ФГЗ Оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы: Жасталапова Әсима Ғаділжанқызы
тегі, аты, әкесінің аты ( ол бар болған жағдайда)
14. 01. 2021.
Р\с№
|
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған)жұмыстардың атауы
|
Кәсіптік практикааның бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау (оқыту) мерзімдері
|
Өндірістен
кәсіптік
практика жетекшісінің
қолы
|
|
|
басталуы
|
аяқталуы
|
|
12.
|
Фитотерапияда жиі қолданы латын және емдеу үшін тиімді өсімдіктер.Құрамында антрацен туындылары және олардың гликозидтері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар.
|
9:00 14:00
|
|
Итшомырт қабығы – кора крушины – Cortex Frangulae
Cыңғақ итшомырт – Крушина ольховидная - Frangula slnus Mill.
Итшомырттар тұқымдасы – семейство крушиновые - Rhamnaceae
Сипаттамасы. Ірі тікенді бұта немесе биіктігі 7м-ге дейінгі ұсақ ағаш. Жапырағы кезекті, сағақты, ойысты, қысқа үшкір, шеттері бүтін, жалаңаш, жылтыр. Гүлдері ұсақ ақшыл-жасыл түсті, жапырақ қуысына шоқталып орналасқан. Жемістері сүйекше, алғашында олар жасыл болып, біртіндеп қызады да, піскенде қараяды. Сүйектері екеу, олар домалақ, әрі жалпақ дөңестеніп келген.
Таралуы. ТМД-ның Еуропалық бөліктерінде, Кавказда, Батыс және Шығыс Сібірдің, Орта Азия мен Қазақстанда таралған. Өзен жағалауларында, батпақты жерлерде, шалғындарда өседі.
Дәрілік шикізаты. Діңгектері мен жуан бұталарынан қабығын (Cortex Frangulae) ерте көктемде сыдырып алады. Бұл үшін қабығын өзегіне дейін сақина тәрізді етіп шамамен 25-30 см екі кесінді жасайды және 1-2 көлденең кесінді жүргізеді. Ішкі беті қарайып кетпес үшін тез арада кептіруге жібереді.
Дәрілік шикізаты науа немесе түтік тәрізді қалыңдығы 2 мм дейін қабық кесінділер. Сыртқы беті тегіс немесе кедір-будыр, күңгірт-бурыл немесе сұрғылт-бурыл түсті. Сыртқы тоз қабатын аздап ысқылағанда тоз қабатының қызыл қабаты көрінеді. Ішкі беті тегіс, сары-қызыл немесе қызыл-бурыл түсті, 5% күйдіргіш сілті еретіндісімен әсер еткенде қан қызыл түске боялады. Қабық ағаштар мен бұталы өсімдіктердің қабық қоспалары болмауы керек.
Химиялық құрамы.Итшомыртың жаңа жиналған қабығында табылған біріншілік антранолгликозид – франгларозидтің құсық шақыратын қабілеті бар. Антранолдар мобильді қосылыстар бола отырып, ауадағы оттегінің әсерінен оңай тотыға алады. Сондықтан да итшомырттың қабығын бір жыл сақталған күйінде немесе франгуларозидтің тотығуын 1000С температурада бір сағат қыздыру арқылы жылдамдатыда. Нәтижесінде франгуларозид глюкофрангулинге айналады. Бұдан ары ферменттердің әсерінен глюкофрангулиннен глюкоза бөлініп шығады да биозид монозид – франгулинге айналады. Ары қарай франгулин қышқылдық ортада франгулоэмдинге және рамнозаға ыдырайды.
Сонымен қатар итшомырттың медицинада қолданылатын қабығында бір мезгілде глюкофрангулин, франгулин және франгулаэмодиндер бірге бола алады. Бұдан басқа қабығынан хризофанол және фисцион табылған.
Қолданылуы. Қабығы асқазан, қарын ауруы,тоқ ішек қабынуына, сабақтары мен қабығы әр түрлі жараларда емдеуге, ал сабақтары, қабағы және жемістері ішті айдайтын дәрі. Қайнатпасы, сығыны және препарат «Рамнил» ішті айдайтын дәрі. Ол «Викалин, «Викаир» деген препараттарға қосылып, тұтастырғыш тұрғыда қарын сөлі қышқылының кемуіне сүргі ретінде және қарын мен он екі елі ішек жараларын емдеуге «Холагол» препаратына қосып өт айдауға, терлеуге, өт тасы, өт қабының, бауыр мен өт қабының қабыну ауруларын емдейді. Тұндырмасы әйелдер жыныс мүшелерінің ауруларын, геморройға, іш қату Батыс Европа елдерінде бала түсіруге қолданылады.
Халық арасында шаншу, әсіресе жүрек және бүйрек шаншуына Базедов ауруына, ішек құрт, ақуыздың зат алмасу процесінің бұзылуынан буынның жуандап, сырқырап, ісініп ауруы, кексе әйелдің етеккірі тоқтап, бала табудан қалатын мезгілінің бұзылуы, бас айналғанда, жүректің тез соғуы, көңілсіз уақытында, дененің қышуы, сақина, бауырдың, өт жолының қабынуы ауруларына ем. Тер және жел куу қоспаларына кіреді, етеккірдің мезгілсіз келуі, етеккірдің шамадан тыс көп келуі ауруларына дәрі.
Қаражеміс жемістері – плоды жостера - Fructus Rhamni catharticae
Ішдәрі қаражеміс – Жостер слабительный – Rhamnus cathartica L.
Итшомырттар тұқымдасы – семейство крушиновые - Rhamnaceae
Сипаттамасы.Биіктігі 8 м дейін өсетін биік бұта немесе ағашты өсімдік. Бұталары қарам-қарсы орналасқан тікенді, қызыл-қоңыр қабықты. Жапырақтары қарама– қарсы орналасқан, домалақ-жұмыртқа тәріздес, шеттері ұсақ ара тісті, ұшы үшкір. Гүлдері ұсақ, бір жынысты, жасыл түсті, төртқырлы гүл тәжі бар, жемесе ұсақ, домалақ қара түсті ащы сүйекше. Мамыр – маусымда гүлдейді. Жемісі тамыз – қыркүйекте гүлдейді.
Таралуы. Ормандарда, бұта араларында өседі. Қазақстанның Қарақұм мен Қызылқұмнан басқа барлық аудандарында өседі. Бұдан басқа да Ресейдің Европалық бөліктерінің орманды, далалы аймақтарында, Сібірде, Қиыр Шығыста Закавказьеде таралған.
Дәрілік шикізаты. Піскен және жақсы кептірлген сүйек жемістерінің (Fructus Rhamni catharticae) көлденеңі 8 мм, қара түсті, 3-4 қырлы, бір бүйірінен дөңес бурыл түсті сүйектері бар. Шикізатта сыңғақ итшомырттың сүйек жеміс қоспалары болмауын қадағалау керек, себебі олар құсық шақырады.
Химиялық құрамы. Жемістері антратуындалыр, флаваноидтар бар, пектинді және бояғыш заттар, камедь, ащы заттар табылған.
Қолданылуы. Ғылыми медицинада өсімдікті іш жүргізетін дәрі ретінде қабылдайды. Халық медицинасында подагра, созылмалы тері ауруларында, гастритте, ішек атониясында қолданады.
Рауғаш тамырлары – корни ревеня - Radices Rhei
Таңғұт рауғашы – Ревень тангутский – Rheum palmatum L.var
tanuticum Maxim.
Тарандар тұқымдасы – семейство гречишные - Polygonaceae
Сипаттамасы. Биіктігі 250 см.ірі тамырсабағы мен одан таралған көптеген ірі етті, сынығынан қарағанда сары түсті тамылары бар. Сабағында жапырақтары аз, жалаңаш. Тамырсабақтары ірі, сағағымен бірге ұзындығы 150 см-ге дейін жетеді, жапырақ тақтасының көлденең ұзындығы 75 см, кең жұмыртқа тәрізді 5-7 салалы қалың түк басқан. Гүлдері ақ-қызғылт немесе қызыл, ұсақ көп гүлді гүл шоғырына жиналған. Гүл аралығы қарапайым гүл тәжі тәріздес. Жемісі – 3 қырлы, қоңыр-қызыл түсті кең қанатты жаңғақ.
Таралуы. Жабайы күйде Солтүстік-батыс Қытайда және Тибетте орманда таулы шатқалдарда, тау өзендерінің жағалауларында теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте өседі. Ресейде Мәскеу, Воронеж, Новосбирск облыстарында, Украинада, белоруссияда өндерістік плантациялар бар.
Дәрілік шикізаты. Тамырлары (Radices Rhei) цилиндр тәріздес, жуан, сыртқы тоз қабатының түсі сұр-қоңыр түсті, ішкі жағынан қарағанда көптеген қызғылт түсті сызықтар мен дақтардан тұрады. Күйдергіш натр ерітіндісімен әсер еткенде рауғаштың ұнтағы қан-қызыл түске боялады.
Химиялық құрамы. Тамырлары мен тамырсабақтарында әсер етуші заттардың екі тобы болады олар: антрагликозидтер және илік заттар. Антрагликозидтер глюко-реум-эмодиннен тұрады да гидролиз кезінде хризофанол және глюкозаға ыдырайды, ал хизофанеин гидролиз кезінде хризофанол және глюкозаға ыдырайды; реохризин фисцион мен глюкозаға, глюко-реин реин мен гликозаға және глюко-алоэ-эмодин, алоэ-эмодин мен глюкозаға ыдырайды.
Иілік заттар тамырсабақтарында 12%-ға дейін болады. Тамысабақтары мен тамырларында шайырлы заттар, крахмал, пектинді заттар бар.
Қолданылуы. Ұнтақ күйінде ( Pulvis radices Rhei) per se немесе күрделі ұнтақ, таблетка, құрғақ экстрактсын 30% - дық этанолмен экстракциялау арқылы алады. Сулы препараттарында антрацендердің іш жүргізетін әсері көбірек байқалады. Спиртті препараттары құрамындағы заттардың комплексті әсерінен, әсіресе галлотаниндердің әсерінен асқорытуды жақсартады немесе іштің жүруін нашарлатады.
Білім алушының қолы _______ Жасталапова Әсима Ғаділжанқызы
2021ж."14"қаңтар ________________________________________________________________
(кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі) Кабулов.Б
2021ж. "14"қаңтар
2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары __________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары
__________________________________________________________________
Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы
_________________________________________
2021ж. "14 қаңтар
|
Техникалық және қауіпсіздік,орта
білімнен кейінгібілім беру
ұйымдары үшінкәсіптік
практиканы ұйымдастыру мен
өткізуқағидаларын және
практика базалары ретінде
кәсіпорындарды(ұйымдары)
айқындау қағидаларына
2-қосымша
|
Достарыңызбен бөлісу: |