Ғылым философиясы



бет1/15
Дата04.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#47389
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
?ылым философиясы





1

Ғылым философиясы. Негізгі мәселелері.


Ғылым философиясы – философияның ғылымды адам іс-әрекетінің ерекше аясы әрі ұдайы дамудағы таным жүйесі ретінде қарастыратын бір саласы. Ғылыми философия 20 ғ-да ғана дербес пән ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин О.Конт, Э.Литтре, Г.Спенсер, т.б. ғалымдар еңбектерінде қолданылды. Олар ғылым тілін филос. тұрғыдан зерттеу әрекеттері тек формальды (матем.) логиканың шеңберінде жүзеге асуға тиіс, ал ғыл.-теор. ұғымдарды эмпирикалық таным, тәжірибе сынағы арқылы негіздеуге болады деп тұжырымдады. Бұл тұжырым бойынша, ғылым – адамның ең жоғары ісі, ал ғылым философиясының бір ғана міндеті – тұтастай ғылымды, оның пәндік салаларын логикалық-методол. тұрғыдан қамтамасыз ету.
Негізінен ХХ ғасырдағы басты
ғылым философиясының мәселелері бірінші рет Вена үйірмесінің
теориялық қызметінде қарастырылды және талқыланды. Оның
қатысушылары ғылым философиясының екі басты мәселесін қойды:
-ғылымдық білімнің құрылуы, ғылымның құрылымы,
эмпирикалық және теориялық деңгейдегі ғылыми ойлар жайлы;
-ғылым спецификасы, ғылыми ойлар және олардың ғылыми
критерийлері: ғылым тілінің ұғымдары және тұжырамдамаларының
ғылымилылығын нағыз анықтау мүмкіндіктері мен әдістері жайлы.

2

Ғылым философиясының табиғаты.Негізгі түсініктемелер.

Ғылым философиясының табиғатының типология:
1) онтологиялық (А. Уайтхед) - талдау мен ғылыми білімдерді жалпылауы дүниенің жалпы ғылыми бейнесі мен универсумның тұтас бейнесін шығару үшін ықпал етеді; методологиялық (К. Поппер) - ғылыми зерттеулердің көп түрлі процедураларын қарастыру: дəлел, идеалдандыру, фальсификация, білімнің мазмұндық негіздерін талдау;
2) неокантшылдық ғылым философиясы (тарихи тұрғыда);
3) неореализмнің ғылым философиясы;
4) сциентистік ғылым философиясының нұсқауы - ХХ ғ. мəдениетінде ғылымның статусын өзгеше анықтайды; ғылым мен метафизиканың демаркациясын өткізу; сапалы тұрғыдан əр түрлі теориялық құрылыстарды ортақ эмпириялық негізге келтіру;
5) антисциентистік бағыт, ғылымды оған сай емес ұстанымдар мен мəліметтерден тазарту (К. Хюбнер, Т. Роззак, П. Фейерабенд аттарымен тығыз байланысты); олардың пікірінше ғылыми жəне ғылыми емес білімдер тең, басқа қоғамдық сананы баспау керек, жаттық ойлау мен догматиканың мəліметі;
6) кейбір зерттеушілер ғылым философиясын ғылым əдістері мен оның нəтижелерімен енгізіледі деп (Р. Карнап, М. Бунге); оны табиғаттану мен гуманитарлық білімдер аралығында жатыр дейді (Ф. Франк); ғылыми білімнің методологиялық талдауын оның мақсаты деп санайды (И. Лакатос); философия ғылыми идеологиялық спекуляцияға беріліп зиян əкеледі деген (П. Фейерабенд);
7) Дж. Лоузи ғылым философиясының типологиясын былай жеткізген: ғылым философиясы ғылымға сүйенетін, негізделетін дүниетаным болып табылады; ол ғылыми ойлау мен əрекетпен тығыз байланысты, түсінік экспликациясы жəне ғылым теориясын болжау; ғылым философиясы - əдіснамалық ғылым.
ғылыми түсініктемелер - ол нақты дара фактілерді жалпы заңдарға келтіру.
Ғылымға тəн негізгі түсініктемелердің, категориялардын бəрі де абстракциялық ойлау əдісінің нəтижесінде қалыптасқанын айта кеткен жөн. Абстракциялауды заттың, объектінің ішкі табиғатына үңілу жолындағы аралық бір сəт, кезең деп қарау керек. Осындай жекелеген абстракциялаудан əрі қарай ой жүйесі енді нақты затқа бағыт алып қозғалуға тиіс, сонда ғана таным процесі нəтижелі болмақ. Ғылымда бұл əдіс абстрактіліктен нақтылыққа қарай өрлеу деп аталады. Зерттеліп отырған объектіні жан-жақты даму үстінде қарастыру үшін тарихи жəне логикалық əдістер қолданылады

3

Ғылым ұғымы. Ғылым мен ғылыми танымның тарихи сипаты.


3-сұрақ.Ғылым — ақиқатты білу әдісі
"Ғылым"деп — адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім көдімгі карапайым білімді теріске шығармайды, олардьщ екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады.
Ғылым дегеніміз — адамның табиғат, коғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани кызметінің ерекше формасы. Ғылымның негізгі мақсаты акиқатқа жету және табиғат, коғам, ойлау заңдыльщтары, танымның езі туралы нағыздықтың объективтік заңдылықтарын ашу. Ғылым ежелгі заманда (Қытайда, Үндістанда, Грекияда) пайда болды. Ұзақ уакыт бойы ғылыми білімдер баяу дамыды. Тек XVI—XVII ғасырлардан бастап Батыс Еуропада ғылым куатты күшке айналып, индустриялы қоғамның құрылуы мен дамуына септіғін тигізді. Содан бері ғылым практикамен тығыз байланыста, өзінід өмір сүруі мен дамуы үшін одан әсер алады. Сол кезеңнен осы ұрпаққа дейінгі аралықта ғылым адамдардың практикалык қызметіне қатты әсер ететін, оның барысы мен деңгейін айқындайтын қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналды.
Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі — өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілнді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді.
Басқашаайтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ңшкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.

4

Философия мен ғылымның арақатынасы мәселесі.


4-сұрақ. Қазіргі уақытта танымның әртүрлі салалары бір-бірінен едәуір алыстап кетті, ал ғылым жоғары сараланған білім саласына айналды және философия мен ғылым бір-біріне ғылым мен өнер, ғылым мен мифология сияқты әртүрлі және ұқсамайтын сияқты.
Өйткені, философия шешімі жоқ қиындықтарды қарастырады. Ол жауап беруден гөрі сұрақтар қояды. Философия, шын мәнінде, әрқашан бірдей сұрақтар қояды: жалпы әлем туралы, адамның өмірі туралы, оның мәні мен мақсаты туралы, ар - ождан мен парыз туралы және т.б. және бұлар мәңгілік сұрақтар деп аталады және негізсіз емес. Өйткені, бұл сұрақтарға нақты және түпкілікті жауаптар жоқ. Әр түрлі дәуірлерде және әртүрлі қоғамдарда оларға әртүрлі жауаптар беріледі.
Кез-келген ғылым, философиядан айырмашылығы, нақты жауаптар беруге болатын нақты мәселелермен айналысады. Мысалы, биология тірі заттарды сипаттайды және жіктейді, олардың таралуын, өмір салтын, мінез-құлқын, әртүрлі организмдер мен олардың қауымдастықтарының қарым-қатынасын, олардың өмірлік белсенділігінің "механизмдерін", жеке және тарихи даму заңдылықтарын зерттейді.
Алайда, бір қарағанда, философия мен нақты ғылымдар (теориялық және қолданбалы) арасында ортақ нәрсе жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, философия болу мен танымның шекті негіздері туралы ілім бола отырып, сонымен бірге бұл негіздерді ғылыми білімнің негізі ретінде қарастырады. Ғалымдардың нақты ғылыми мәселелерді шешуі оның философиялық идеялардың әсерінен қалыптасатын бастапқы дүниетанымдық және әдіснамалық көзқарастарына байланысты.

5

Ғылымдар классификациясы.


Әл Фараби Ғылымдар тізбегі еңбегінде алғаш ғылымдар классификациясын жасайды. Автордың өз сөзінше, бұл кітапта белгілі ғылымдардың әрқайсысы жеке-жеке алынып, мазмұны баяндалып, тараулары көрсетілген. Кітап бес бөлімнен тұрады:
тіл білімі және оның тараулары;
логика және оның тараулары;
математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, матем. астрономия, музыка, статика, айла-әрекет жөнінде ғылым;
физика тараулары, метафизика және оның тараулары;
азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және қалам. Әл-Фараби классификациясының басты ерекшеліктері – жаратылыстану, математика ғылымдарына үлкен мән берілген.
Бұл еңбек 500 жыл бойы Шығыс және Батыс елдерінің жоғары мектептерінде ғылым салалары оқулығы ретінде пайдаланылған, 12 ғ-да латын тіліне екі рет аударылған. Ибн Сина, Бэкон, т.б. ғалымдар классификациялау мәселесінде бұл еңбекке көп еліктеген


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет