Сыныптық жұмыс
1-тапсырма Ұзындықтары 2 м, 3 м және олардың арасындағы бұрышы300болатын параллелограмм пішінді тақтайды бояу керек. Егер 1 м2 тақтайға 100 г бояу кетсе, берілген параллелограмм пішінді тақтайды бояу үшін қанша грамм бояу керек?
Дескриптор: Білім алушы
- параллелограмм ауданын есептеу үшін формуланы қолданады;
- есептеулерді орындайды;
- тақтайдың ауданын табады; -
бояу мөлшерін табады.
2-тапсырма Параллелограммның сүйір бұрышы 300-қа тең, бір қабырғасы екінші қабырғасынан 4см артық. Параллелограммның периметрі 92 см-ге тең екені белгілі болса, параллелограммның ауданын табыңыз.
Дескриптор:
Білім алушы
- параллелограммның қабырғаларын айнымалылар арқылы өрнектейді;
- периметрдің анықтамасын қолданып теңдеу құрады;
- теңдеуді шешеді;
- параллелограммның қабырғаларын табады;
- параллелограммның ауданының формуласын қолданады;
- параллелограммның ауданын табады.
Параллелограмм ауданының формуласын қолдануға берілген есептерді шығаруда белгісіз шаманы формуладан бірден таба алмайтын есептерді қарастырған жөн.
Мысалы:
а) а және b параллелограмның іргелес қабырғалары, ал h1 және h2 оның биіктіктері болсын. Егер болса, онда табыңдар.
b) АВСD параллелограмында В=135, диагональ BDмен АD қабырғасы өзара перпендикуляр. Параллелограмм ауданы 49 см2 тең. AD қабырғасын табыңдар.
2) Тікбұрышты үшбұрыш қасиеттерін пайдалануға берілген есептер.
Параллелограмм бұрыштарының біреуі 30, ал оның қабырғаларының біреуі 10 см, периметрі 56 см-ге тең. Параллелограмм ауданын табыңдар.
Есепті шешу барысында сұрақтар қойып отырыңыз:
− Есепте нені табу сұралады?
− Ауданды табу үшін нені білу керек?
− Табан ретінде қай қабырғаны таңдап алу қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |