Фгз оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп


ФГЗ Оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп



бет54/57
Дата09.05.2022
өлшемі335,17 Kb.
#33654
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
кунделик 2021-2022 фгнозия практика УПП (1) (3)

ФГЗ Оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп

Білім алушы: Жасталапова Әсима Ғаділжанқызы

тегі, аты, әкесінің аты ( ол бар болған жағдайда)

15. 01. 2021.

 

 

Р\с№ 



     

  Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған)жұмыстардың атауы 



  Кәсіптік практикааның бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау (оқыту) мерзімдері 

Өндірістен  

 кәсіптік  

 практика жетекшісінің  

қолы 


 

 

     басталуы 

аяқталуы 

 

13.

Фитотерапияда жиі қолданы латын және емдеу үшін тиімді өсімдіктер. Құрамында флавано идтар бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Р-дәруменді өсімдік көздері.

        9:00                  14:00

 

Құмды салаубас гүлдері – цветки бессмертника песчааного – Flores

Helichrysi arenarii

Құмды салаубас, шайшөп – Бессмертник песчаный - Helichrysum

arenarium (L.) Moench.

Астрагүлділер тұқымдасы – семейство астровые – Asteraceae

Сипаттамасы. Биіктігі 20-35 см-ге жететін көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары тік өседі, сыртына киіз сияқты тұтаса түк басқан, түсі ақшыл. Осы түктер өсімдіктң болмашы ғана ылғалдың өзіне тән буланып ұшып кетуден сақтайды. Шәйшөптің құрғақшылыққа те төзімді келетіні де осыдан. Жапырақтары да түкті кезектесіп орналасқан, төменгілерінің сабақтары ұзын, жоғарғылары сабақтың өзіне өскен. Гүлдері сары, олар өсімдіктің жоғарғы жағына себет тәрізденіп шоқталып өседі. Маусым айынан тамыз айына дейін гүлдейді.

Таралуы. Шайшөп құмды жерледе, аласа төбелердің етегінде, орман шетіндегі алаңдарда өседі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Жалпы еліміздің Европалық бөлігінде, Кавказда, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібірде, Монғолияда, Кіші Азияда, Батыс Қытайда таралған.

Дәрілік шикізаты. Гүл себеттері (Flores Helichrysi arenarii) гүлдері ашылмай тұрып, жаңадан ашылуында жиналады. Гүл шоқтары биіктігі 1 см-ге дейін етіп кесіп алады, 5-7 күннен кейін сол жерледен тағы да гүл шоқтарын жинауға болады. Сабағын немесе тамырын жұлуға болмайды. Жақсы желдетілген бөлмеді шикізатты қалыңдығы 2-3 см-дей етіп жайып кептіреді.

Химиялық құрамы. Гүлдерінің құрамында флавоноидтар (6,5% ), оның ішінде изогелихризин, гелихризин А, В, астрагалин, кемпферол -3-биозид, апингинин-5 глюкоздтер, нарингенин, кемпферол, лютеолин, апингенин, кверцетин болады.

Сонымен бірге, шикізаттың бойында эфир майы, ащы және иілік заттар, фиолохинон, ситостерин, шайырлар органикалық қышқылдар, каротиноидтар, С, К дәрумендері, кумариндер, үштерпенді сапониндер, бензофуранның, иметилроманның туындылары, сондай-ақ, фтал ангидридтің туындылары гепинерон, аренол, гомоаренол, шырыштар, калий, темір, марганецтің тұздары кездеседі

Қолданылуы. Құмдық салаубас өттің жүруін жақсартады, асқазан бездерінің жұмысын күшейтеді. Жоғарғы айтылғандарға байланысты шайшөпті өт жолдары қабығында және асқазан бауыр ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Бір-екі күннің ішінде – ақ аурудың жағдайы күрт жақсарады: жүректің айнуы және құсу азаяды, бауыр кішірейіп орнына келеді, бауыр тұсының ауырғаны қояды, көз қабыршағының және дененің сарғайғаны біртіндеп жойылады. Шайшөп өт қалтасына тас байлағанда, несеп жолдары және қуық ауырғанда қолданса өте жақсы нәтиже береді. Кейбір дәрілері көз ауруларын емдеу үшін қолданылады.

Долана гүлдері мен жемістері – цветки и плоды боярышника - Flores

et fructus Carataegi

Алқызыл долана – Боярышник кроваво – красный – Crataegus

sanguine Pall.

Раушангүлділер тұқымдасы – семейство рооцаетные - Rosaceae

Сипаттамасы. Биіктігі 2-5 метрге дейін жететін ағаш. Діңінің қабығы қызғылт-қоңыр түсті, жылтыр тікенді, тікенінің ұзындығы 4 см. Жапырағы ірі, жұмыртқа пішіндес, ұзындығы 2-6 см, тақасының стіңгі беті қою-жасыл түсті, астыңғы жағы ақшыл-жасыл түсті, қалың түк басқан, жиектері тегіс тәрізді шоғырлана жиналған. Жеке гүлі 5 тостағанша жапырақша, ақ-қызғылт түсті 5 күлтеден, 20 аталықтан, 3-4 жеміс жапырақшасынан, аналақтан тұрады. Жемісі ақшыл-қызыл түсті, жидек ішінде 3-4 сүйегі бар. Мамыр және қыркүйек айларында гүлдейді. Жемісі тамыз айында піседі.

Таралуы. Тобыл, Есіл бойында, Семей орманында, Көкшетау, Зайсан, Балқаш, Алакөл жағалауларында, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауларында өседі. Жалпы елімізідің Европалық бөлігінде, Батыс және Шығыс Сіберде, Моғолияда кездеседі.

Дәрілік шикізаты. Гүлдері мен жемістерін (Flores et fructus Carataegi) жинайды. Гүлдерін гүлдеудің алдында жинайды да, тездетіп себеттерге салып кептіреді. Кептіріштерде 30-400С температурада немес жақсы желдетілген бөлмеде жақсылап жайып кептіреді. Жемістерін себеттерге салып қойып, жұқалап жайып немесе кептіргіштерді 700С температурада кептіреді.

Химиялық құрамы. Долананың жемістері мен гүлдерінде үштерпенді қышқылдар, флавоноидтар бар. Оның ең бастысы және күштісі гиперозид болып саналады.

Флавоноидтардан басқа гүлдерінің құрамында азотты қосылыстар, ал жемістерінде кофе және хлороген қышқылдары, иілік заттар, үштерпенді қосылыстар ситостерин, майлар кездеседі.

Қолданылуы. Доланадан жасалған дәрілер орталық нерв жүйесін тыныштандарады жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналысын жақсартады. Медицинада доланадан гипертония мен гипертиреоз ауруын емдеу үшін және жүрек соғуының ырғағы бұзылғанда, жүректің тұсы ауырғанда, ұйқы қашқанда, жалпы нерв жүйесі әлсірегенде кеңінен қолданады.

Көк гүлкекіре гүлдері – цветки василика синего – Flores Centaurae

Cyani


Көк гүлкекіре, көк кекіре – Василек синий - Centaurea cyanus L.

Астрагүлділер тұқымдасы – семейство астровые – Asteraceae

Сипаттамасы. Биіктігі 30-60 см-ге дейін жететін, сұрғылт-жасыл түсті екі жылдық шөптесін өсімдік. Гүлдері өте әдемі қауашаққа жиналған, шетіндегілер үлкендеу, көгілдір қызғылт түсті, сирек болса да ақ түстілері де кездеседі. Гүл кекіренің бір немесе екі жылдығы болады. Маусым-тамыз айларында гүлдейді.

Таралуы. Қазақстанның барлық аудандарында, еліміздің Европалық бөлігінен Қиыр оңтүстігі мен Қиыр солтүстігінен өзге аймақтарында, Кавказда, Сібңрде, Орта Азияда және Қиыр шығыста кездеседі. Бұл әсіресе, республикамыздың оңтүстігі мен батысында, сондай-ақ Қостанай, Семей Шығысс Қазақстан облыстарында кең таралған. Оны кейде әсемдік ретінде өсіреді.

Дәрілік шикізаты. Гүл қауашағының шетінде өсетін гүлдері (Flores Centaurae Cyani) қолданаылады. Ортаңғы түкті гүлдерін қолмен жұлып жинайды, гүл табанын орамасымен қосып алып тастайды. Көлеңкеде жедел кепітіреді. Күннің көзінде кептіруге болмайды, өйткені шикізаттың өңі өзгеріп, сапасы төмендейді. Жинауды гүлдеу кезінде бір, екі жылдық жабайы өсімдіктерге жүргізеді.

Химиялық құрамы. Гүлдерінің бойында антоциан гликозидтері, флавоноидтар бар.

Көк гүлкекіре гүлдерінде ащы гликозидтер, иілік заттар, минералды тұздар кумариндер, мырыш, полацетилен қосылыстары бар.

Қолданылуы. Көк гүлкекіренің гүлдерін несеп жүргізетін, көз ауруларына қарсы дәрі ретінде қолданылады. Өсімдіктің гүлдерін нефритке яғни, бүйректің қабынуына , несептің жүрмей қалуына немесе қуықтың қабынуына, бүйрекке тас байлағанда қарсы ішіледі

Білім алушының қолы _______ Жасталапова Әсима Ғаділжанқызы

2021ж."15"қаңтар ________________________________________________________________

(кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі) Кабулов.Б

2021ж. "15"қаңтар

2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары

__________________________________________________________________

Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы

_________________________________________

2021ж. "15"қаңтар



Техникалық және қауіпсіздік,орта 

білімнен кейінгібілім беру

 ұйымдары үшінкәсіптік

 практиканы ұйымдастыру мен

 өткізуқағидаларын және

 практика базалары ретінде

кәсіпорындарды(ұйымдары)

айқындау қағидаларына

2-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет