Аға, қазір елден алыста, Еуропада тұрасыз. Ата
мекенді, айылыңызды сағынасыз ба?
Шыңғыс Айтматов. Әлбетте, әлбетте... Сағынамын.
Құдай қаласа, ертең тағы да жол жүреміз ғой. Со баяғы
Әулие ата арқылы өтеміз. Жол-жөнекей қараймын, бәлкім,
біздің ауылдың төбесі де көрініп қалар. Ең өкініштісі сол,
арнайы ат басын бұрып, ауылға соға кетуге уақыт тар
болып тұр ғой... Ал енді, осы да жетіп қалар, а?!
– Әрине, аға. Сізге шоң рақмет! Жаңа шығарма-
ларыңызды күтеміз!
– Саған да рақмет. Осы жолы «Известия» газетіне
әкеле жатқан бір ой-толғаныстарым бар еді. Алла жазса,
оны да оқып қаларсыңдар, бәлкім.
Шыңғыс ағамен біраз әңгімелесіп, бойым үйреніп
қалғандыкі болар, сірә:
– Аға, сіздің «Жәмила» повесіңіздің қырғызшасынан
бұрын қазақшасы жарық көріп еді ғой. Бәлкім, осы
бір ой-толғаныстарыңызды да басқа тілдерден бұрын
қазақ тілінде жариялауға келісерсіз? – деп қалай айтып
қалғанымды өзім де білмеймін.
Шыңғыс аға маған таңдана қарап:
– Қалай? – деді.
– «Известияда» жарық көргенге дейін, біз қазақ тіліне
аударып та, жариялап та үлгереміз.
16
Шыңғыс Айтматов
Шыңғыс аға езу тартып:
– Жақсы онда, – деді. – Мен ол материалды әуелі іздеп,
тауып қояйын. Таңертең сағат тоғызда хабарласыңдар,
жарай ма.
– Жарайды, аға!
Үйге қуанып қайттым. Мынау дүниенің жылы шуағы
мен алтын сәулесінен жаралған осындай дарқан мінезді,
үлкен жүректі адамдар болады-ау деймін, кеудемді
шаттық кернеп. Нағыз ұлы жазушы! Қандай кішіпейіл,
қандай қарапайым, қандай асыл жан!.. Бәлкім, осы ұлылық
дегеніміздің өзі де – қарапайымдылық, адамгершілік,
кішіпейілділік деген ұғымдардың жиынтығы шығар!..
Таңертеңгілік резиденцияға тоғыздан сәл ертелеу
келдім. Шыңғыс аға оянғанша төменде, холлда біраз
күтіп отыра тұрармын дегем. Жоқ. Ол кісі бізден де
ерте оянған секілді. Үстінде аппақ көйлек, таң нұрына
шомылып, есік алдында өзімен-өзі ойға батып тұр екен.
Мені көріп:
– Әлгі қағаздарды іздеп, таба алмай жатырмын. Қай
чемоданға салғаным есімде жоқ. Қазір тағы да қараймын,
– деді де, ішке кіріп кетті.
Мен біраз күттім. Шынымды айтсам, мұны «күту»
деп айтудың өзі де артықтау секілді. Асылында, Шыңғыс
Айтматовтай ұлы суреткердің дидарын тағы да бір көріп,
даусын тағы да бір естігім келіп, қимай-қимай тұрдым ...
Бір кезде әлгі қағаздар да табылды-ау, әйтеуір. Шыңғыс
ағаның «Эйфель мұнарасының маңындағы ойлар»
деп аталатын тың дүниесі екен. Біз оны Шымкентте
тұратын талантты жазушы, қаламы жүйрік журналист
ағамыз Мархабат Байғұтқа аудартып алып, көп ұзамай-
ақ облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетіне жариялап
жібердік.
17
Балалық шақ
* * *
Сексен жас – аз ғұмыр емес. Әйтсе де, Айтматовтың
қазасы біз үшін мүлде күтпеген, тосын жәйт секілді
болды. Алатаудың бөктеріндегі ауылы аралас, қойы
қоралас жатқан қазақ-қырғыздың ғана емес, бүкіл
адамзат баласының рухани бір кәусар бұлағы тартылды.
Сондықтан да, бұл өлім мынау монданақтай әлемдегі көзі
ашық, көкірегі ояу азаматтардың бәрінің де қабырғасын
қатты қайыстырып кетті...
Иә, айтқандай, кәусар бұлақ деген теңеуді де алғаш
Айтматовқа арнап айтқан өзіміздің асыл ағамыз, тау
тұлғалы Тахаң – Тахауи Ахтанов емес пе еді. Апыр-ау,оны
қалай ұмытпақпыз. Сондықтан да, Тахаңның «Кәусар
бұлақ» деп аталатын әдеби толғанысындағы:
«Жуырда жазушы Ә.Нұрпейісов екеуміз Москваға
ұштық. Қалада қырық градус ыстық. Самолет іші одан
да бетер қапырық. Ындынымыз кеуіп қаталап барамыз.
Ұятты қойып, стюардессаны зыр жүгіртіп қайта-қайта су
сұраймыз. Бірақ жылып кеткен минералды су, шөлімізді
үдетіп, ішімізді кептіре береді. Екеуміз бір-бірімізге
қарап: «Шіркін-ай, Алатаудың кәусар бұлағынан бір
кесесін сіміріп жіберер ме еді,» деп арман етеміз.
Шыңғыс Айтматов туралы сөз айтуды ойлағанда
менің ойыма дәл осы оқиға келді. Шынында да қазіргі
топан өлең мен топан прозаның мол заманында Шыңғыс
шығармасын оқысаң – шөл қандырмайтын жылымшы
суды іше-іше ішің кепкен кезде қайнар бұлақтың мөлдір
суына бас қойғандай мейірің қанады,» деген жолдарды
бүгін бір қайталап өткеніміз ләзім.
18
Шыңғыс Айтматов
* * *
Биылғы Наурызда қырғыз достарымыз: «Жаңа жылды
бірге қарсы алайық, туғанлар,» деп, Бішкекке шақырды.
Көктем айының жылы шуағына шомылып, жадырап
тұрған орталық алаңдағы Айтматов ескерткішіне барып,
гүл шоқтарын қойдық.
Қола мүсін – жазушының жастау кезін бейнелеп тұр.
Пиджагін иығына асып, ойланып келе жатқан жазушының
кеудесінде мынау қырғыздың таулары мен даласының
әуенін, туған ұлтымның, бауырларымның үнін бүкіл
әлемге естіртсем-ау деген ұлы арман бар сияқты.
«Шіркін-ай, осындай дана суреткерлер де өтеді-ау
мына өмірден,» деген өкініш көңіліңді буып, көзіңе жас
іркіледі.
Бішкек шаһары бұл күнде өзінің бірқалыпты тіршілік
ырғағына көшкен секілді. 2005 және 2008 жылғы
төңкерістердің осы алаңда болып өткендігін қазір біреу
есіңе салмаса, өздігіңнен байқап, біле қоймайсың.
– Сіздер Наурыз мерекесін 22-сі күні атап өтеді
екенсіздер, ал біз Ұлыстың ұлы күнін 21-інде тойлаймыз.
Неге бұлай? – дейді біздің бір қырғыз досымыз таң қалып.
Расында да, Орта Азия халықтары үшін бұл – бір күнде
тойланатын ортақ мереке болуы керек сияқты.
Бірақ, біз қырғыз досымызға әзілдеп:
– Біздің үкіметіміз: «Әуелі қырғыз туғандардың
көжесін ішіп келіңдер, содан кейін өзіміздің көжеге
тоясыңдар ғой» деп, осындай шешім шығарып қойған, –
дейміз.
– А-а, солай ма еді! – деп ол сылқылдап күледі де,
даяшы жігіттерге қарап: – Оу, ендеше, біздің қазақ
туғанларға мақсым көжеден тағы да толтырып-толтырып
құйып әкеліңлер! – дейді.
19
Балалық шақ
Бішкек шаһарының тау жақ тұсындағы «Сыпыра»
деп аталатын этнографиялық ауылда қонақ болып
отырғанымызда мен қырғыз бауырларымыздан Шыңғыс
ағаның балалық шағы туралы Германияда басылып
шыққан кітаптың жай-жапсары туралы сұрап көргенмін.
– Ооба, ол кітап бізде бар! Өткен жылы еларалық
Айтматов қорының бастамасымен «Тұрар» баспасынан
басылып шықты, – деді белгілі драматург, Ш.Айтматов
атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат
Иманалиев. –Шыны керек, біз де ол кітапты жақында
ғана оқыдық. Қырғыз тіліне қотормашыларымыз түрік
тілінен қотарышты. Чыңғыс байке чоң әлем ғой. Ол кейде
өз еліне де басқа тілден қотарылып келіп жатад.
Кешкілік біз де достарымызды өз елімізге қонаққа
шақырып, Алматыға қайтуға жиналдық. Сол кезде маған
халықаралық «ДА» платформасының Қырғызстандағы
өкілі Жакшылык Борочоров әлгі кітаптың қырғыз
тіліндегі «Балалык» деп аталатын нұсқасын сыйға тартты.
* * *
Бұл бір қызық кітап. Қырғыз тілінде болса да, кез-
келген қазаққа түсінікті сияқты. Әрі түп-негізі ауызша
әңгімеге құрылғандықтан ба, ұғымға жеңіл әрі өте
тартымды. Өз басым, Шыңғыс Айтматовтың балалық
шағы туралы оқи отырып, оның шығармаларының
көпшілігі сол өзінің бала күнінде көрген оқиғаларынан
бастау алып жататындығына анық көз жеткіздім. Және ол
жөнінде жазушының өзі де ағынан жарылып, ақтарыла
айтып отырады екен. Сондықтан да болар, бұл кітап
Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығын
зерттеумен айналысатын ғалымдарымыз үшін баға
20
Шыңғыс Айтматов
жетпес құнды қазына болып табылары хақ. Оны тіпті,
шығарманың мазмұнынан да оп-оңай аңғаруға болады.
Зер салып қараңыздаршы, мұндағы әрбір бөлімге
қойылған – «Чоң енем» (Әжем), «Алгачкы эмгек
акым», «Атамдан қалған элестер» (Әкем туралы есімде
қалған оқиғалар), «Карышкырлар менен кездешүүм»
(Қасқырларды көргенім), Адам өлтүрүүнү көздеп»
(Адам өлтіремін деп), «Кара кагаздар», «Бөжөңдөгөн
бөжөгүм» (Қалтыраған көжегім), «Сейтаалы: Алгачкы
мугалимчилигим», «Чаргын молдо», «Студент жана
эшек», «Түлкү», «Чыныгы Исмайыл» (Шын Ысмайыл),
«Джерс букасы жана Долондагы махабат», «Жамийла
менен Данияр» деген тақырыптардың өзі-ақ Айтматов
шығармашылығын жақсы білетін оқырманға алақайлап
қуанып, көп нәрсені айтып тұр емес пе.
Қызық үшін, жазушының «Бетпе-бет» повесіне
аты да өзгермей, сол қалпында кейіпкер болып енген
Ысмайыл туралы айтылатын бетті оқып көрелікші:
«Согуш жылдарында айылда катчы, салык чогулткуч
(жинаушы) болуп иштеп жүрүп, кийн анын ысмын
өзүнүн чыгармасына башкы каарман кылган, андан соң
атактуу жазучуу болгон мен тууралуу Ысмайылдын
прототибине да айтып беришет. Ал болсо өз
курбалдаштарына: «Жазуучуга ыраазымын. Мурда
(бұрын) Шекердегилерден башка эч ким мени таанычу
эмес. Жердеш үкөмүн (інімнің) жазуучулугу менен мен
тууралуу жазылган чыгарма ар кыл тилдерге которулуп,
дүйнөгө таанылдым», - деп ыразы болуптур.
А тугул кийин мага бир кат да жолдоптур. Катында:
«Качкын болуп жүргөн мен тууралуу чыгарма жазыпсың.
Эки уулум азыр Советтик Армиянын катарында кызмат
өтөөдө. Бирөө – Аскер-деңиз флотунда, экинчиси да ошол
21
Балалық шақ
жакта болсо керек. Эки уулум – аскер. Түшүндүңбү? Эми
баары өз жолунда», деп, эки уулунун сүрөтүн конвертке
салып жибериптир.»
Бұл жолдар әрине, біздің оқырманға еш аудармасыз-ақ
түсінікті. Міне, осы сияқты қызықты да, күлкілі, ойлы да,
мұңлы естеліктерден жазушының бүкіл әлем тілдерінде
сөйлеген әйгілі «Жәмилә», «Шынарым менің, шырайлым
менің», «Алғашқы ұстаз», «Құс жолы», «Қош, Гүлсары»
повестеріне балалық шақта көрген, білген, естіген
оқиғалары арқау болғандығына қаныға түсесіз.
«Биз баарыбыз балалыктан таралып, балалыкты
басып өткөнбүз». Бул учкул айтылган кыска сөздө өтө
терең маани жатат,» депті Шыңғыс Айтматов өзінің осы
кітапқа арнап жазған «Қырғызстандағы балалық шағым
туралы Локумдағы естеліктер» атты алғы сөзінде.
Ендеше, бұл дүниедегі жақсылы-жаманды бастан
кешкендеріміздің барлығы да сонау балалық шағымыздан
басталған жолдың үстінде әлі де қыбырлап келе
жатқанымызды білдіреді екен-дағы.
Достарыңызбен бөлісу: |