“Ғылым” баспасы Нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата22.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#103026
түріБиография
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
Ш.Айтматов-Балалық-шақ

ҚАЛТЫРАҒАН КӨЖЕГІМ
Бұл оқиға баяғы өзім айтып берген, жападан-жалғыз 
кетіп бара жатып жолда бір қорқынышты, аш-арық 
адамға жолыққан жерде болған еді. Әлгі, сіздерге белгілі 
жағдайдан кейін арада бірнеше күн өткен. Басымнан 
кешкен жәйтті айылдағыларға да айтып үлгергем. 
Банктегі кісілер, туған-туысқандар және Қарағыз апам 
менің жол бойында ұшырасқан қорқынышты бәледен 
қайтіп құтылғанымды жақсы біледі. Сондықтан да, бұдан 
былай қолыңа қару алып жүр деп өздерінше ақыл айтқан 
болды. Бірақ мен немен қаруланбақпын? Пышақпен бе?
Темірден түйін түйіп, ұсташылықпен айналысатын 
бір туысымыз маған шынында да бір пышақ жасап берді. 
Мен қарап тұрдым. Ол ұстаханада жатқан бір жөндем 
темірді алып, қып-қызыл шоққа салып қыздыра бастады. 
Қанжар жасатып алсам, бұл дүниедегі барлық қорқыныш 
атаулының бәрін жеңіп шығатындай, өзім де оған 
шамамның келгенінше жәрдемдесіп жатырмын. Шоқтан 
алған темірді соғып-соғып, қайтадан шоққа салады. 
Содан соң отты көрікпен үрлеп, қыздыра түседі. Темір 
төске қойып, балғамен ар жақ, бер жағынан ұрғылап, 
бір кезде қанжардың сұлбасын жасады-ау әйтеуір. Бірақ 
оның өзінен гөрі сабы ауыр болып шықты. Тіпті, алып 
жүруге ыңғайсыз, белдігіме тақсам, сабы шодырайып 
тұрады, сосын оны төмен қаратып та тағып көрдім. 
Бүйтсем, ұшы шынтағыма, қолыма тиіп, дұшпандардан 
қорғаудың орнына, өзімді піскілеп, зықымды шығарады 
екен. Қарағыз апам да мұның осындай ыңғайсыз дүние 
екенін байқады білем, беліме тағып жүруге рұқсат етпей 
қойды. Әйтсе де оны үнемі өзіммен бірге алып жүргім 
келеді. Күндіз-түні жанымнан тастамай, жұртқа сес 


85
Балалық шақ
қылып, ел аралап салық жинаған кезде көрініп тұратындай 
бір көрнекті жерге жарқыратып іліп алсам ба деймін. 
Оны көргендер: «Е-е, бұл бала біздің маңдай терімізді 
төгіп жүріп тапқан ақшамызды көзінің қарашығындай 
сақтайды екен ғой,» деп ойлайтын шығар деп қиялдап 
қоямын. Сондықтан да, қанжарды ақша салатын қабыма 
салып аламын. 
Қазір ойлап отырсам, тұтқиылдан тап берген дұшпанға 
сол қанжарымды қалай алып, қайтіп тойтарыс беретінімді 
тіпті ойламаппын-ау деп күлкім келеді. Ол үшін, расында 
да, әуелі қапшықтарды қанжығамнан шешіп, аузын ашып, 
содан кейін ғана қанжарымды шығарады екенмін. Сонда 
да болса, мен оны үнемі қөңіліме медеу тұтып, өзіммен 
бірге алып жүрдім. 
Баяғы бейтаныс адаммен екеуміздің арамыздағы 
оқиғадан кейін елден жиналған салықты бұдан былай 
поштаға тапсыру керек екен деген шешімге келген 
болуы керек, әйтеуір, ендігі жерде Грозныйға дейін 
ғана қатынайтын болып қалдым. Ал Грозный бізге 
Кировкадай алыс емес. Және бұл жердегі тұрғындардың 
көбісі орыстар. Поштада да өңшең орыс әйелдер жұмыс 
істейді.
Жаздыгүні әдеттегідей қапшықтарымды ақшаға 
толтырып алып, поштаға қарай тартып кеттім.
Сол баяғысынша өзіме таныс бағытпен темір жолды 
бойлап, Маймақты бетке алып келемін. Салқын, таза ауада 
кеудемді кере тыныстап, атты еркін қоя беріп, тізгінді бос 
тастағанмын. Ат болса митың-митың жүрісінен жазбай, 
ақырын ғана ілбиді.
Кенет бір жылаған нәрестенің үні құлағыма жеткендей 
болды. Жаңа туылған баланың іңгалаған даусы сияқты. 
Селк ете қалдым. Аң-таң боп, аузымды ашып, жан-


86
Шыңғыс Айтматов
жағыма қараймын. Ұшы-қиыры жоқ иен далада тірі пенде 
жоқ, ал мынау баланың даусы қайдан шығып жатыр?..
Елеңдеп, құлағымды тосып, тың тыңдап қарасам, әлгі 
дауыс қалың шөптің арасынан шығатын сияқты. Тіпті, 
солай қарай созылып жатқан жалғыз аяқ жол көрінеді. 
Дереу аттан секіріп түсіп, шөпке қарай жүгірдім. 
Қолымда қамшым бар. Соның сабымен қалың шөпті 
ысырып, өзіме жол ашып келем. Әлгі дауыс естілген 
жерге жеткенде, өңім түгілі, түсімде көрмеген бір 
үрейлі оқиғаның үстінен түстім. Көз алдымда бір дәу 
жылан кіп-кішкентай қоянның көжегін жұтайын деп 
жатыр. Жыландар әдетте өз жемтігінің демін шығармай 
буындырып өлтіріп, сонсоң барып жұтады емес пе. 
Көжек байқұс жандалбасалап, бар даусымен шиқылдап, 
тырбаңдап, дұшпанының аузынан босануға тырысады. 
Қолымдағы қамшымен жыланды тартып-тартып 
жібердім. Ол қаймығып, қоянды қысып жатқан денесін 
босатып, қалың шөптің арасына ирелеңдеп кіріп кетті. 
Қоян болса, қалтырап-дірілдеп есі шығып, не ары, не 
бері жылжи алмай, мең-зең болып отыр. Байғұсқа қатты 
жаным ашып кетті. Қолыма абайлып алып, бауырыма 
қысып, жұп-жұмсақ мамық жүнінен сипадым.
Жол бойы өстіп, қолыма алып отырып, бұл оқиғаны 
енді үйдегілерге қалай айтып берерімді ойлап, қиялданып 
келемін. Шынында да, бұл өзі кісі таңғаларлықтай оқиға 
емес пе. Жылан көжекті жұтып қоя жаздады ғой. Ал мен 
оны өлімнен құтқарып қалдым. 
Әлгінде қоянның жас баладай шырқырап жылағаны 
есіме түсіп, қатты таң қалып отырып Грозныйға қалай 
жеткенімді аңдамай да қалдым.
Поштаға кірген соң, ондағылар маған әдеттегісінше 
арт жақтағы бөлмеге өте бер деді. Салықтан жиналған 


87
Балалық шақ
ақшаларды бұл жерде тағы да бір санаймыз. Сөйтіп, 
пошташы әйел екеуміз отыра қалып, ақша санауға 
кірістік. Ол кісі мен санап өткізіп жатқан ақша бумаларын 
асықпай қабылдап алып отырған. Бір кезде жан даусы 
шыға шыңғырып кеп жібергені... Дір-дір етіп, қолындағы 
ақшаларды аспанға бір-ақ атты. Мен де шошып кеттім. 
Артқа қарай серпіліп кетіп, алдыма қарадым да, әлгі 
әйелдің неге бақырғанын түсіне қойдым: себебі, менің 
жаңағы көжегім жерде ербиіп тұр екен. Қойнымнан қалай 
түсіп қалғанын байқамаппын. Содан соң ол жорғалап 
барып қарсы алдымда отырған әйелдің аяғына жабыса 
кетсе керек. Міне енді, соның кесірінен ақшалардың 
бәрі бұрқырап жерде шашылып жатыр. Мен қоянды 
лып еткізіп қойныма тыға салдым да, ақшаларды жинап, 
қайтадан санай бастадым. Пошташы әйел қалтырап-
дірілдеп, мені аямай сыбап, ұрсып жатыр:
– Бұ не деген сұмдық! Бала болмай, бордай тозғыр! 
Осындай су мұрынға сеніп, қалай ақша тасытып 
жүр десеңші?! Мұнысы болса, бұл жақта бірдеңені 
тындырғансып, қоян қуалап жүреді!
Сөйтіп, көжекті Қарағыз апамдыкіне алып келдім. 
Ол бізге қатты бауыр басып кетті. Бірақ, одан бір күні 
айрылдық та қалдық.
Жұмыстан келсем, шешем маған кінәлі пішінде қарап:
– Қояның үйден қашып кетіп еді, көршінің иттері 
талап жеп қойған сияқты, – дейді аянышты түрде.
– Не боп қалды? – дедім мен.
– Ой, жаңа бір пәсте қоңсының иттері аяқ астынан 
арсылдап, бір нәрсені қуалай жөнелгендей болып еді. 
Не екен деп қарасам, сенің қояның сияқты... Тамның 
артына қарай қашып кетті. Мен жете алмай қалдым. 
Әлгі иттерден құтылып кетті ме, әлде олар жеп қойды 


88
Шыңғыс Айтматов
ма, білмеймін, – деді шешем болған оқиғаға өзін айыпты 
санағандай қамығып.
Дереу сыртқа атып шықтым. Ішім удай ашып, тамның 
о жақ, бұ жағын, айнала-төңіректегі сай-жыраларды 
қарап, таба алмай қайттым. Бейшара қоянды ойлап, қатты 
қайғырдым. Ренжідім...
Кейін де жиі-жиі есіме түсіп жүрді. Кішкентай кезінде 
Эльдар балама мен өзімнің басымнан өткен қызықты 
оқиғаларды әңгімелеп беретінмін. Ол болса, осы бір 
қоянның хикаясын маған қайта-қайта айтқызып, тыңдай 
беруден жалықпайтын. Әсіресе, поштадағы әйелдің 
қояннан қорқып бақырғаны, қолындағы қағаз ақшаларды 
аспанға шашып жібергені өте қызық көрінуші еді. Ішек-
сілесі қатқанша күліп, рақаттанып тыңдайтын...


89
Балалық шақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет