуыс, жоғары ұшы торланған ұлпа тәрізес. Гүлдері ірі себетке жиналған, гүл орамдары көптеген сұр-жасыл-түсті, гүл себетіндегі барлық гүлдері тілді, қос жынысты ашық-сары түсті. Жемісі ақ түктерден тұратын шашағы бар тұқым. Сәуірде гүлдеді.

  Таралуы. ТМД-ның барлық аумағында өседі. Арктика мен биік тауларда кездеседі.

    Дәрілік шикізаты. Тамыр мойынан кесілген тамырлары (Radices Taraxaci) топырақтан жуылып, кептірілген. Шикізаттары ұзын 10-15 см тамырлар. Тамырлары көлденең беті әжімделген, сырты күңгірт-қоңырқай, иіссіз, ащы дәмді.

   Химиялық құрамы. Сүт шырынында гликозидті ащы заттар тараксацин және таракцерин бар. Олардың химиялық құрамы аз зеріттелген. Тамырынан тритерпинді қосылыстар, негізінен спиртті құамында және ситостерин мен стигмастерин бөлінген. Инулиннің құрамы күзге қарай 40%-ға өседі. Көктемге қарай 2% -ға дейін төмендейді.

 Қолданылуы. Тамырынан асқорыту бездерінің секрециясын күшейтетін қою экстракт алады. Осы мақсатта кесілген тамырлары тәбет ашатын, асқазан және өт айдайтын жинақтарына енеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет