XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революциялар және классикалық ғылымның дамуы
Жаңа ғылымның ірге тасын қалағандардың бірі Галилео Галилей болды. Ол математикалық және тәжірибелік жаратылыстанудың негізін салды. Математикалық заңдарды дұрыс түсіне білу үшін, дәл өлшеулер жасау үшін көптеген техникалық құралдар жасады: линза, телескоп, микроскоп, магнит, ауа, термометр, барометр және басқалар
Аналитикалық және синтетикалық әдістемелер, приборды қолдану гректер жүргізе алмаған өлшеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Галилей дененің жер бетіне еркін түсуі туралы гипотезаны жасады. Аристотельдің кейбір көзқарастарын жақтамады.
Ғылымға берілген аз өмірінде Г.Галилей көп нәрселер жасады. Коперниктің гелиоцентрлік көзқарасын негіздеп дамытты; табиғаттың көп жағдайда математика заңдарына бағыныштылығы дәлелденді. Күштің механикалық фактор екендігін айтты. Қазіргі механика мен тәжірибелік физиканың негізін салды.
Бірақ әлі де жер және аспан денелердің қозғалысының арақатынасы туралы сұрақтар толық шешілмеді.
Классикалық ғылымның негізгі ерекшеліктері
«Классикалық ғылым» деген түсінік ғылым дамуының XVIII ғасырдан бастап ХХ ғасырдың 20-шы жылдарына дейінгі уақытта қалыптасты.
Ғылым дамуының бұл сатысынын өз ерекшеліктері болды:
1. Шындықты айқын көрсететін, білімнің аяқталған жүйесіне ұмтылыс. Бұл классикалық механикалық дүниені өз заңдылықтары арқылы түсіндірумен, бағыт беруімен байланысты болды. Сондықтан механика қоршаған дүниені түсіндірудің негізгі тәсілдерін меңгерді және ғылымдар эталоны болып саналды.
2. Табиғатты ғасырлар бойы өзгермейтін, өзіне ғана қатысы бар заңдарымен ерекшеленетін тұтас бір жүйе ретінде қарастырды. Сол кездегі классикалық ғылымда статизм, элементаризм, антиэволюционизм бағыттар болды.
Элементаризм – күрделі құрылымдардың қарапайым элементтерін бөліп алып, анықтама беру.
Статизм – бұл құрылымдарға тән байланыстар мен қатынастарды жоққа шығару
Антиэволюционизм – реалдық құбылыстарды талқылау метафизикалық тұрғыда болды, яғни өзгеру, даму, тарихылық деген ұғымдардан аулақ болды.
Ғылым дінді интеллектуальдық бедел түрінде алмастырды. Адамзат ақыл-ойы және табиғаттың тәәжірибелік өзгерістері теологиялық доктриналар мен Қасиетті жазуды Ғаламды түсіне білуден ығыстырып шығарды. Сенім мен дүниетаным екіге бөлінді.
Дүние танымдық көзқараста ғылым алдыңғы орында бола отырып, дін мен философияға да өз қатарынан орын берді.
Алдыңғы қатарлы дамыған қоғамда дүниетаным адамзатқа сенімді өмірлік жолды, дүниені түсінудің қандай жолмен таңдауды өз еркіне берді. Дегенмен, ғылым тәжірибелік жетістіктерді барынша көп беру арқылы адамзат болашағын тек ғылым ғана қамтамасыз ететіндігін дәлелдеді. Сондықтан, дін мен метафизикалық философия бірте-бірте өз әсерін жоғалта бастады.
Ғылым, оның ішінде жаратылыстану ғылымдары механистикалық және метафизикалық болып қана отырып, табиғатқа деген метафизикалық көзқарасты бірте-бірте жоғалта бастады. XVII-XVII ғасырларда математикада шексіз кіші шамалар теориясы (И.Ньютон мен Г.Лейбниц), Декарттың аналитикалық геометриясы, М.И.Ломоносовтың атомдық-кинетикалық ілімі, Кант-Лапластың космогониялық гипотезасы алдымен жаратылыстану ғылымдарына сосын қоғамдық ғылымдарға даму идеясын енгізді.
Сонымен, XVIII ғ. аяғында ХІХ басында көптеген ғылым салаларын қамтыған ірі ғылыми революцияларға біртіндеп алғы шарттар жасала бастады. Алдыңғы қатарға энергия мен заттың бір-біріне айналуын зерттейтін физика мен химия шықты (химиялық атомистика). Геологияда жердің даму теориясы (Ч.Лайель), биологияда Ж.Ламарктың эволюциялық теориясы пайда болды, сонымен қатар палентология (Ж.Кювье) және эмбриология (К.М.Бэр сияқты ғылымдар дами бастады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылымдағы үш зор жаңалықпен байланысты революциялардың үлкен маңызы болды. Олар:
1) Шлайденн мен Шванның клеткалық теориясы;
2) Майер мен Джоульдің энергияның сақталу және айналу заңы;
3) Дарвиннің эволюциялық ілімі болды.
Одан кейін табиғат диалектикасын толығымен ашқан үлкен жаңалықтар бірінен кейін бірі ашылып жатты:
- 1861 жылы А.М.Бутлеров – органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы теориясы;
- 1869 жылы Д.И. Менделеевтің периодтық системасы;
- 1869 жылы Л.Х.Ван Гофф пен Дж.Гиббс – химиялық термодинамика заңы;
- 1875 (Дж. К.Максвелл) – жарықтың электромагниттік теориясы. Осы ғылыми жаңалықтар негізінде жаратылстану жоғарғы сатыларға көтерілді, егер ол XVIII ғасырда тек қана фактілер жинаушы ғылым болса, ал ХІХ ғасырда ол заттар мен процестер туралы, олардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылым болды. жаратылыстануда ғылыми диференциациясы белсенді түрде жүрді, яғни ғылымның ірі салалары ұсақ бөлімдерге бөлінді (мысалы, физика – термодинамика, нақты денелер физикасы, электромагнетизм; биологияның жаңа салалары – генетика, цитология, эмбриология бөлініп шықты.
ХІХ ғасырдың аяғында ғылымдар интеграциясын алғашқы белгілері шықты, ол ХХ ғасырға тән процесс болды. Яғни пәнаралық зерттеулер жүргізіле бастады (биохимия, геохимия, биогеохимия тағы басқалар).
Жаратылстануға диалектикалық көзқарастардың енуіне қарамастан, дүниеге көзқарас әлі де механистикалық, метафизикалық негіздерге сүйенеді.
Тіршілік пен тірі организмдердің пайда болуы биология ғылымы жоғары қарқынмен дамыса да түсіндірілмеді. Дүниедегі адамның орны туралы келіспеушілік көзқарастар болды.
Әрбір ашылған ғылыми жаңалықтың өз қарама-қайшылығы болды. Геоцентрлік теория жоққа шығарылғаннан кейін адамзат өзінің космостағы орнына сенімсіздікпен қарады.
Ғылым дамуындағы жасалған әр қадам адамның өз мүмкіндіктерін пайдалану үшін ұмтылдырды, сонымен бірге оның ойларында мазасыздық пен бей-берекеттік тудырды.
Дарвиннің эволюциялық теориясы ғылымдағы жағдайды күрт шиеленістірді. Құдай жаратқан деген ұғым жоққа шығарылғаннан кейін адам табиғатты бағындырушы жағынан айрылды. Христиандық теология бойынша табиғат адамның өз рухани мүмкіндіктерін ашуға арналған үйі деген антропоцентристік көзқарасты ұстаса, оны ғылым жоққа шығарды. Дарвин адамды жаратушыға тәуелділігінен құтқарғанмен, оны жануарларға дейін төмендетті. Бұл пессимистік көзқарас термодинаимканың екінші бастамасының ашылуымен одан әрі тереңдей түсті. Онда бүкіл ғалам тәртіпті жағдайдан бейберекеттікке қарай қозғалады, ең аяғында ол энтропия жағдайына (жылулық өлім) жетеді деген.
Соған қарамастан ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басы ғылымдағы алтын ғасыр болды. Ғылыми жаңалықтар ашылды, көптеген институттар мен академиялар ашылды. Әр түрлі зерттеу жұмыстары ұйымдасқан түрде жүргізілді. Ғылым мен техниканың бірігуімен қолданбалы ғылым салалары өте тез дамыды.
Ғылым мен дүниетанымдағы қалыптасқан жағдай шешімін табуды қажет етті.
Ол ХІХ ғасырдың 90-шы жалдарынан басталып, ХХ ғасырдың ортасына дейін созылған ғылыми революциялар арқылы шешілді.
Достарыңызбен бөлісу: |