“Ғылым” баспасы Нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата22.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#103026
түріБиография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Нұрғали Ораз


22
Шыңғыс Айтматов
СӨЗ БАСЫ
Бұл кітаптың дүниеге келуіне Фридрих Хитцердің 
қосқан үлесі өте зор. Ол кісі Шыңғыс Төреқұлұлы 
Айтматовтың шығармаларын неміс тіліне аударған 
талантты қаламгер. Атап айтқанда, «Жанпида», «Кассандра 
таңбасы» және «Таулар құлағанда» атты романдарын 
неміс тіліне тәржімалаған әрі жиырма жылдай Шыңғыс 
Айтматовтың мәдени-шығармашылық кеңесшісі болған 
жан. Ол кезде Шықаң батыста еді. КСРО-ның, одан кейін 
Қырғызстанның Белгиядағы арнайы және өкілетті елшісі, 
ЕО, НАТО, ЮНЕСКО-дағы өкілі болып қызмет істеді.
Ш.Айтматов пен Ф.Хитцердің неміс тілді оқырмандар 
арасындағы кездесулері, Халықаралық конферецияларға, 
семинарларға бірге қатысқан күндері олардың өзара 
достық байланысын бұрынғыдан да нығайта түсті.
Шыңғыс Айтматов өз уақытын негізінен жаңа 
шығармаларын жазуға арнады. Сондықтан да, өзінің 
басынан кешкендерін – өмірбаянын жазып қалдыруға 
мұршасы болмай, үнемі кейінге қалдырып келген.
Локумдағы Евангелий академиясына барған бір 
сапарында Фридрих Хитцер одан балалық шағы туралы 
айтып беруін сұрап, сол кездегі әңгімелерді диктофонға 
жазып алған. Кейінірек ол менен осы сапардың нәтижесі 
іспетті кассеталарды тыңдап, сараптап, қағазға түсіріп 
беруімді өтінді. Сөйтіп, екі аудиокассетадағы дүниелерді 
жазып алып, факс арқылы Мюньхенге жөнелтіп отырдым. 
Сол мәтіндерді олар тез арада неміс тіліне аударып, көп 
өтпей-ақ Цюрихтегі «Юнионсферлаг» баспасынан кітап 
етіп шығарды.
Мәрия АЙТМАТОВА,
Халықаралық Ш.Айтматов қорының
вице-президенті.


23
Балалық шақ
ҚЫРҒЫЗСТАНДА ӨТКЕН БАЛАЛЫҚ 
ШАҒЫМ ТУРАЛЫ АЙТЫЛҒАН ЛОКУМДАҒЫ 
ЕСТЕЛІКТЕР
Не үшін Локумдағы естеліктер деймін?
Себебі, бұл оқиғалар Германияда, иә болмаса, Еуропада 
емес, мына дүниенің бір бөлек тарабында, мен туып-
өскен орта Азияда, оның ішінде Қырғызстандағы Талас 
өңірінде болған. Олар менің балалық, жастық шағыма, 
жерлестерім мен туған-туысқандарыма байланысты 
өрбиді.
Одан беріде жарты ғасырдан аса уақыт өтті, бірақ, 
арада қанша мезгіл өтсе де, оларды еске алып, жазып 
қалдыру керек-ті. Біз екеуміз (неміс жазушысы Фридрих 
Хитцер екеуі – ауд.) Локумдағы Евангелий академиясында 
сұхбаттасып отырмыз. Қазіргі уақытымыз бен 
тағдырымыз осындай бір қызық кезеңге тап болып тұр 
емес пе...
Бірақ біз Локум Академиясында болғанымызбен, бұл 
оқиғалар өте алыста, қырғыз жерінде өткен, әйтсе де, 
біз мұнда отырып, өткен күндерге ой жүгіртіп, естелік 
жазбақпыз. Менің ойымша, бұның өзі де тосыннан 
бола салған жәйт емес, өйткені, осы жер біздің жұмыс 
істеуімізге ыңғайлы, оның үстіне, Фридрих екеуміздің 
замандастарымыздың көңілін баурайтындай бір қызық 
дүниеге себепкер болатын сыңайлы.
Рас, мұнда біз ешнәрсеге алаң болмай, күнделікті 
күйбің тіршіліктен іргемізді аулақ салып, өзімізді 
Академияның бір бөлшегіндей сезінеміз.
«Біздің бәріміз де бала болып туып, балалық шақтың 
жолымен жүріп өткенбіз». Бұл айтылған қысқа да нұсқа 
сөзде өте терең мән жатыр.
1997 жыл. Локум


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет