13
Балалық шақ
естеліктерінен құралған. Бұл өзі бір қызық оқиға. Қазір
неміс тілінде ғана басылып шықты. Әлі қырғызшасы да,
орысшасы да жоқ.
–
Сонда қалай болғаны?
Шыңғыс Айтматов. Ол менің Локум академиясына
барған сапарымда айтқан әңгімелерім ғой. Белгілі неміс
жазушысы, аудармашы Фридрих Хитцер оны сол кезде
диктофонға түсіріп алған еді. Содан соң, өз алдына жеке
кітап етіп бастырып шығарды. Оны енді, естелік десе де,
мемуар десе де болады.
Ал өзімнің соңғы жылдары жазып жүрген бір
шығармам бар... Оны бастағаныма да табаны күректей
екі жыл болып қалды. Қайта-қайта тоқтаймын. Қайта-
қайта бастаймын. Жазылып жатқан кезде әр түрлі жаңа
ойлар келеді басыма. Міне, сондай бір күрделі жұмыс
боп тұр әзірге... Десек те, тағы да бір тілекке жетсем,
ақырғы нүктесін қойсам деймін.
Иә, тағы да бір айтайын дегенім, менің
шығармашылығымда бұрыннан да қазақ жұрты, қазақ
инсандары мол ұшырасатынын, жаныма сондай жақын
екендігін өздеріңіз жақсы білесіздер. Қазіргі жазып
жатқан шығармамның оқиғасы да осы қазақ жерінен,
Жуалы өңірінен басталады. Осы жақтан өрбиді.
Мен туып-өскен Күркіреу, Талас өлкесі Жуалымен
шекаралас жатыр ғой. Екі араны бір өзен ғана бөліп тұр.
Бәлкім, осы шығармамды жыл аяғына дейін бітіріп те
қалармын.
–
Шыңғыс аға, «Қардағы Құдай-ана» («Богоматерь
в снегах») атты шығармаңыз жайлы сұрасам ба деп
Достарыңызбен бөлісу: