Дүниенің ғылыми бейнесі – ол фундементалды ғылыми анықтамалар мен принциптерді жалпылау жəне синтездудің нəтижесінде құрылған реалды дүниенің қасиеттері мен заңдары туралы тұтас жүйе. Негізіне қарай бүкіл дүние туралы дүниенің жалпы ғылыми бейнесімен /табиғат, қоғам мен таным туралы/ дүниенің табиғаттану бейнесі деген екі түрі бар. Соңғысы – таным пəніне қарай – физикалық, химиялық, астрономиялық, биологиялық т.б. бөлінеді. Дүниенің жалпы бейнесі түрінде анықтаушы ретінде ғылымның нақты даму кезеңінде үстемділік алатын ерекше ғылыми білімнің дүние бейнесі болуы мүмкін. Əр дүниенің ғылыми бейнесінің негізінде бір фундаменталды теория жатады, тəжірибе мен танымның дамуна қарай бір бейне келесі бейнеге ауысады.
Ғылымның қалыптасуына негіз болған тағы бір тірек алхимия мен астрология дамуы болды. Алхимия табиғи заттар мен қоспаларды тәжірибе жасау арқылы зерттеп, химиялық қалыптасуының алғышартын жасады. Астрология аспан денелерін зерттеу арқылы астрономияның дамуына ықпал етті. Қайта өрлеу дәуірінде діннің басымдылығы әлсіреді, Ғылым рухани өмірдің дербес факторы болып, дүниетанымның негізгі тірегіне айналды. Сондай-ақ, ғылым табиғат құбылыстарын жан-жақты зерттеп, адамзат танымының көкжиегін кеңейте түсті. 16 - 17 ғасырларда Ғылымда болған терең өзгерістер алғашқы Ғылыми революцияға алып келді. Ғылымның қарқынды дамуы, дүниенің жаңа бейнесін қалыптастырудағы рөлінің артуы, жаңа дәуірде ғылымды жоғары мәдени құндылық ретінде тануға көптеген философиялық мектептер мен бағыттардың ғылымға қарап бой түзуіне ықпал етті. Қоғамдық өмір құбылыстарын тану саласындағы өзгерістер діннің "табиғи бастауын" іздеу, құқық, мораль, т.б. "адам табиғаты" туралы түсініктер бағытындағы ізденістерден көрініс тапты. Ғылымның дамуына қазіргі кезеңдегі философиялық дүниетанымдық базасы диалекті-логикалық тұжырымдама болып табылады. Ғылымның "өсу нүктесі" оның ішкі даму логикасы мен қазіргі заманғы адамзат қоғамының көп қырлы әлеуметтік қажеттілігінің ұштасуына байланысты.
14
Коперник космологиясының басты сипаты
Ғылым тарихында поляктың ұлы ғалымы Николай Коперниктің (1473-1543) ілімі Әлемге көзқарасы бойынша төңкеріс жасаған оқиға болды.
Ойшы, экономист, дәрігер, мемлекет қайраткері өз өмірінің басты
туындысы«аспан денелерінің айналуы туралы» деп аталатын кітапқа
16жылдан астам уақытын арнады. Алайда ол еңбегін жариялауға өлер
шағы жақындағанда ғана бекінді, сол ғана оны жәбіркөруден құтқарып
қалды. Ал қайтыс бола салысымен оған күпір деген ат тағылып, 1616
жылы католиктер шіркеуі оның кітабына тыйым салды.
Коперниктің ашқан жаңалығы Жер мен Адамзаттың дара сипаты туралы қалыптасқан көзқарасты теріске шығарып, Жер мен Күнге ұқсайтын басқа да денелердің бар екенін негіздеуге жол ашты.
Бірақ оның еңбегінің басты идеясы
Ғаламның кіндігі жер емес,күн (гелиоцентризм) деп сендіру болып табылады.Дүниеге деген бұл жаңа көзқарас күн мен түннің ауысуын, планеталардың қозғалысын, Айдың Жерді айналып қозғалатынын және басқаларын түсінуге мүмкіндік туғызды. Сөйтіп, ол астрономия ғылымына кейіннен
«Коперник төңкерісі» деген атқа ие болған түбегейлі өзгеріс енгізді.
Алайда католик шіркеуінің қысымымен ол Птолемейдің кейбір:
Ғаламда өте алыста орналасқан қозғалмайтын денелердің бар екені,
Жер және дәл сондай дөңгелек және бірдей жылдамдықпен қозғалатын
басқа планеталар қозғалысының орбитасы (айналып жүретін жолы)
туралы түсініктерінен бас тартуға мәжбүр болды.
Соған қарамастан, Н.Коперник әлемді діни тұрғыдан ғана танып білуге
күйрете соққы беріп, Жаңа заман ғылымына жол ашты.
15
Әлемдік әлеуметтік-философия тарихындағы географиялық детерминиз
16
Ақиқаттың критерийлары (өлшемдері )
Ақиқаттың критерийлері – оның пәнімен сәйкес келетін білімді адасудан ажыратуға болатын тәсілдер. Ежелгі заманнан бастап философтар зерттелетін объектіні талдау барысында абсолютті ақиқаттығымен ерекше
Мазмұны
Ақиқаттың критерийлері – оның пәнімен сәйкес келетін білімді адасудан ажыратуға болатын тәсілдер. Ежелгі заманнан бастап философтар зерттелетін объектіні талдау барысында абсолютті ақиқаттығымен ерекшеленетін, қайшылық тудырмайтын және жалған қорытындыға әкелмейтін білім теориясын жасауға ұмтылды. Тіпті ежелгі ғалымдар Парменид, Платон, Рене Декарт, одан кейін ортағасырлық теолог Августин де шынайы пайымдаулар мен ұғымдардың туа біткендігі туралы ілімді дамытты. Білім туралы айта отырып, олар зерттелетін пәндердің қасиеттерін, қасиеттерін, мәнін талдауда объективтілік пен дәлдікті анықтау белгілерін іздеді. Демек, ақиқат критерийлері білімнің объективті шындығын тексеруге болатын өлшем болып табылады.