«Фигуралардың ауданы» эллективтік курсының бағдарламасы



бет18/43
Дата24.12.2022
өлшемі3,17 Mb.
#59349
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Байланысты:
Арайлымэлективті курс (1)

Сыныптық жұмыс
1-тапсырма Ұзындықтары 2 м, 3 м және олардың арасындағы бұрышы300болатын параллелограмм пішінді тақтайды бояу керек. Егер 1 м2 тақтайға 100 г бояу кетсе, берілген параллелограмм пішінді тақтайды бояу үшін қанша грамм бояу керек?
Дескриптор: Білім алушы
- параллелограмм ауданын есептеу үшін формуланы қолданады;
- есептеулерді орындайды;
- тақтайдың ауданын табады; -
бояу мөлшерін табады.


2-тапсырма Параллелограммның сүйір бұрышы 300-қа тең, бір қабырғасы екінші қабырғасынан 4см артық. Параллелограммның периметрі 92 см-ге тең екені белгілі болса, параллелограммның ауданын табыңыз.


Дескриптор:
Білім алушы
- параллелограммның қабырғаларын айнымалылар арқылы өрнектейді;
- периметрдің анықтамасын қолданып теңдеу құрады;
- теңдеуді шешеді;
- параллелограммның қабырғаларын табады;
- параллелограммның ауданының формуласын қолданады;
- параллелограммның ауданын табады.

Параллелограмм ауданының формуласын қолдануға берілген есептерді шығаруда белгісіз шаманы формуладан бірден таба алмайтын есептерді қарастырған жөн.


Мысалы:
а) а және b параллелограмның іргелес қабырғалары, ал h1 және h2 оның биіктіктері болсын. Егер болса, онда табыңдар.
b) АВСD параллелограмында В=135, диагональ BDмен АD қабырғасы өзара перпендикуляр. Параллелограмм ауданы 49 см2 тең. AD қабырғасын табыңдар.
2) Тікбұрышты үшбұрыш қасиеттерін пайдалануға берілген есептер.
Параллелограмм бұрыштарының біреуі 30, ал оның қабырғаларының біреуі 10 см, периметрі 56 см-ге тең. Параллелограмм ауданын табыңдар.
Есепті шешу барысында сұрақтар қойып отырыңыз:
− Есепте нені табу сұралады?
− Ауданды табу үшін нені білу керек?
− Табан ретінде қай қабырғаны таңдап алу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет