Ғылым философиясы



бет7/15
Дата04.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#47389
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
?ылым философиясы

Систематика /жүйеленім – Жер бетінде тіршілік ететін барлық ағзалардың , түр мен түр аралық байланыстарды зерттейтін биология ғылымының бір саласы болып табылады .
Жануарлар систематикасы
Жануарларды жіктеудегі ең кіші бірлік – түр ; жақын түрлер туысқа ; жақын туыстар тұқымдасқа ; ал тұқымдастар отрядқа ; отрядтар класқа ; кластар типке кіріктіріледі .
Өсімдіктерсистематикасы
Өсімдіктер номенклатурасында ең ірісі – бөлім; ең кішісі – түр және негізгі бірліктері – бөлім←класc←қатар←тұқымдас←туыс←түр.


Сигнатура — алгебралық жүйе үшін — қатынастар мен пікірлердің, сондай-ақ негізгі жиын жүйесінде анықталған операциялардың жиынтығы.


Синергетика (грек, сyнергтікос - біріккен әрекет) — пән аралық сипаттағы ғылым саласы; күрделі жүйелердің өзін-өзін ұйымдастыруы туралы ғылым, синергетикалық әдісті саяси ғылымда қолдану саяси өмірде өзін-өзі ұйымдастырудың күрделі тетіктерін зерттеуге көбірек көңіл бөледі; тепе-тең емес ашық жүйелердегі кооперативтік құбылыстарды зерттейді. Синергетика ұғымын 1971 ж. неміс физигі Г. Хакен енгізген. Синергетика саласындағы зерттеулер күрделі динамикалық жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастыру үрдістерін зерттеумен байланысты. Синергетиканың зерттеу объектісі линейлі емес жүйелер. Шынайы жүйелердің басым көпшілігі де - дәл осы линейлі емес жүйелер.
Синергетиканың жаңалығы қазіргі саяси дамудың түрақсыз сипатын білдіруінде. Синергетика негіздері И. Пригожинмен, И. Стенгерспен қаланған. Синергетика тұрғысынан әлемнің сан алуан болуы оның даму шарты, сондықтан саяси құбылыстарды талдауда сан алуан факторларды, саясатқа өмірдің басқа салаларының (экономика, экология, мәдениет, әлеуметтік сала, география, демография) ықпал ететінін есепке алу керек. Синергетика кез келген қарапайымдылықты немесе сан алуандылықтың төмендеуін ғылыми зерттеудегі бүрмалаушылық деп қарастырады. Басқаша айтқанда, синергетикалық әдіс зерттеушіні саяси үрдісті талдауда оның құрамдас бөліктерін талдаудан ғана емес, саясатқа саяси емес факторлар ықпалын да есепке алуын міндеттейді.
Синергетикалық әдіснаманың негізін тиімділіктің жаңа түрі құрайды - линейлік емес ойлау немесе синергетикалық тиімділік. Синергетикалық теория өзін-өзі дамытушы жүйелерді ашық жүйе ретінде қарастырады.[1]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет